Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктер

30 қараша 2014, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың өсімдік тіршілігі туралы алған білімдерін кеңейтуге бағыт беру. Сабақ туралы ұғымды меңгерту
Дамытушылық: Өлкемізде кездесетін өсімдіктер жайындағы ой - өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Табиғатты тани білуге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Болжамданған нәтижесі: Өсімдіктерді тану
Сабақтардың көрнекілігі: Өсімдік сабақтарының суреті СТО стратегиялары, мазмұнды суреттер.

Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі (ой шақыру).
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ - жауап әдісі.
1. Өсімдік мүшелерін ата.
Тамыр - өсімдіктің негізгі және астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топыраққа бекітіп ұстайды. Және топырақтағы ылғалға еріген минералдық тұздарды сіңіріп, өсімдікті қорекпен қамтамасыз етеді.
2. Тамырдың өсімдік тіршілігіне қандай маңызы бар?
Тұқым өнгенде, ең алдымен, оның қабығын жарып тамыр шығады. Тұқымнан шығатын осы тамырды негізгі тамыр дейді.
3. Тамыр түрлерін атаңдар.
Мысалы: күнбағыс, қымыздық, сәбіз бақбақтың негізгі тамыры айқын көрініп тұрады. Жақсы жетілген өсімдіктердің негізгі тамыры кіндік тамыр деп аталады.
Ал картоп, бидай, пияз сияқты өсімдіктердің тамырлары шашақталып шоқталып тұрады. Оларды шашақ тамырлар дейді.
4. Тамырдың тағы қандай түрлерін білесіңдер?
Сүйеме тамыр, ілме тамыр
5. Шөлді өсімдіктің тамыры неге ұзын болады?
Шөлді жерлерде өсетін тікен, құрай, жантақ сияқты өсімдіктердің тамырлары ұзын болады. (15 - 25м) тереңге кетеді. Себебі, ондай жерлерде су топырақтың терең қабатында ғана сақталады. Өсімдік тамыры сол суға жету үшін ұзарып өседі.
Өткен сабақты қорытындылау.
Кәне балалар, «Кім зейіндірек» дидактикалық ойыны арқылы білімімізді тиянақтап өтейік. Тақтаға тамырдың суреттерін ілемін. Сол сурет бойынша балалар тамыр түрлерін ажыратып айтады. Тамыр аттары астына кезек - кезек іледі.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға рахмет айтып, мадақтау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақ. (Миға шабуыл жасау) Қызығушылықты ояту.
Оқулықпен жұмыс. 3 топқа бөліп оқыту.
Сыныптағы өсімдіктердің сабақтарын оқушылардан сұраймын.
Сұрақ - жауа әдісі. Ол қандай мүше?

І топ.
1. Сабақ дегеніміз не? Сабақ өсімдікке неге керек?
Сабақ өсімдіктің маңызды мүшесінің бірі, ол өсімдіктің барлық мүшелерін бір - бірімен жалғастырып, тірі организм ретінде тіршілік етуін қамтамасыз етеді.
2. Сабақтың қандай түрлері бар?
Сабақтың түрлері: тік сабақ, жатаған сабақ, ілінгіш сабақ, шырмалған сабақ.
3. Сабақтың атқаратын қызметі туралы айт.
Сабақ тамырдың топырақтан сіңірген қоректік заттар ертіндісін жапыраққа, бүршіктер мен гүлдерге, жемістерге жеткізеді. Сабақ өсімдік бойындағы қоректі өткізгіштік қызмет атқарады.

ІІ топ.
1. Сабақта қандай мүшелер болатынын айт.
Сабақта гүлдер, бүршіктер болады, қоректік заттар қоры жасалады. Жемістер пайда болып пісіп жетіледі, сабақтың өте биігі, жуаны, аласасы, жіңішкесі болады.
2. Таңқурай мен жүзімнің сабақтарын салыстырып айт.
3. Таңқурайдың сабағы тік қатты. Мұны тік сабақ дейді. Ал жүзімінің сабағы мұртшалары арқылы ілініп өрмелеп өседі, жұмсақ иілгіш.
Бұл өрмелегіш сабақ.

ІІІ топ.
1. Төселмелі сабақты өсімдіктерді ата.
Төселмелі сабақты өсімдіктерге қауын, қарбыз, қияр жатады.
2. Сабақ өсімдіктің қандай мүшесі?
Сабақ болмаса тамырдан келген қорек өсімдіктің басқа мүшесіне жете алмас еді. Сондықтан сабақ өсімдіктің өте керекті мүшесі.
Сабақты қорытындылау үшін тақтаға ілінген сабақ суреттерін қандай сабақтарға жататындығын ажыратып айтып береді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту. (ой қозғау)
Топтастырудың стратегиясы
Өсімдікке не қажет?

су
жылу
қорек
жарық
ауа

Өсімдіктің не қажет екенін топтастырып жазып шығайық.
ІІ топ. Оқушылардың алдындағы ақ параққа сабақ түрлерінің суретін бейнелеп салып береді.
Мысалы: тік сабақ, жатаған сабақ, ілінгіш сабақ, шырмалғыш сабақ.

ІІІ топ.
Балалар, Венн көрсетуі арқылы тамыр мен сабақтың өзара ерекшеліктерін атап, ортақ қасиеттерін салыстырып кетіңдер.

V. Қорытындылау, бағалау.
VI. Үйге тапсырма. «Сабақ» тақырыбын оқып келу. Өсімдіктер туралы жұмбақ жаттау. Өзіңе ұнаған өсімдік сабағын салу. Өсімдік туралы эссе жазу.
9 031
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдіктің жер астындағы мүшесі – тамырдың қызметімен, оның түрлерімен таныстыру, өсімдіктің топырақтағы бөлігі, оның қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру; Табиғаттағы барлық жануарлар мен өсімдіктерге орынсыз зиян келтірмеуге тәрбиелеу.
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Өсімдік мүшелері және оның қызметі. Тамыр
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей биология пәні мұғалімі Ғалымжан Арықбаев
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамыр түрлері және тамыр жүйелері.
Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызын тамыр күтімін зерттеп талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×