Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрт түлік - төрт мүлік, Жүрміз бе, қадірін біліп?!

22 мам 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
(Ойталқы сабағы) 11 - сынып.
"Төрт түлік - төрт мүлік,
Жүрміз бе қадірін біліп?!" (слайдымен)
немесе
"Атадан қалған құндылық
Ішінде жатыр, мұң тұнып!"

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың ұлттық құндылықтар туралы таным - түсінігін кеңейту, ұлттық мұрат, ұлттық мүдде туралы ой - өрісін тереңдету.
Дамытушылық: Талқыға түсетін мәселені сын тұрғысынан қаруға жағдай туғызу арқылы оқушыларды тұшымды пікір айта білуге. Өз ойын дәйекті түрде қорғай білуге баулу,
Тәрбиелік:
1) Оқушыларды ұлттық құндылықтарды тани білуге, оны бағалай білуге тәрбиелеу.
2) Оқушылар бойына ұлттық рухты сіңіру.
Сабақ үдерісі:
Типі: Ұжымдық, пікірталас сабағы
Түрі: Танымдық - тағылымдық талдау сабағы
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, проблемалы оқыту
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бейнесуреттер.
Қолданылған тәсілдер: Венн диаграммасы, ассосация, анализ.
Пәнаралық байланыс: Биология. Тарих, этнография, өнертану

Сабақтың барысы:
I. Кіріспе.
“Төрт түлік - төрт мүлік,
Жүрміз бе, қадірін біліп?!”
(Алдын - ала берілген тапсырма бойынша бір оқушы ауыз әдебиетінен бұрын өтілген материалдар негізінде төрт түлік малдың халық өмірінен алған орны туралы тезис түрінде қысқаша шолу жасайды да, бүгінгі күнгі төрт түлік малға деген көзқарастың өзгергендігі жайлы, оның өніміне сұраныстың жоқтығы туралы аз - кем сөз өрбітеді.)

Сөз жобасы.
1. Төрт түлік – тіршілік арқауы.
Ол сойса - ет, сауса - сүт, кисе - киім, мінсе - көлік.
2. Мал баққанға бітеді.
3. Төрт түлік – атадан қалған мұра.
4. Төрт түлік – ұлттық құндылық.

II. Негізгі бөлім.
1. Ой шақыру.
“Атадан қалған құндылық
Ішінде жатыр мұң тұнып...”
Оқытушы төрт түлік мал туралы қысқаша шолу жасаған оқушының ойын өрбіте келе, төрт түлік малдың мыңжылдықтар бойына біздің ата бабаларымыздың ең басты құндылықтары болғанына тоқталады. Одан әрі бүгінгі күндері сол құндылықтардың көз алдымызда жойы - лып бара жатқанына ойысады.
Осы ойлар төңірегінде алдағы болар пікірталасқа негіз болар алғы шарттар жасау мақсатында белгілі этнограф, сатирик - ақын Сейіт Кенжеахметовтің “Түйенің арызы” мен “Ешкінің арызы” деген мысал өлеңдерінен үзінділер оқылады, тақтада көрсетіледі.

“Түйенің арызы”
(үзінді)
Біз нар едік, нар едік,
Санатта ерте бар едік.
Аңқаулықпен жылдан да
Құр алақан қап едік
Түйе есімін алғалы,
Нелер заман болғалы,
Талай істі көріп ек,
Айына бір нәр татпай,
Аптасына су ішпей,
Қиындыққа көніп ек,
Қазір қиын халіміз,
Кеміп барады санымыз.
Шығар - шықпас жанымыз...
... Санатта жоқ, санда жоқ,
Осыған қатты күйеміз,
Табылмай жүр иеміз...

“Ешкінің арызы”
(үзінді)
Жұрт айтатын “кебенек”,
Біздер ешкі деген ек.
“Қолда алтынның қадірі аз”,
Қор болдық қой не керек.
“Мал” деген аттан шеттедік,
Азуға әбден беттедік.
Уа, Шекшек атамыз,
Қайда берген батаңыз?
Жылы, жұмсақ түбітті
Жұрт қалайша ұмытты?
Түбіт тұқымы құрыса,
Кім ұтылды, кім ұтты.
Мүйіз сұрап бұрындар,
Айырылып едік құлақтан,
Тәуекел деп тағы да
Жауап күттік сұрақтан.

2. Ой талқы.
“Түйенің арызы” мен “Ешкінің арызы”
өлеңдерінде айтылған ойлар негізінде аталған түлік түрлері мен олардың өнімдеріне қатысты
зертханалық жұмыс.
(Оқушылар өздерінің жүргізген зертханалық жұмыстарын слайд арқылы көрсетеді)

1. Салыстыру.
“Өзгеден біздің неміз кем,
Өзгенің бізден несі артық”.

Түйе (лат. Camelus) – сүтқорек - тілер класының сірітабандылар отрядына жататын күйіс қайыра - тын жануар.
Дене ұзындығы: 250 - 360 см,
биіктігі: 180 - 210 см.
тірілей салмағы: 500 - 650 кг,

Лама (лат. Lama) – сүтқоректілер
класы, жұптұяқтылар отрядына
жататын, күйіс қайыратын жануар.
Түйеден айырмасы - өркеші жоқ.
Дене тұрқы: 120 - 175 см,
биіктігі: 90 - 100см,
салмағы: 48 — 95 кг.

Нарықтық сұраныста: Ламадан алынатын өнімдер. (пальто, жаға, тұрмыстық заттар)

Қазақы ешкі (лат. Сapra hіrcus) - ет, сүт, түбіт өнімдерін мол беретін мүйіз қуыстылар тұқымдасына жататын жұп тұяқты, күйіс қайыратын жануар
Салмағы: Текесі 60 - 65 кг,
ешкісі 40 - 60 кг тартады.
Ешкіден тәулігіне 250 - 1000 мл. сүт сауылып, 4 - 6 кг май алынады.
Сүтінің майлылығы: 3, 8 - 4, 5%.
Ешкіден 2 кг түбіт алынады.
Қазақы ешкі егіз тууға бейім келеді..

Ангор ешкісі (лат. Angora goat)- ежелден келе жатқан, жүні аса бағалы ешкі тұқымының бірі. Орта ғасырда Түркияның Анкара (Анкора) уәлаятында өсірілгендіктен осылай аталған. Түбіті өте берік, біркелкі, жылтылдаған ақ майда биязы болып келеді
Сүтінің майлылығы. 4, 4%,
Ангора ешкісінен 2 - 4 кг түбіт алынады 5 – 10%- ы егіз туады.

Нарықтық сұраныста: Ангора ешкісінен алынатын өнімдер.
(Шәлі, бөкебай, қолғап, шұлық, кофта т.б.)

Пікірталасқа арқау болар ұстанымдар:
Оптимисттер
1. Төрт түлік - атадан қалған байлық. Барлыққа мастанбай, қайта мал басының санын көбейтіп, олардың өнімдеріне сұранысты арттыру керек.
2. Төрт түлік, оның ішінде түйе мен ешкіден алынатын өнімдер – ұлттық құндылықтар:
- сүті мен шұбаты жай ғана сусын емес, емдік қасиеті мол дәрумендік ақ:
- терісі, жүні, түбіті бағалы,
құнды, әрі ұлттық белгі, сондықтан оларға ұлттық мүдде тұрғысынан қарап, ұлттық брендке айналдыру керек

Стереотиптер
1. Атадан қалған мирас екендігінде дау жоқ, әйтсе де мал басын көбейту – қу бейнетке
қалу деген сөз, пайдасы жоқ.
Қазір заман да, тұрмыс та басқа бізде өзге байлықтар да мол.
2. Рас, бір кездері бұл түліктерден алынған өнімдер сұраныста болғанымен, бүгіндері экзотикалық
мәндегі ғана дүниелер:
- Бүгінгі таңда нана технология арқылы шұбатты да, ешкі сүтін де қиналмай өндіруге болады.
- Бүкіләлемдік нарықта өз ұсынысын әбден қалыптастырып алған лама мен ангор ешкісінің өнімдеріне теңесу мүмкін емес, босқа шығын.
Ұлттық болмыс – мал ғана емес...

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 009
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, Қ. И. Сәтбаева атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тажмағамбетова Зульфия Хайруллаевна
Төрт түлік туралы жыр. Қой
Төрт түлік туралы жыр. Қой
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бакирова Айжан Шатланбекқызы
Төрт түлік мал
Төрт түлік мал
ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джандаралова Жанар Ахметқанқызы
Ауылым-алтын бесігім
Ауылым-алтын бесігім
«Ауыл» деген сөзді естіген де менің өн бойымда қуаныш кернейді. Өйткені ауылдың ауасы таза, суы тұнық, шөбі көк майса болады. Ауылда төрт түлік мал ұстағандықтан ақ (май, ірімшік, сүт, сүзбе, айран,шұбат, құрт т.б.) мол. Ауылда менің әжем мен атам
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×