Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз тойы – дәстүрлі мереке (сыныптан тыс шара)

15 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, дамыта оқытып тәрбиелеу.
2. Халықтың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.
Көрнекілігі: Ұлттық киім үлгілері, ұлттық тағам түрлері, құрақ көрпе, мақалдар, оқушылар салған суреттер, нақыл сөздер.

Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда ол жылы жол болар.
Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат.

Мұғалім сөзі: - Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп - өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – жаңа жыл болып саналған. Жыл басы – Наурыз, Баба халқымыздың салтында, ойын – күлкінің көркімен сәні Жиренше, Қожанасыр, Алдар Көсе, Тазша бала болған. Міне, енді сол ауылда болып жатқан « Наурыз тойы – дәстүрлі мереке» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Оқушы. Наурыз жыр:
Наурыз келіп, қар кетті.
Ақ қар көк мұз жұтатқан
Шаруа елінен қар кірді.
Наурыз келіп, жас кірді,
Жас хабаршы әз кірді.
Күнге тосып арқасын,
Жан біткенге наз кірді.
Мұғалім:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы – салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.

Көрініс. Күн мен Түн шығады ортаға.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек бірақ.

Оқушы:
Сәнді көктем – Наурыз,
Наурыз тойы – жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын күн мен ай,
Құтты болсын Наурыз той!

Мұғалім: Балалар, ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, кәне, соны көрейік. Ортаға Мейрам, Райымбек, Рауан, Мейрамгүл, Аманжан шығады.
Оқушы:

Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын.
Оқушы:
Ұлыс береке болсын,
Бәле – жала жерге енсін.
Оқушы:
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
Оқушы:
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын!
Оқушы:
Ау, жараңдар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер.

Мұғалім: Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған. Қане, кім қандай ұлттық ойындар біледі? ( Қыз қуу, бәйге, көкпар, күрес, теңге алу, асық ойнау).
- Олай болса, біз де бүгін тойымызда осы ойындарды ойнап көрейікші.
1. «Қыз қуу ойыны». Мақал – мәтел айтып жарысады.
2. «Күш сынасу» (білектесу).
Мұғалім: Балалар, Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Міне, бүгін аналарың сендерге наурыз көже пісіріп жіберген екен, ал біз аналарымызға арнап« Қазақтың дастарқаны» атты әнімізді айтып берейікші.
Хор: «Қазақтың дастарқаны».

Қорытынды сөз: Осымен тәрбие сағатымызды батамен аяқтай отырып, наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.

БҚО, Шыңғырлау ауданы,
Тасмола ОЖБББМ
Китарова Лайла Толыбаевна
28 781
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне
Қазақтың ұлттық мейрамы
Қазақтың ұлттық мейрамы
Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру. Қазақ халқының аыз әдебиеті мен шешендік өнері туралы баяндау.
Наурыз – жыл басы
Наурыз – жыл басы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Мыңжанова Далухан
Н. Қозыбаев «Наурыз көже»
Н. Қозыбаев «Наурыз көже»
Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймұханова Бақыткүл Издібайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×