Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік таңы (әдеби - музыкалы кеш)

27 қараша 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Әдеби - музыкалы кеш
Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңы»
Мақсаты: Білім алушыларға Қазақстан Республикасының тарихын, тәуелсіздікке жеткен жылдарындағы жетістіктерді білуге үйретуді жалғастыру. Мемлекетіміз жөніндегі жетістіктерді білімдерін дамыту, патриоттық сезімдерін оята отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Кешке қажетті көрнекі құралдар: экран, слайд, плакаттар, оқулықта, басылымдарға шыққан тақырыпқа байланысты материалдар.

Музыка ойналады. Автор Ж. Тұяқбаев. Ш. Сариев
«Атамекен – ай” әні орындалады. Экранда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған жылдардағы жетістіктері туралы слайд көрсетіледі.
Білім алушылар сахнаға шығады.

1 - жүргізуші
Құрметті оқытушылар және білім алушылар «Тәуелсіздік таңы»
Әдеби – музыкалы кешімізге қош келдіңіздер.
«Мен қазақпын» Ж. Молдағалиев

1 - білім алушы
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2 - білім алушы
Мен қазақпын биікпін анамын мен,
Құрсағыма сыйдырдым даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын данамын мен!

3 - білім алушы
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге, қайта келдім!
Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.

Жүргізуші:
Тарих дегеніміз – кесек – кесек айтулы оқиғалардың жиынтығы. 1986 жылғы Желтоқсан айында дүниені өзіне жалт қаратқан үш күнгі оқиға тек қазақ ұлты тағдырында ғана емес, күллі әлемдік, қалыптық ой - сана қозғалысына айналды.

II - бөлім. Ғасырмен сұхбат
4 - білім алушы.
XI ғасырда тәуелсіз қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз қазақ мемлекеті бейбіт өмір сүре алмады. Ұлан – байтақ елімізге жан – жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді.
Қазақ жері қонақжай – жердің жері
Қазақ жері қас сақтай елдің ері.
Елі кедей болса да жері байтақ
Едігедей батырдай ердің жері.

5 - білім алушы
Ел жайлауға көшіп, қаннен – қаперсіз жатқан елімізге жоңғар тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен жұрт шұбыра қашып, «ақ табан шұбырынды» болды. Халық Алакөлге аяқтап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.
Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ елі өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстың
Елі текті, киелі қасиетті.
“Елім – ай” әні орындалады. Ән орындалып жатқан кезде
экраннан “Ақ табан шұбырынды” жылдарына арналған слайд көрсетіліп жатады.

6 – білім алушы
Қаратаудың бауырында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің ерлігін соңғы рет сынайтын күн туды. Жұртты аман алып қалу үшін, данышпан ата Төле би батырларды батырлыққа, елді бірлікке шақырды.
7 – білім алушы
1923 - 1933 жылдарда адам айтса нанғысыз ашарлықтан алты миллиондай адамның 2, 2 миллионы опат болды. Асыра сілтеудің кесірі біздің қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан – Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілиястардың түбіне жетті. Өзі өлсе де, аты өлмеген ағалар рухына бүгінгі ұрпақ тізе бүгіп, бас иеді.
Ортаға білім алушылар шығады Шырақ жағылады.
Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілиястардың өлеңдері оқылады.

8 - білім алушы
1941 - 45 жылдар. Адамзат тарихында болмаған бұл алапат соғыста ел үшін жанын қиған қазақ батырлары. фашизмнен бүкіл адамзатты, адалдықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Халық қаһармандарына «Кеңес Одағының батырлары» деген абыройлы атақ берілді.
9 - білім алушы
Айта берсе, сөз таусылған ба? 1941 - 45 жылдардың ызғарлы күндері қаншама қыршының өмірін қиды. Ержүрек ұлдар мен қыздар Отан қорғауға бір адамдай аттанды. Қаһармандықпен қаза тапқан батыр қыздарымыз Әлия мен Мәншүкті қайда қоярсыз?
Ақыл айтып, бабалар жолға салған
Асыл сөз даналарды мұра болған
Ерлігі Мәншүк пен Әлияның
Жүректе мәңгі өшпес орын алған.

10 - білім алушы
Иә, бір кезде Отан үшін десе жанын құрған жастар енді тәуелсіздік үшін ар – намысын, ата - баба дәстүрін жоғары көтеру жолында ереуілге шықты. Олардың бұл өжеттілігін ұлтшылдықтың белгісі деп көрсетті. Қанша қан төгілді?
Иә, 1986 жыл «Желтоқсан оқиғасы» тарихта мәңгі қалмақ.

11 - білім алушы
Желтоқсан оқиғасын Д. А Қонаевты бірінші хатшы комитетінен босатқан Қазақстан компартиясы орталық комитетінің 1986ж 16 желтоқсандағы пленумы тұтандырды. Саяси Бюро атынан КОКП орталық комитетінің хатшысы Разумвский шығып сөйледі. Қазақстан компартиясы орталық пленумының шешімі туралы хабар республикалық радио бойынша 16 – шы желтоқсанда сағат 15. 00 - де берілді.
1986 жылғы жастар көтерілісі Рух пен ыза дауылы немесе ғасырлар қойнауынан атылған оқ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 285
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
"Тәуелсіздіктің арайлы таңы"
"Тәуелсіздіктің арайлы таңы"
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің
Тәуелсіз елдің ұланымыз
Тәуелсіз елдің ұланымыз
Мақсаты: «Отан», «Тәуелсіздік» туралы түсініктерін кеңейту;
Желтоқсан ызғары
Желтоқсан ызғары
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Қазақтың бағы да, байлығы да - Тәуелсіздік
Қазақтың бағы да, байлығы да - Тәуелсіздік
Қазақстан – көк байрақты нұр едің, Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. Өзің менің қуанышым, бақытым, Өзің менің мақтанышым, тірегім.
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Тәуелсіздік-азаттығым, бақ күнім!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тәжбенова Нұргүл Ұласарқызы «Тәуелсіздік - азаттығым, бақ күнім» Мақсаты: оқушыларға 1986 ж. көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×