Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз атасы. Даярлық сәті

30 маусым 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
1. Тақырыбы: Сөз атасы. Даярлық сәті.
2. Мақсаты:
1. Оқушыларға ауызша сөйлеу тілінің маңызын түсіндіру. Сөйлеу мәдениетінің ұлттық салт - дәстүрмен сабақтастығы туралы және оның бастауы тіл екендігі түсіндіріледі.
2. Келтірілген мысалдар арқылы оқушы бойына қазақ халқының бата - тілек, амандасу ризашылық білдірудегі ғасырлар бойғы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған сөз мәдениеті үйрене отыра эстетикалық, этникалық тәрбие беру. Сөйлеу тілін дамыту ойын жүйелі баяндауға, сөзге мән бере сөйлеуге үйрету.
3. Ой ұшқырлығына, тіл тазалығына баулу. Грамматикалық амал - тәсілдері меңгерту. Тіл тазалығын сақтауға үйрету. Тіл мәдениетіне тән нормаларды сақтауға және өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрену. Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.

Түрі: қайталау сабағы.

Сабақ көрнектілігі: Сұрақ салынған қоржын. 2. Тақырыпқа байланысты таблицалар.
Сабақ әдіс - тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, ойын элементтері, топтық жұмыс.

3. Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу зейінін сабаққа аудару. 1. Оқушылардың қазақ тілі сабағынан меңгерген білімдері туралы сұрақ - жауап арқылы қайталау жүргізу 2 топ жұмыс істейді.
1 - топ Сұңқар тобы. 2 - топ Тұлпар тобы.
Кіріспе сөз.
Сөз мәдениеті ауызша сөйлеу тілі және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді. Екеуінің де бастау негізі Ұлттық салт - дәстүрмен сабақтасады. Күнделікті өмірде адамдар бір - бірімен сөйлеу тілі арқылы қарым - қатынас жасайды. Сондықтан сөйлеу, сөйлесе білу - өнер, сүйекке сіңіп қалыптасқан үлкен мәдениеттіліктің белгісі. Адам таңдау, сөйлеу, жазу мәдениетін меңгерсе, ойып жүйелі жеткізе алады. Сөйлеген кезде әр сөздің заңдылықтарын мысалы: орфоэпия сақтап, мағынасына орай сөйлемде дұрыс қолдануға дағдылану керек. Мысалы, айтылуы құлұн, жазылуы құлын. Сөйлесіп отырғанда, пікір айтқанда қолды сермеуге, қатты күлуге, бет - ауызды көп қимылдатып, жөні жоқ қисаңдата беруге болмайды. Аса қызығып, тез сөйлеудің жөні жоқ. Мазмұнды сөзге құлақ қойып, ықыласпен тыңдай білуге де дағды керек. Кісіні тыңдай білу де – мәдениеттілік. Тіл тазалығын сақтау маңызды. Сөзді шұбарламай, басқа тілден сөз қоспай, бір сөзді жиі қайталамай мәдениетті сөйлей білу - үлкен өнер.
- 3 -
Сұрақ - жауап. (оқушылармен жұмыс)
Білім кезеңі. Қоржыннан сұрақ алғызып, оқушыларды жеке - жеке шығарып жауап
Омоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Сөздің тура мағынасы деген не? Мысал келтір.
Антоним дегеніміз не? Мысал келтір.
Дыбыстық түрлерін ата.
Буынның неше түрі бар? Мысал келтір.
Екпін нешеге бөлінеді?
Тыйым сөздерге мысал келтір.
Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша?
Бір өлеңді жатқа айт.
- 4 -
Жалпы топпен жұмыс
Мұғалімнің 2 топқа қойылатын сұрақтары.
1 - сұрақ. Сөйлеу мәдениеті туралы не білеміз?
2 - сұрақ. Тіл туралы кім қандай өлеңдер жатқа айта алады?
3 - сұрақ. Сәлем - сөздің анасы туралы үйге берілген тапсырма туралы ойларыңды ортаға салыңдар.
4 - сұрақ. Сөйлеу мәдениетінің түрлеріне қайталау жүргіземіз. Кім түсіндіріп бере алады?
5 - сұрақ. Бата - тілек, алғыс сөздер, айналу, толғану, сыйыну, табыну сөздеріне қандай мысал келтіре аласыңдар?
Мұғалімнің қорытындысы

Сәлемдесу - тұрмыстық қатынастағы сөз басы.
Адамдардың бір - біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлемдесу - тұрмыстық қатынастағы сөз басы. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті сондықтан оның мағынасына мән беру - әдептіліктің, адамгершіліктің, сөз мәдениетінің байыптаудың баспалдағы. Кішінің үлкенге сәлем беруі - үлкеннің құрмет көруі, жастың ізет білдіруі. Сәлемдесу - ағайын мен туысты, дос - жаранды, іні мен ағаны, бала мен дананы жарастыру ғана емес, ата - салтын жалғастыру, алысты жақындастыру. Адамның кейіп - кескінін тану, оның болмысын байқау, көңіл - күйін білу, әрі өзін өз ниетін ұғындыру.
Үлкен - кіші, қатарлас құрбы - құрдастар, әйел адамдар қазіргі күнде көбіне «Сәлеметсіз бе», «Аман - есенсіз бе», «Есен - саусыз ба» деп сәлемдеседі. Ал ер адамдар үлкен адамға ұлттық дәстүрді сақтап, «Ассалаумағалайкум» - деп Алланың нұры жаусын, тәңірден есендік тілеймін, тыныштық болсын деп тілесе, «Уағалейкумассалам» деп сізге де соны тілеймін деп жауап қайтарады. Сәлемдесудің ең басты шарты - жылы лебіз. Сәлемді дұрыс алмау көргенсіздік болып табылады. (дәптермен жұмыс) Оқушы дәптерлеріне мақал - мәтелдер жаздыру.

Сабақты бекіту.
Балалар, сендермен бірге біраз жұмыстар жүргіздік. Өткен сабақты қайталай отырып алған білімдерімізді көрсете, айта білдік. Ойларың тереңдеп, сөзге мән беретіндіктеріңді байқадық. Білімді, мәдениетті болып ержетесіңдер. Енді. Қорытындылайсыз ба кесте арқылы балалар білімін жинақтаймын. Үйге тапсырма берейін.
Бағалау. 2 топ оқушыларына жауаптарына қарай естелік сыйлық ұсынылады. Қоржыннан блокнот, қаламсап, бояу қарындаш сияқты заттар ұсынамын.

Мақал - мәтелдер және өлең жол.

Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.

Тіл - адам ойының айнасы.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Айтылған сөз - атылған оқ.
Таза сөйлеу - биік мәдениеттілік.
Көңілсіз құлақ - ойға олақ.
Өнер алды - қызыл тіл.
Жақсы лебіз - жарым ырыс.
Шешеннің сөзі - ортақ.
Әр халықтың тілі - білімнің кілті.
Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма.
Абай.
Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз.
Ж. Баласұғын
Сүйемін туған тілді – анам тілі
С. Торайғыров
Мақалдар
Бір күн танысқа қырық күн сәлем
Базардың жүз кісі бар біріне ғана сәлем бер.
Сәлем - сөздің анасы.
Иіліп сәлем береді әдепті елдің баласы.
13 476
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы - оқу қабілеті төмен балалар үшін түзету жұмыстарына арналып жазылған. Бағдарлама құру барысында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекшеліктерін (танымдық, психикалық және тұлғалық) ескере отырып
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Ғаламтор құрамының элементтері
Ғаламтор құрамының элементтері
«Ғаламтор құрамының элементтері» тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Мектепке немен барасың?
Мектепке немен барасың?
Мектеп туралы алған білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Эльмира Хасенова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×