Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


10 - 11 сыныптар аралығындағы «Зерек» танымдық сайысы

06 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
10 - 11 сыныптар аралығындағы «Зерек» танымдық сайысы
Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің құқықтық реформаларының мәнін түсінуге үйрету, тарих тереңіндегі ата – баба салты мен дәстүрі, жеті жарғы заң жобаларымен таныстыра отырып, заңды сыйлауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Дүние жүзі тарихы, ҚР Конституциясы, Философия негіздері, Қазақстан
тарихы, слайдтар, интерактивті тақта, көрме
Жүрісі:
1. Таныстыру
2. Конституцияны білу - әр азаматтың міндеті
3. Билер, тархандар тарихынан
4. Ойды аяқта
5. Топ басшылар сайысы
6. Қорытынды
І тур Таныстыру
1 топ ІІ топ ІІІ топ ІҮ топ
10 «А» 10 «Ә» 11 «А» 11 «Ә»

ІІ тур
«Кім?», «Неше?», «Қайда?», «Қандай?». Шарты: әр топ өзіне берілген тақырыпты сұрақтарға сүйене отырып, толық мазмұнын ашу тиіс.
І топ
Қазақстан Республикасының Президенті
ІІ топ
Қазақстан Республикасының Парламенті
ІІІ топ
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ІҮ топ
Қазақстан Республикасының сот билігі

ІІІ тур Құқық пен қазылық тарихындағы тұлғаларды білесің бе?
1. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігін бөлу идеясының авторы, «Көне дүниенің тірі энциклопедиясы», Полотонның шәкірті және 17 жыл бірге жүрген серігі кім?
2. Қазақ тілінде алғашқы құқық құжат жобасын жасап, халық арасында таратқан, 1885 жылы өз ұсынысымен билер съезін, шақырып, заң қабылдаған ақын, философ, гуманист кім?
3. Алғашқы заң магистрі, құқық тақырыбына бірқатар бағалы еңбектер жазған, Омбы, Семей, Павлодарда заң қызметкері, «Алаш» партиясының мүшесі. Ол кім?
4. Белгілі заңгер, қоғам қайраткері, ағартушы - демократ, 1905 жылы жер туралы заңның жобасын жасаған, 1907 жылы Орал облысынан ІІ мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған кім?
5. Б. з. б. ҮІ - Ү ғ. ғ. Қытайда өмір сүрген. Мемлекет басқару ережелерін жасады. «Егер делбені шебер ұстаса аттардың өздері - аң шауып кетті...» деген сөздің авторы кім?
6. Ойдан шығарылған патшалықты іздестіру «Даланың, айталық, Еуропаның тарихынан да кем түспейтін шиеленісті өз тарихы болды» деген сөздің иесі кім?
7. Асанқайғы дәстүрін жалғастырушы. 1693 - 1787 жылдар аралығында өмір сүрген қазақ жырауы біріңғай орталықтанған мемлекет болуды жақтаушы. Ол кім?
8. Мемлекет билікті үш дұрыс (манахия, аристократия, политил) және үш дұрыс емес (тирания оригархия, демонратия) формаға болған философ кім?

ІҮ тур Ойды аяқта
1 Заңның құрығы...
2. Өш алғаннан гөрі...
3. Әр адамның құдайы...
4. Жамандық қылсаң пәле күт...
5. Жазасын татпайтын...
6. Туғанына бұрғаны...

Ү тур Капитандар сайысы
1. Заңмен белгіленген апталық жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы?
2. Мәслихаттардың өкілеттілік мерзімі?
3. Азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілерді кім шығарады?
4. ҚР Парламент Мәжілісі неше депутаттан тұрады?
5. Меншік құқығының элементтері?
6. Міндеттеме тараптары қалай аталады?
7. Республика Президентінің кезекті сайлауын кім хабарлайды?
8. Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қойғанға дейін қарайтын кім немесе қай орган?
9. Азаматтық құқықтың қабілеттік қай кезден басталды?
10. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының ұзақтығы?
11. Әкімшілік жазалаудың ең көп тараған түрі?
12. Мұраға қалдырудың түрлері?
13. Конституциялық Кеңестің өкілетті мерзімі?
14. Мұра ашылғаннан кейін мұраны қабылдау мерзімі?
15. Заң бойынша зейнетке шығу жасы қандай?
16. Жеке еңбек дауларын қарайтын органдар?
17. Көшеде жүргізу ережесін бұзған адам заңды жауапкершіліктің қай түрі таратылады?
18. Түнгі жұмыс мерзімі?
19. Кім ҚР Президенті болып сайлана алады?
20. Қазақтың әдет - ғұрып заңы қалай аталады?

ҮІ. Сайысты қорытындылау
ҮІІ. Марапаттау
4 839
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
1. Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады? А) Қазақстан Республикасының Президенті. В) Қазақстан Республикасының Парламенті. С) Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі. Д) Қазақстан Республикасының Үкіметі. *Е)
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары 1. Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады? А) Қазақстан Республикасының Президенті. В) Қазақстан Республикасының Парламенті. С) Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі. Д)
Заңды білу - заман талабы
Заңды білу - заман талабы
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
№215 орта мектебі, Қызылорда қаласы, Құқық негіздері пәні мұғалімі: Лаура Абитова
Білім және құқық
Білім және құқық
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Көркемсурет лицейі Дузимова Жайнагул Конысбаевна Сабақ тақырыбы: Білім және құқық Сабақ мақсаты: А) білімділік: оқушыларды өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуге дайын болуы, айналасындағы адамдардың
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×