Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әні тірі ағаның жаны тірі, Аралап жүр қазақтың кең даласын

15 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Әні тірі ағаның жаны тірі,
Аралап жүр қазақтың кең даласын
Мақсаты:
1. білімділік: Сыр өңірінің тума таланты, өнер саңлағы Бексұлтан Байкенжеевтің өмір жолы мен таныстыра отырып әндерін айту, ақын – сазгердің өнерін насихаттау
2. Дамытушылық: Оқушының ой - өрісін дамыту, әнге деген құштарлығын арттыру
3. Тәрбиелік: Отанға, тілге және әнге деген құрметін арттыру
Көрнектілігі: интерактивті тақта, суреттер, өлеңдер жинағы, кітап көрмесі
Жоспары
І. Қысқа ғұмыр өнегесі
ІІ. Ән қанатында
ІІІ. Әнші жайында жылы лебіздер
ІҮ. Оқушылар шығармашылығы

Барысы
Мұғалім: Алаштың анасы атанған Сыр бойы, оны ішінде ежелден өнер сүйген, табиғатынан әнге әуез, жырға құмар Жаңақорған өңірі ел мәдениеті мен әдебиетін, өнерін өрге бастырған танымал дара тұлғалардан кенде емес. Соның бірі – Республикаға еңбегі сіңген мәдениет қызыметкері композитор Бексұлтан Байкенжеев. Ән жоқ жерде тірлік болуы мүмкін емес. Ол адамды әлдилейді, тербетеді, ұйықтатады. Бексұлтан Байкенжеев болса сондай құдірет тербеген әнімен халқын әлдилеген өнерлі жан.
Олай болса ән менжырға толған Сыр өңірінің өнер саңлағы Бексұлтан Байкенжеевке арналған тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1 - жүргізуші Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, қонақтар және ата - аналар! «Әні тірі ағаның жаны тірі, Аралап жүр қазақтың кең даласын»атты тәрбие сағатымызды ашық ден жариялаймыз
2 - жүргізуші Сыр өңірінің тума таланты композитор, әнші Бексұлтан Байкенжеевтің туғанына 64 жыл толуына байланысты 8«ә» сыныбының дайындаған «. Әні тірі ағаның жаны тірі, Аралап жүр қазақтың кең даласын»атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер

1 - жүргізуші: Данышпан қазақ қашанда жақсы әнді жан серігім деп әдейі бағалап келген екен. Ол өнердің ішінде ең асқақ шыңы екенін мойындаған. Сонан болар ән мен жыр адам бойындағы құдіреттіліктің ең асқақ көрінісі екендігіне ұлы Абай атамыз
"Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй "
- деп айтып кеткен.

2 - жүргізуші сырдың ақ топырағына аунап, оны шөңгесі мен тікенегіне аяғын тілгілеп өскен Бексұлтан ағамызда Ән мен жырды Абай атасынан кем сүйген емес. Сонан болар оның 80 - нен астам әндері бұл күндері кең байтақ егеменді еліміздің ауыл кештерінде болсын сахна төрінде болсын асқақ сезіммен орындалып келеді.

1 - жүргізуші: Қарақат көз, алма мойын, ақ құба,
Ай боп туып, таң боп әлде атты ма?
Бірде әуен, бірде қыздың бейнесі,
Кімге барып қонар екен бақ мына?!
Мұғалім сөзі: Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, жезтаңдай әнші жерлесіміз Мәдина Ералиева өзінің " Ақбаян" әні арқылы жұртшылыққа кең танымал болғандығын айтқан болатын.

1 - жүргізуші.... Сәуірбай Досханның орындауында "Ақбаян" әні. Сөзін жазған: Әбдімәлік Сыздықов
Сол бір кеште аялады тәтті арман,
Жан сырымды жая алмадым, Ақбаян.
Көк теңіздей буырқанған, толқыған
Жүрегіңнен сая таптым, Ақбаян, Ақбаян.
Жас жүрегім іздеп жалғыз өзіңді,
Еске аламын мөлдір қара көзіңді.
Көңілімнің аңсағаны өзіңсің,
Сөндірмеші сол сезімді, Ақбаян, Ақбаян

2 - жүргізуші: Әсем әуен бойыңа қуат, ойыңа нәр, түріңе әр беріп тұрады. Бұл - өнердің күші. Ал осындай өнерді жасайтын өнерлі жан болса, соның бірі – Бексұлтан Байкенжеев.
1 - жүргізуші: Бексұлтан ағамыз - өмірде аз жасаған мен өнер жолында өнімді еңбек етіп, соңында ғұмырлы дүние қалдырып кеткен жан.

Қысқа ғұмыр өнегесі
1 - оқушы: Бексұлтан Байкенжеев 1949 жылы 7 - қарашада Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі елді мекенінде дүниеге келген. Ол 1966 жылы аудандағы 51 орта мектепті бітіргеннен кейін аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болды.

2 - оқушы: 1968жылы Қызылорда педагогикалық институтының музыка факультетіне түсіп, оны 1972 жылы бітіріп шықты. Сол жылдан бастап ол өмірінің соңғы күндеріне дейін аудан орталығында Әлшекей атындағы өнер мектебінің директоры болып кызмет ізтеді.

2 - жүргізуші: Бексұлтан Байкенжеевтің артында 4 ұл, бір қызы қалған. Қазіргі таңда әкесінің өнерін жалғастырып жүрген екі ұлы. Үлкен ұлы Әбсұлтан Өтепбергенов Бексұлтан Байкенжеев атындағы шығармашылық өнер мектебін басқарып отыр.

3 - оқушы: Бексұлтан Байкенжеев облыс орталығында ұйымдастырылған "Сыр сұлуы", "Нұргүл" ән - би ансамбльдерінің құрамында әнші ретінде Болгария, Германия елдерінде және Мәскеу, Кишинев, Нөкіс, Алматы, Жамбыл қалаларында болып өнер көрсетті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 130
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қара сөздер. Абайдың алтыншы қара сөзі
Қара сөздер. Абайдың алтыншы қара сөзі
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді.
Сал - серілер керуені
Сал - серілер керуені
Серілер туралы алған білімдерін қорыту, шығармаларын танып білу, тарихи тұлғалардың шығармаларынан рухани ләззат алып, халық композиторларының өміріне құрметпен қарауға баулу.
Күз әуені
Күз әуені
Думан толы асқарлы Күз мезгілі басталды. Күз әуені кеп жетті, Әнге бөлеп жастарды. Нұрға бөлеп өмірді, Жырға бөлеп көңілді, Жарқыраған сәулелі Күз әуені төгілді.
Әлшекейдің бал – шекер тәтті күйлері - ай
Әлшекейдің бал – шекер тәтті күйлері - ай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №194 орта мектеп. Орындаған: Данабекова Фариза Оралбайқызы 10 – сынып оқушысы Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі,”Сығанақ” тарихи мұражай жетекшісі: Бахрамова Айгүл Ташмаханқызы
Сәкен Сейфуллин “Біржан”
Сәкен Сейфуллин “Біржан”
Шалқар қаласы, №4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ашықбаева Мирамгүл Қостайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×