Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің Отанымыз - Қазақстан

29 қазан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Біздің Отанымыз Қазақстан.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының құрылуы және оның географиялық жағдайы, табиғат ерекшеліктері және пайдалы қазбалары жайында түсіндіріп, білімдерін жетілдіру.
Елін, жерін, салт – дәстүрлерін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының физикалық картасы,
слайдтар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тренинг. Оқушылар орындайды.
Мен атқан таңды сүйемін
Шуағын шашқан күнді сүйемін
Аялаған анамды сүйемін
Қоршаған бар әлемді сүйемін.

Кіріспе бөлім.
- Оқушылар, қазір тақтаға күн шығады, ал әр сәулесіндегі теңеулерді бірге хормен айтамыз.
- Иә.(Бірге)
- Бұл қай мемлекет?
- Дұрыс айтасыңдар, бұл туы көкте желбіреп, шыңдары аспанмен таласқан Қазақстан Республикасы. Сендер қазір мемлекетке қандай үлес қосасыңдар?
- Мектепке келіп, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі болу
1. Менің Отаным - Қазақстан Республикасы
Бүгінгі сабағымызда сендер Отанымыз жайлы біраз мағлұмат аласыңдар.

1. Еліміздің тарихы 3 мың жылдан асады. Қазақ халқының негізің ежелгі тайпалар жауынгер тайпалар болатын. 1969 жылы Алматы облысындағы. Есік қаласының маңында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Қорғаннан 7 метр тереңдікте жас сақ көсемінің сүйегі табылды. Оның тәжінен аяқ киіміне дейін 4000 алтын алқа қадалған. Сақтар - қазақ тайпаларының ежелгі ата - бабалары болып табылады. Одан кейін үш жүздің басын біріктіріп, қуатты мемлекеттік айналдырған Тәуке хан 1680 - 1718 үлкен күш жұмсаса, қазақ жерін жоңғарлардан түпкілікті тазарту жолында Абылай хан 1711 - 1780 басқарды. Еуразияның орталығында орналасқан қазақ жерінің жер көлемі 2724000 км, соңғы жүргізілген халық санағына сүйенсек, 17 млн көрсетіп отыр. Мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі. Ұлтаралық тіл - орыс және ағылшын тілдері болып табылады.
Мемлекетіміз көп ұлтты болып саналады. Елімізде орыстар, өзбектер. Ұйғырлар. кәрістер. гректер т. б ұлт өкілдері қазақ халқымен тату - тәтті өмір кешуде. Республикамызда 14 облыс бар

1. Батыс Қазақстан облысы.
2. Атырау облысы.
3. Маңғыстау облысы.
4. Ақтөбе облысы.
5. Қостанай облысы.
6. Қызылорда облысы.
7. Солтүстік Қазақстан облысы.
8. Ақмола облысы.
9. Қарағанды облысы.
10. Оңтүстік Қазақстан облысы.
11. Павлодар облысы.
12. Шығыс Қазақстан облысы.
13. Алматы облысы.
14. Жамбыл облысы.

Қазақстан 5 мемлекетпен шектеседі:
1. Ресей.
2. Түркіменстан.
3. Өзбекстан.
4. Қырғызстан.
5. Қытай.

В. Басқару формасы тұрғысынан Қазақстан мемлекеті президенттік Республика болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Г. Әрбір тәуелсіз мемлекеттік өз туы, елтаңбасы, әнұраны болады.

Елтаңба
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығы, мемлекеттің бастауы отбасы бейнелейді. Қанаты тұлпар мәңгілік өмір шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халқымыздың рухани байлығының белгісі қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау белгісі.
Елтаңба төбесінде бесбұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары суретшілер
Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 121
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Менің Отаным"
"Менің Отаным"
Мақсаты: Балаларды Отан – сүйгіштікке баулу, еліміздің рәміздерімен таныстыру. Әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме. Көрнекілігі: ҚР президентінің портреті, еліміздің рәміздері, Астана қаласы туралы суреттер. Ұйымдастыру кезеңі:
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан Асыл өлкем ерекше, Қазақстан – мекенім! Беп - белгілі емес пе, Сенің ғажап екенің!
Қазақстан - көп ұлтты тәуелсіз мемлекет
Қазақстан - көп ұлтты тәуелсіз мемлекет
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жыныс ауылы, Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Набат
Менің Отаным - Қазақстан!
Менің Отаным - Қазақстан!
Ақтөбе қаласы, №1 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Мурынова Алия Ордабаевна
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×