Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айлар сипаты

14 маусым 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларға адамзат үшін маңызды болып саналатын 12 айдың шығу тарихы, түпкі мағынасы және оның қазақ халқына қатысу туралы түсіндіру

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты баяндау: Қаңтар қандай ай?

Қаңтар – күннің «қаңта-рылып байланатын», одан әрі тұқырып қысқара алмай-тын айы болғандықтан осыл-ай аталған. Бұл айдың түс кезінде Күннің көзі аспанның оңтүстік жағында және сол күнгі ең биік деңгейде тұрады. Күн сайын бұл деңгей өзгеріп отырады. Оның жыл ішіндегі ең биік қалыпта болатын кезі – жазғы күн тоқырау (22 маусым), ең төмен болатын кезі қысқы күн тоқырау (22 желтоқсан).

Қаңтарулы тұрған аттың басы жерге қалай жетпесе, қаңтардағы Күн көзі де одан әрі төмендеп, көкжиекке жақындай қоймайды. Мұ-ны қазақтар баяғыда-ақ байқаған. Қаңтарда күн қыс-қарып, түн ұзарады. Осыған орай ежелгі түркі тілінде безбен таразысының таяғы да қаңтар деп аталған: безбеннің бір басы көтеріліп, екінші басы төмендеп барып тоқтайды.

Чуваш тілінде оңтүстік жақты және түс уақытын қаңтар деп атайды. Бұл қаңтардың қазақша мағына-сына жақын. Қаңтардағы ауа-райы Күн құлақтанып шықса, не боран соғады, не аяз болады.
Күн құлақтанып батса, ауа райы жылынуға тиісті.
Соған сәйкес біздің ата-бабаларымыз: «Ертеңгі Күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай қорық, кешкі Күн құлақтанса, келінің ұл тапқандай қуан», - деген.
Күннің таласуы. Қаңтар-дың алғашқы күніне күннің бой көтеруі сәйкес келеді. Ауа-райы өзгеріп, сырғыма жүреді, қар жауады.

Қыс шілдесі. Бұл сары аяз туатын осы айдың соңғы күндері. Қаңтарда туғандар, ме-рекелер А. Байтұрсынов (23.01. 1873), мемлекет қайраткері Д. Қонаев (12.01.1912), өнер қайраткері, Халық Қаһарманы Р. Бағланова.

1 – қаңтар – Жаңа жыл мерекесі.
Ақпан қандай ай?
Ел аузында өтіп бара жатқан қаңтар ақпанға мынандай аманатын айты-пты:
- Ақпан – Тоқпан, Ай мүйізді алты күн. Айқайлап соқпа жеті күн. Қаһарлы келсе қатты күн, Қырына алса қырық күн. Боз тоқтыда құйрық қал-ды, Қырлан, Ақпан, қырлан!

Ақпан – «ақ ықпа» сөзі-нен шыққан. Ақпандағы ауа-райы аумалы-төкпелі, құбылмалы. Ақ ықпа сол мағынаны білдіреді. Біздің данагөй бабаларымыз қаң-тар, ақпанға мынандай сипат берген: Қаңтар – аяз айы, ақпан – боран айы.

Қаңтар бөгет салады, оны ақпан бұзады. Ақпан – қайталаманың ақ бораны.
Ақпан: «Білмесең білді-рем, білсең бүлдірем», - дейді.
Ақпан алдамшы. Бір бүй-іріңді қыздырса, екінші бүйіріңді мұздатады. Бір қолымен маңдайдан сипап, екінші қолымен маңдайдан шертеді. «Жақсылығына бар- са – құт, жамандығына барса – жұт» айы.
Ақпан тұрақсыз: кейде аяздың беті қайтып, сынады, кейде аспан түнеріп, жапа-лақтап қар жауады. Оның бұрқасынды да, шуақты күндері алма кезек. Ақпанда қыс пен көктем белдеседі. Қаңтарда бұрқасын, боран тәулік бойы соқса, ақпанда түнде, таң алдында соғады.

Ақпан борандайды, келер наурыз – жылауық. Ақпан аяғында аяз айылын жиып, қыс қаһарынан айырылады. «Ақпанда күн ат адым ұзарады». Ақпандағы ауа-райы: Ақпан – жылдың қысқа айы. Кейде 28, кейде 29 күннен бітеді. Қазақтар ақпан туралы: «Құт келеді – жұт келеді» деген.

Кешкісін аспанда жұлдыз быжынап көрінсе, қыстың ұзаққа созылуы мүмкін. Қырау түспей, күн желді болса, боран соғады. Жұлдыз жымыңдаса, боран соғады, жарқыраса аяз тұрады, күңгірттенсе күн жылырақ болады. Қарағаш бұтағына жабысып түспесе, күн жылынады. Салқын және ылғалды болса, келер тамыз – ыстық болады. Айдың соңғы жарты-сында:

Ауа-райы ашық болса, жаз қуаң болады. Жер көлкілдеп, ылғал молайса, жазда жер отты. Дала қарлы болса, келер жазда жер нәрлі. Алқап қалың қар жамылса, көкекте көл суға толады. Ақпанның он бесінші жұлдызы – қыс пен көктемнің алғаш ұшырасатын күні. Бұл күнгі ауа-райы қандай болса, көктем райы сол тақылетті болмақ. Екі аралықта қар жауса, көктем жаңбырлы болады. Бөрі сырғақ. Айдың аяғында бұршақтан кіші, мұзды қар түйіршікті сырғақ жүреді, қатты боран соғады, сол кезде қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады, мұны «Бөрі сырғақ» дейді.
Ақпанда туғандар Шығыс ғұламалары Ә. Нау ай (9.02.144), З. Бабыр (14.02. 1483).

Наурыз қандай ай?
Шығыс күнтізбесі бойынша наурыз – жыл басы, маусымдық бөліністе көктем айы. Ол парсының «нау» - жаңа, «руз» - күн деген, яғни «жаңа күн» деген сөзінен шыққан. Көне жұлдыздық есепте оны «үт» деп атаған. «Үт кірді, үсік шықты» - деп, наурызда ауа-райының жылынатынына қу-анған.

Наурыздағы ауа-райы
Халқымыз: «Наурыздың он бес күні құдайдікі, он бес күні кедейдікі», - дейді. Бұл наурыздың алғашқы жартысында ауа райының аумалы-төкпелі болып, қалған жартысында күн жылынып, қыстан қысылып шыққан кедейге кеңшілік болатынын білдіреді. Наурыздың бірінші күні күн мен түн теңеседі. Сол себепті наурыздың бірінші күні (жаңаша 22 - жұлдызы) – Наурыз мерекесі ретінде аталып өтіледі. Наурызда өтіп болмайтын ұзақ күндер – «ұзын сары» келіп, қоңторғайлау қараөзек шақ та туады. Наурызда атан түйені жығар, көктемнің қар ерітер «алтын күрек» өкпек желі, қарасуығы соғады, «самарқаның көк тасы еріп», теңескен күн мен түннен соң күн ұзарады. Құс қанаты. Айдың соңына қарай жыл құстары қайта бастайды, сол кезде қар аралас жаңбыр, суық жел болады. Бұл мезгіл соған сәйкес осылай аталады.

Аласапыран. Наурызда қар еріп, жердің лайсаң болатын кезі.
Бесқонақ. Бұл – наурыздың 17-21 аралығында болатын қауіпті кезең. Онда қатты боран –шашын болады. Наурызда туғандар, ме-рекелер Астроном – жұлдызшы Ұлық-бек (23.03.1394), Қасы-мұлы Наурызбай батыр (1822), алаш көсемі Әлихан Бөкейханов (5.03.1866), жазушы Ғ. Мүсірепов (23.3.1902). 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Наурыз мейрамы.

Көкек қандай ай?
Бұл айда көкек алғаш шақырады. Сол себепті бұл айды көкек деп атаған. Кей жерлерде бұл айды сәуір деп атап, «Сәуір тумай, тәуір болмас», - дейді.
Сәуірдегі ауа райы Қар еріп, су тасып, күн жылынады. Ағаштар бүр жарады, жерде көк шығады, мал төлдеп, жұрт уызға тояды. Осы кезді халық қараөзек шақ деп атайды. Жылы жақтан құстар ұшып келіп, ұя салады, жұмыртқалайды. Сәуірде (көкекте) туған-дар Халық батыры Амангелді Иманов (8.04.1873) жазушы Сәбит Мұқанов (22.04.1900), өнер қайраткері Қ.Қуанышбаев (25.04.1893), Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов (23.04.1918).

Мамыр қандай ай?
Күнтізбедегі осынау ай аты, яғни мамыр тоқшылық, семіру ұғымын білдіреді. Біз барлық малдың баласын төл деп атасақ, барлық құстардың балапандарының атауы – ма-мыр. «Ай аты осы сөзден шыққан» деген де пікірлер бар. Мұны ғалым, профессор С.Аманжолов та қостап, жаз-ған-ды.

Мамырдағы ауа райы
Күн жылиды, жер бусанады, өсімдіктер құлпырады, мал төлдейді. Құстар ұя салып, балапанын өрбітеді. Мамырда солтүстік аймақтарда көктемгі егіс -дала жұмыстары қызады. Мал өріске шығып, қой қырқу, жылқы күзеу, түйе жүндеу басталып, бие байланады, қымызмұрындық дәстүрі той-ланады.

Қызыр қамшысы. Сәуірдің ортасынан аса найзағай ойнайды, жаңбыр жауады. Сол кезді осылай деп атайды. Тобылғы жарған. Сәуірдің соңында 2-3 күнге созылған суық жел соғады, бұл тобылғының бүр жарғанының белгісі. Қызыл жұмыртқа. Мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала құстарының балапанын жұмыртқадан шығаруы осылай деп аталады. Сонда 1-2 күнге созылатын суық болады.

Құралайдың салқыны. Бұл кезде, яғни, мамырдың соңында болатын суық желде киіктер балаларын (құралай-ын) өргізеді.
Мамырда туғандар Өнер қайраткері С. Қожамқұлов (5.05.1896), әнші К. Байсейітова (2.05.1912).

Маусым қандай ай?
Ол жаздың алғашқы айы. Маусым үндінің маусын деген жұлдыз атауынан шыққан. Бізге түркі елдерінің тілдерінен енген. («ҚКЭ», 7 том, 527 бет). Этнограф жазушы С. Кенже-ахметұлы: «Бұл атау жаз маусымының басталуына орай шығуы да мүмкін», - дейді. Маусымның тағы бір атауы «отамалы». Бұл жер отының молайып, нәрленгенін, оның малға жұғымының артқанын білдіреді.
Маусымдағы ауа райы Күн барынша ұзарады, түн қысқарады, күн ысып, жаңбыр жауады. Маусым шөп шабуға қолайлы мерзім. Үркердің батуы. Айдың басында үркердің мүлдем көрінбей кететін кезі. Халық «Үркер жерге түспей, жер қызбайды», - дейді.

Шілде қандай ай?
Ілияс Жансүгіровтың «Жаз-ғы шілде» деген өлеңі бар. Онда ақын былайша жыр толғайды: Шілде, шілдем, шілде айым, Шырылдап торғай күн сайын.
Шұбар ала шешектер, Шудаланған көк шөптер. Жапырақтар жалпайды, Жас қозылар марқайды. Ұшты көкек қуалай, Сайда пісті таңқурай. Құрт, ірімшік қайналды, Құлындар да байланды.

Ай атауы шілде – парсының «Чіллә», яғни қырық деген сөзінен шыққан (М. Ысқақов, «Халық календары», Алматы, 1980 жыл. 246 бет). Шілде өте ыстық ай, оның ыстығы 40 күнге созылатындықтан, қазақтарда «қырық күн шілде» деген сөз бар. Иә, маусым айының 26 жұлдызынан тамыз айының 5 жұлдызына дейін ауа райы өте ыстық болады. Содан «қырық күн шілде» ұғымы туған. Бұл күндерді «Ұлы шілде» дейді. Шілденің аңызақ, аптап күні – «күн шіліңгір».

Шілдедегі ауа райы Шілденің 20 жұлдызында Таразы (нарық) жұлдызы туып, таң суый бастайды. Сол себепті қазақтар: «Таразыда таң суыйды» дейді.

Қырық күн шілде халық аузында «Суыр» деп те аталады. Сұмырай деген сөз суыр айы деген мағынада. Содан халқымыз: «Сұмырай келсе су құриды», - дейді. Шілде айының тағы бір көне атауы – асад. Үркердің толғағы. Бұл мал-жанға жайлы, үркер туатын шілденің ортасы.
Шілденің алғашқы он күнінде:

Таңертең шөп басы құрғақ болса – түнде жаңбыр жау-ады; Найзағай күркірі жаңғырып естілсе – нөсерлетеді; Шық қалың түссе – аспан шайдай ашылады;
Таңертең өзен, көл суын тұман бауырласа – ауа райы жақсарады; Көлмектен тұнба иіс мүң-кісе, өткінші жауыннан кейін кемпірқосақ солтүстіктен оң-түстікке тартылып, қанық қызыл түске боялса – жаңбыр жауады.
Шілденің екінші он күнінде:

Көкек шақыруын тыймаса жаз ұзаққы созылады; Ағаш жапырақтары сарғая бастаса – күз бен қыс ерте түседі. Шілденің үшінші он күнінде:
Аптап басталады; Жерді шық басқан «жыла-уық» күндер туады; Ауа ыстық болса – келер желтоқсан суық болады; Қымыздық бітік шықса- алдағы қыс жұмсақ болады; Арша гүлденген кезде шілде аяқталып, тамыз туады. Шілдеде туғандар Ақын, ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайбердиев (27.07.1858).

Тамыз қандай ай?
Бұл айдың аты ежелгі еврейдің «туммуз» деген сөзінен шыққан», - дейді, этнографтар. Ал бұл сөз қазақ тілінде «сары» деген мағынаға ие. Осыған орай қазақтардың бұл айға қойған тағы бір атауы – «сарша тамыз».
Тамыздағы ауа райы Қатты ыстықтан кейінгі саршада үркер туады. Мал – жанға жайлы жаңбыр жауады. Бұл – үркердің толғағы деп аталады. Сары сарша - сарғаю, жердің құрғап, өсімдіктердің сарғаятын кезі. Тамызда егін піседі. Таразының тууы. Бұл айдың ортасында ауа-райы салқын тартатын, күз нышаны білінетін мезгіл.

Тамызда туғандар, мере-келер Ұлы Абай (10. 08.1845), өнер шебері, биші, Ш.Жиенқұлова (18.08.1912),мемлекет қайрат-кері Б. Әшімов (10.08.1917).
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конститу-циясы күні.

Қыркүйек қандай ай?
Күздің алғашқы айы. Бұл ай атауы мал шаруашылығына байланысты шыққан. Қой мен ешкінің төлдеу мерзімін жылдың жылы айларына келтіру, малдың қоңын толықтыру мақсатында жаздың басында қошқарлар мен текелерге күйек байлаған. Ал осы байланған күйек тоқсан күннен соң алынып, аталық малдар еркін жіберілген. Сол себепті қыр қазақтары күйек ағытатын уақытты «қыркүйек» деп атаған. Көне жырларда:

Үш ай тоқсан болғанда, Құтылар қошқар күйектен, - деп айтылса, Нысанбай жырау былайша толғайды: Ай үш тоқсан күні еді, Шаруа шешкен күйегін. Қыркүйектегі ауа райы Күн салқындайды. Шық түседі, шуақты күндері де бар. Мизам шуақ. Айдың екінші онкүндігінде ауа-райы суытқан кезде болатын шуақты, далада мизамдар шұбатылатын күндер. Сүмбіленің тууы. Қыр-күйектің соңғы онкүндігінде ауа-райы салқындап, су суитын кезі. Халық: «Сүмбіле туса – су суыр», - дейді. Қыркүйекте туғандар Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғам-бар (12.09.570), жазушы М. Әуезов (28.09.1897), С.Мәуленов (17.09. 1922)

Қазан қандай ай?
Бұл айды бозқырау деп те айтады. Ол осы айдағы ауа райына қатысты. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Малшылар күзекке көшетін мезгіл.
Бұл кезде бие ағытылып, күздік сойылады. Қазан сөзінің бірнеше мағынасы бар. Қазан – ауыртпалық, «қазан ат» – жауға мінетін ат, қазан – ас пісіретін ыдыс, қазан-үзенгінің бір түрі, қазан – шолақ зеңбірек, қазан мен қаза - өлім. Бір кездері бұл айда үлкен қырғын соғыс болып, содан ай осылай айтылып кетуі мүмкін. Қазандағы ауа райы Жаңбыр көп жауып, күн салқын тартады. Кейде қар ұшқыны білініп, суға мұз қатады, бозқырау түседі. Бұлт қоюланады. Пісіп үлгі-рмеген көкөніс пен егін суыққа ұрынса, халық оны «қазан ұрды» дейді. Қазанда таразы туып, таң суытады. Қазанда тауғандар Ақындар С. Торайғыров (23.10.1893), С.Сейфуллин (15.10.1894), Кеңес Одағы Батыры атағын екі рет алған Т. Бигельдинов (5.10.1922).

Қараша қандай ай?
Мал семіретін мезгіл. Ертеде салық малын осы айда жинаған көрінеді. Оны халық «қараж», «қаражшы» деп (қаражат жинаушы деген мағынада) атапты. Содан осы ай атауы қалыптасса керек. Қарашада қысқа шыдай алмайтын малдар сойып алынады. Қарашадағы ауа райы Күн бұрынғыдан да суытады. Қар түсе бастайды. Бұл – «қарашаның қары». Қарашаның қайтуы. Ол осы айда құстардың оңтүстікке қайта бастауын білдіреді. Қарашада туғандар Ш. Уәлиханов (1835), жазушы, педагог Ы.Алтын-сарин (2.11.1841), М.Дулатов (25.11.1885). жазушы Ғ.Мұс-тафин (21.11.1902), ақын М.Хакімжанова (16.11. 1906).

Желтоқсан қандай ай?
Қыстың бірінші айы. Бұл айдың атауы «жел» және «тоқсан» деген сөздің қо-сындысынан шыққан дейді этнографтар. Өйткені жел-тоқсан үш ай желді болады деген мағынаны білдіреді. Ежелгі түріктер де бұл айды жел айы деп атапты («ҚКЭ»,12 том, 369 бет, 1974 ж). Желтоқсандағы ауа райы Осы айда қыс күшіне енеді. Боран соғады. Желтоқ-санның 22-інде күн барынша қысқарады. Ол - «күнің тоқырауы». Қырбастың қызылы. Бұл – желтоқсанның басында болатын алғашқы аяз. Текенің бұрқылы (бұр-қағы). Желтоқсанның қат-ты боран соғатын соңғы онкүндігінде киік текесінің маталуын осылай атайды. Желтоқсанда туғандар Қаныш Сәтбаев (3.12. 1910), қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов (12.12. 1926).
5 752
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күннің және айдың тұтылуы» тақырыбын оқыту әдістемесі
Жарық көздері – жарық шығаратын денелер. Ғаламдағы негізгі жарық көздері – жұлдыздар. Барлық жұлдыздардың ішінен өзіміз оның дөңгелегін көре алатын Күн – бізге ең жақын жұлдыз.
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!
Нұр себеле ұлыстың ұлы күні!
Наурыз - бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т. б. атап өтеді.
Климат
Климат
Оқушыларға климаттың не екенін түсіндіру. Климаттың ендікке байланыстылығын, климатқа мұхит пен теңіздің әсерін, жер бедерінің, адамның әсерін түсіндіру.
Физикадан тест тапсырмасы
Физикадан тест тапсырмасы
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының М. О. Әуезов атындағы мектепте физика пәні мұғалімі Тулегеновна Казипа Абдираманова
Күн. Жарықтың таралуы
Күн. Жарықтың таралуы
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №147 гимназиясының география пәні мұғалімі Керимшеева Береке Рысказиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×