Жыл басы - Наурыз
Тақырыбы: «Жыл басы наурыз»
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық салт - дәстүрлерін, ойындарын дәріптеу.
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Келе жатқан Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Көктем мен жаңа күн мерекесі – наурызды кеңінен атап өту дәстүрі бүгінде қайта оралды. Игіліктің, жаңару мен жақсылықтың бастауы болып саналатын бұл халықтық мерекеге қазір үлкен мән берілуде, өнер мен еңбектің өрлеу жағдайында атап өтілуде. Тамыры терең, дәстүрі жаңарған мейрамның біз үшін маңызы өте зор.
Жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа леп.
Наурыз – шаруаның мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
Олай болса, тойымызды «Қара жорға» биімен ашайық.
(Би «Қара жорға» оқушылар бір мезгілде билейді.)
Жүргізуші: Ұшады аққу көлден қазыменен,
Жүреді көл жағалап жазыменен
Жарасар ойын – күлкі, ән менен би
Ойыңды баурайтұғын назыменен
Мектебіміздің Салтанат би тобының қыздарын «Қазақ биімен» ортамызға шақырамыз.
Жүргізуші: Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,
Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың,- дей отыра, осы Наурыз мерекеміздің құрметіне арналған өзіміздің «Наурыз тойымызды» бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Жолдыбаева Дана Саубайқызына береміз
Жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып - дей келе енді Наурыз мерекесіне арналған «Жас тілші» үйірмесі мүшелерінің «Наурыз тойы» атты әдеби музыкалық қойылымына кезек береміз.
Жетекшісі: Құлекешова Айымгүл Базарбайқызы
Жүргізуші Наурыз тойы береке,
Наурыз тойы – жыр - аңыз.
Қызып шаттық мереке,
Қызық думан құрамыз!
Наурыз келсе,
Құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық! 2ә - сынып оқушысы ән шашуын алып келіп отыр. Ендеше «Наурыз» әнімен Сағатұлы Еркебұланды қарсы алайық.
Жүргізуші: Наурыз тойы – шаттық тойы. Наурыз тойында барлығы ұлттық ойындар ойнап, өздерінің білек күшін, жүрек күшін, ептілігі, шапшаңдығын көрсете білген. Бүгін біз 1 - 2 - сыныптың жігіттерін сынап көрейік. Ұлттық ойынымыздың атауы «Теңге алу» және «Асық ойыны»
Жүргізуші: Қимылынан еседі мың бір арман,
Тамашалап тамсанбай кім тұра алған
Жадыратар жаныңа жылу сыйлап
Бишілері қазақтың мың бұралған – деп 2а сыныбының биші қыздарымен ұлдарын ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі - жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен. Ендігі кезекті 3 - сынып оқушыларының мерекеге арнап алып келген сахналық көрініске кезек берейік «Алдар Көсе мен шайтандар» Жүргізуші: Салт - дәстүрмен жарасса,
Жыр оқиық тамаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жаңаша
Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды,
Той деп бүгін халқым шашу шашады деп Бүгін міне тойымызға арнайы шашуларын алып келген 4 - сыныптың мың бұралған биші қыздарының «Қазақ биін» тамашалайық.
Жүргізуші: Күн күліп арайланды,
Шын досыңның көктемдей арай жаны.
Күліп аспан, ал дала шаттанғанда
Жылуындай көктемнің тарайды әні.- дей келе наурыз тойына арнап өзінің көркем даусымен сіздерді тамсандыруға 5 - сынып оқушысы Мүземелұлы Райымбекті ортаға әнімен шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ойын
Наурызда ойналады ұлттық ойын
Төлдейді сиыр, түйе, бие, қойын
Құтты болсын жанары келген тойын деп ендігі кезекті тағыда ұлттық ойынымызға берсек. Бұл ойынымыздың өздеріңіз біліп - естіп, ойнап жүрген «Арқан тартыспақ»ойыны. Ортаға 5 - 6 - сынып жігіттерін шақырамыз.
Жүргізуші: Көктем! Күн нұрын көктен төккен.
Көктем! Бақыт дәнін сепкен.
Әлемнің көктем – шалқар мерекесі,
Танытар, ырыс – құтын берекесі.
Наурызда думанын ұластырып,
Мәпелеп аялаған ел еркесі. дей келе Ерке қыздарымызды ортаға шақырайық 6 - сынып «Қазақ биі»
Жүргізуші: Ұлт ойындары - ата - бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Осыны ескере отырып Келесі ұлттық ойынымыз «Білектесу» деп аталады. Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір столдың шетіне қарама - қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Ойынға 3 - 4 - сыныптың жігіттерін шақырамыз.
Жүргізуші: Қазақ халқының аса бір құрметтеп, асыға күтер мерекесі - Наурыз. Наурыздың 22 - жұлдызы күн мен түн теңеледі. Жаңа жылдың бірінші күні - Ұлыстың ұлы күні деп аталады. Наурыз мерекесі кезінде халық жақсы киімдерін киіп, жастар қарттарға жарқын жүзбен сәлемдесіп, батасын алып, мерекемен құттықтайды. Ұлттық ойындар ойналып, ән айтылып, би биленеді. Қара қазандарға жеті тағамнан тұратын Наурыз көже жасалып, тегін таратылады.
Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.
Жүргізуші: Еді осыны ескере келе Ұлттық тағамымыз наурыз көжеден дәм татайық.
Жүргізуші: Мінекей наурыз тойымызға арналған шарамыздың да соңына келіп жеттік. Барлықтарыңызға тағыда Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Бақ берсін, қыдыр дарысын! «Ұлыстың ұлы күні!» сіздерге, отбастарыңызға құт - береке, мол бақыт әкелсін!
- Сау болыңыздар! Рахмет!

Жаңалықтар
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің, Әз - Наурыз!
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ мектепалды даярлық топ мұғалімі Ажгалиева Айнур Шапагатовна
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.