Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім және құқық

29 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы,
Шалқар ауданы, Көркемсурет лицейі
Дузимова Жайнагул Конысбаевна

Сабақ тақырыбы: Білім және құқық
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: оқушыларды өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуге дайын болуы, айналасындағы адамдардың іс-әрекетінің заңға сәйкестігін қадағалау қабілетін қалыптастыру.
Ә) дамытушылық: оқушыларды құқықты, заңды білуге, сыйлауға, құрметтеуге орындауға дағдыландыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды құқықтық саналыққа, қоғамға қарсы келген оғаш көріністерді заң арқылы шешуге, ата-заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, білімді, парасатты тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: талдау, пікірталас, сұрақ-жауап,
Сабақ көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Білім Заңы
Сабақ түрі: топпен жұмыс сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, құқық негіздері

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Олар екі топқа бөлінеді. Сайыс бес кезеңнен тұрады.

ІІ. Сайыстың барысы:
1. Топпен таныстыру
2. Білім сайысы
3. Жылдар сөйлейді
4. Ой сергіту
5. «Адасқан әріптер»
6. Қорытынды

Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп баян етілген . Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.

Оқушы құқылы:
• мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;
• қосымша білім алуға;
• ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарыстарға қатысуға;
• мектепті басқаруға қатысуға.
Оқушылар міндетті:
• Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстүрлерді құрметтеуге;
• Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;
• Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;
• Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;
• Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып, кішілерге көмек көрсету;
• Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерзімінде тапсыру;
• Себепсіз сабақтан қалмау;
• Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жүру;
• Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдық тапсырмаларды орындау;
• Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;
• Қоғамдық жерлерде өзін ұстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;
• Мектеп формасын сақтау;
• Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.

1. Топпен таныстыру.
Оқушылар сайысты өздерін таныстырудан бастайды. Бұл кезеңде оқушылар топтың аты мен топ мүшелерімен таныстырады.
2. Білім сайысы. «Әділет »тобына қойылатын сұрақтар.
2. Мемлекет деп нені айтамыз?
3. Қоғамдық өмір аяларын атаңдар.
4. Азаматтық құқық қандай қатынастарды реттейді?
5. Меншіктің қандай түрлері бар?
6. Сенат төрағасын кім тағайындайды?
7. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде кімге бағынады?
8. «Жеті жарғы» заңдарын айтып беріңдер.
9. Азаматтық құқық дегеніміз не?
10. Қылмыс деген не?

«Ақиқат » тобына қойылатын сұрақтар
1. Қоғам дегеніміз не?
2. Автохтонды ұлт дегенді қалай түсінесің?
3. Отбасының атқаратын функциясы қандай?
6. Әбір адамның құқықтары мен бостандықтары қай орган арқылы қорғалады? - Сот
7. Құқықтық мемлекет дегеніміз не?
8. Құқық дегеніміз не?
9. Заңды тұлға деген кім?
10. Шетелдік азаматтар жеке тұлға бола ала ма?
3. «Жылдар сөйлейді» Бұл бөлімде топ басшыларына сұрақ қойылады.
«Әділет» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1. ҚР Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
2. ҚР Білім туралы заңы қашан қабылданды?
3. Бала құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
4. ҚР Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды?

«Ақиқат» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1. Бала құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды?
2. Қазақстан үкіметі қай жылы ақша реформасын іске асырды?
3. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?
4. «Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы шықты?
4. «Ой сергіту»
Шарты: Әр топқа құқық және білім туралы мақал-мәтелдер беріледі, соның жалғасын табу.

Әділет тобына
1. Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.
2. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
3. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
4. Білім гауһар - (Бағасы жоқ)
Надандық кесел - (Дауасы жоқ)

Ақиқат тобына
1. Ұрлық түбі...(қорлық)
2. Біреуге ор қазба...(өзің түсесің)
3. Заңның құрығы...(бәрінен ұзын)
4. Қолыңмен істегенді...(мойныңмен көтер)

5 бөлім «Адасқан әріптер»
Шарты: ретсіз орналасқан әріптерден термин, мағыналы сөз құрау
1. Конституция ---------уяцтсикионт
2. Инновация -------------- няоинвцф
3. Президент--------------- тпнрендзи
4. Декларация ----------- цяиралдкеа
5. Куәгер -------------------------- гркуеә
6. Білім ------------------------------ іблмі
7. Үкімет --------------------------- тіүкем
8. Республика ------------- серубплиак
9. Педагогика --------------- едпкагоги
10. Психология ---------- ясипсилогх

6. Қорытынды. Қазылар алқасы сайыскерлер жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаз топты анықтайды, марапаттау
24 764
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Коучинг. Құқық бұзушылық
Коучинг. Құқық бұзушылық
Жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылық пен қылмыс белгілері, түрлерін еске түсіру, оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алу жұмыстарын үйлестіру тәсілдерін талдау, негіздеу.
Құқық қорғау органдары, оның қызметі мен ұйымдастырылу негізі
Құқық қорғау органдары, оның қызметі мен ұйымдастырылу негізі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Опорный орта мектебі" мемлекеттік мекемесі құқық пәні мұғалімі Ибраева Айсара
Біз құқығымызды білеміз бе?
Біз құқығымызды білеміз бе?
№3Алға қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаксылыкова Назгүл Тоқтарқызы
Заңды білу – заман талабы
Заңды білу – заман талабы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Отелбаевна
Менің құқығым қандай?
Менің құқығым қандай?
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете дамыта оқыту /сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна Мақсаты: Білімділік-оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×