Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүйіспеншілік нұрымен

26 қазан 2012, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
ШҚО, Абай ауданы, Саржал ауылы
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Жактаева Динара

1-жүргізуші
Ақ көңілді, мейірімді
Саямыз да панамыз
71 жасқа келіпті
Мінекей Сара апамыз
2-жүргізуші
Өзін-өзі тану бағдарын
Пән қылып бәрін кіргізген
Жан сарайын сәбидің
Күлкіге мәңгі көмгізген

І «Шаттық шеңбері» бөлімі
1-жүргізуші
- Сәлеметсіздер ме, бүгінгі «Сүйіспеншілік нұрымен» атты кешке жиналған қауым, оқушылар, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар.
2-жүргізуші
- Сіздердің күлімдеген көздеріңіз бен бұл-бұл жанған жүздеріңді көріп қуанып тұрмыз. Сондықтан кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші
Ал, балалар, келіңдер!
Шеңбер жасап тұрайық
2-жүргізуші
Мұғалімнің айтқанын мұқиятты ұғайық.
1-жүргізуші
- Балалар бәріміз «Шаттық шеңберіне» тұрып, әсем әнмен көңіл күйімізді көтеріп алайық.
2-жүргізуші
- Бәріміз Еркежанмен қосылып «Бақытты құрбылар» әнін бірге шырқайық.
Рахмет Еркежан. Саған алғысымыз ретінде кешімізден естелік тарту етеміз. (1)

ІІ «Өнегелі отбасы» бөлімі
1-жүргізуші
Міне, қараңыз, жанұя
Өрлеген өрге әр тасы
2-жүргізуші
Ауылыма танымал
Берекелі отбасы
1-жүргізуші
- Құрметті көрермендер біз келесі кезекті «Өнегелі отбасы» бөліміне береміз.
- Балалар ауылымыздағы Құдайбергеновтер әулеті жайлы білемісіңдер? Олай болса біз осы жанұяны «Өнегелі отбасы» деп танып, олардан сұхбат алып қайтқан болатынбыз. Барлығымыз экранға назар аударайық. (видеоролик)

2-жүргізуші
- Осы сұхбатымыздың кейіпкері 4 баланың анасы, Ардагерлер ансамблінің мүшесі, мектебімізде 33 жыл еңбек етіп келе жатқан Сақан Сқаққызын ортамызға шақырып, бір-екі ауыз тілек, лебізін тыңдасақ.
Рахмет сізге, Кеңестей балаңыздың жетістіктері осы балаларға үлгі болар деп сенеміз, сізге алғысымыз ретінде кешімізден естелік тарту етеміз.

ІІІ «Тыныштық сәті»
1-жүргізуші
Ал қанеки балалар
Бойды еркін жазайық
2-жүргізуші
Сергітейік күш жинап
Шаршағанды басайық
1-жүргізуші
- Қане, балалар, ортаға жайғасайық. (1-сынып оқушылыры шақырылады)
2-жүргізуші
- Көзімізді жұмып, үнтаспаға құлақ шалайық. Естігендерімізді көз алдымызға елестетуге тырысайық. (Релаксация ойнатылады)

- Қандай әсер алдыңдар?
- рахмет, балалар. Сендерге алғыс ретінде естелік тарту етеміз. орындарыңа жайғасыңдар.
IV «Тренинг»
1-жүргізуші
- Енді осы кештегі бәрлеріңізге сергіту сәтін ұйымдастырсақ.
-1-жаттығуымыз «Дене мүшелерін қозғалту» деп аталады. Қазір сіздерге әуендер ойнатылады, ал сіздер орындарыңыздан тұрып, әуеннің ырғағымен Алмагүлдің айтқандарын орындайсыздар. Бұлжытпай орындаған қатысушыға сыйлығымыз бар. Келісіп алсақ, кеттік онда. (әуендер ойнатылады)

1-жүргізуші
1. Бастарыңызбен ғана билеңіздер.
2. Мойындарыңызды қосып билеңіздер.
3. Ыйықтарыңызды қосып билеңіздер
4. Қолымызды қосып билейміз
5. Белді қосып билейміз.
6. Аяқтарымызды қосып билейміз.
2-жүргізуші
Тамаша! Бұлжытпай орындаған қонағымызға сыйлық берілсін. (1)
1-жүргізуші
2-жаттығуымыз «Ойлануға арналған балықтар» деп аталады. Топтың әр қатысушысы себеттен балық аулайды, балықтың артындағы аяқталмаған сөйлемді өз сөздерімен жалғастырады.
1. Ең үлкен қорқыныш – бұл. . .
2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін. . .
3. Мен ренжимін, егер. . .
4. Мен ұнатпаймын, егер. . .
5. Маған көңілсіз, егер. . .
6. Егер маған дауыс көтерсе, мен. . .
7. Мен қарсыласқан. . .
8. Егер мен сенімсіз болсам, онда. . .
9. Егер мен кінәлі болсам, онда. . .
10. Егер ата-анам маған сенім артса, онда . . .
11. Ініммен бір затқа таласып қалсақ, . . .
2-жүргізуші
3-жаттығуымыз «3 түрлі сөйлесу» деп аталады. 6 қатысушы ортаға шықсын. Берілген тапсырма бойынша әңгімелесіп көріңіздер.
1. арқамен арқаны тірестіріп сөйлесу
2. бірі тұрып, бірі отырып сөйлесу
3. көзбе-көз сөйлесу
1-жүргізуші
Өз әсерлеріңізді айтсаңыздар.
2-жүргізуші
4-жаттығуымыз «Сиқырлы қапшық» деп аталады. Әр оқушы Алмагүлдің қолындағы қапшықтан, қолдарымен сипап - сезу арқылы қолына қандай ойыншық ілінгенін айтады. Дұрыс тапса екіншісін де тауып беру керек.

V «Сыйлық тарту» бөлімі.
1-жүргізуші
Ұстаздар мен ата-анамыз әркезде
Болған бізге панамыз да саямыз
2-жүргізуші
Құттықтайық оларды
Біз де сыйлық жасаймыз

1-жүргізуші
Балалар, келесі бөлім «Сыйлық тарту» деп аталады. Бәрлерің үстелге жайғасып, берілген заттардан сыйлық жасап, ішіне жылы сөздерді салып, өз қалауларың бойынша табыс етесіңдер.
2-жүргізуші
Ал біз экранға назар аударайық. (Видеоролик «Тәңірмен сұхбаттасу»)

- Жақсы, рахмет балалар.
VI «Жағдаятты шешіп көр» бөлімі
1-жүргізуші
Ойланайық, балалар
Пікіріңді айт баршаға
2-жүргізуші
Жағдаяттар берейік
Ойыңды сал ортаға
1-жүргізуші
- Қазір сіздерге мектеп оқушылары, өмірде жиі кездесетін көрініс көрсетпек. Олардың сіздерге қояр сұрақтары да бар. Соларды тыңдап, шешімін тауып көрсек.

2-жүргізуші
Әркімді өз ойын ашық айтуға шақырамыз. Дұрыс шешкендерге сыйлық беріледі.
1. Мен бүгін әтештей шоқысып жатқан екі баланы арашалап алдым. Оның біреуі кішкентай болғанымен үлкенінің жағасына жармасып жатыр. Шақырып едім, бастары салбырап алдыма келді. Үлкенінде үн жоқ, кішкентайы булығып жылайды. Бірінші қол жұмсағаны үлкені екен. Үлкені жауап беруі тиіс қой. Бірақ үлкені былай деп тұр: «Ол менің інімді ұрып-соғады. Тіпті күн бермейді. Оның кітапшаларын тартып алыпты. Мен одан інімді ұрып-соқпауын қайта-қайта өтіндім, ал ол тыңдамайды»

Сұрақ: Бұл екі баланың қайсынікі дұрыс? Сіздер қалай талқылар едіңіздер?
Жауап: Бұл ситуацияда мен үлкен баланың өз бетімен тәртіпке шақырғанын құптамас едім. Бұл балалардың класс жетекшісі бар, сен сол кісіге айттың ба? Осындай конфликт жағдайды класс жетекші арқылы шешу керек. Егерде керек болса ата-анасы арқылы да сөйлесуге болады.

2. Бір күні 6 класс оқушыларын класс жетекшісі Роза апай жеміс жинауға шаруашылық жұмысына көмектесуге шақырды. Жұмысқа баруға оқушылардың барлығы жиналды. Тек қана Әли келмеді. Класс жетекшісі Әлидің үйіне достарын жіберіп еді, үйінде ешкім жоқ екен деп қайтып келді. Кешке қарай оқушылардың бәрі жұмыстан оралды. Оқушылар шаруа қожалығы жұмысына көмектесіп, алғыстарын алып қайтты. Ертеңінде сабаққа барған соң Роза апай мен оқушылар Әлиден неге жұмысқа келмегендігін сұрады. Әли жұмысқа мамасының жібермегендігін айтты. Әлидің мамасын шақырып келіп, болған жайды баяндады. Мамасының айтуы бойынша Әлидің айтқаны өтірік болып шықты. Ол жұмысқа барамын деп, мамасын алдап, мамасы жұмысқа кеткен соң, көрші балалармен ойнап кеткен. Сол күні ол жұмыстан келдім деп кеш оралған. Әлидің бұл ісіне достары қынжылды.
Сұрақ: Әли сияқты балалар туралы сіздің ойыңыз қандай? Сыныпта қандай жұмыстар атқарып, қандай шара қолданар едіңіз?

Жауап: Оқушылар Әлидің жұмысқа келмегенін біліп класс жиналысында талқылау керек, қоғамдық пікір туғызу арқылы әрбір оқушының ойы тыңдалып, Әлиді ұялту, ескерту әдістер арқылы тәртіпке шақыру қажет. Егерде оқушылар Әлиді сынға алса, ол өзінің жасаған қателігіне ойланып барып түзелуі мүмкін.

3. Бір қолында бидоны бар, бір қолында азық-түлік сумкасын ұстаған кемпір кісі студенттер жатақханасы жанынан өте бергенде, даулыға сөйлесіп келе жатқан қыз бен жігіті аралас бір топ студенттер әлгі қарияны басып кете жаздады.
–Ойбай, шырақтарым-ау, көздеріңе қарамайсыңдар ма?! – деген үлкен кісінің ескертпесіне сырықтай ұзын, көп айлар бойы қайшы көрмеген үрпек шашы құлағы мен желкесі түгел жауып, қобыратып өсіріп жіберген, тайраңдаған безеу бет жігіт.
- Көзіміз оқуда бабушка, – деп еді, әлгінің мойнына асылып келе жатқан, тар шалбар киген ши бұт қыздан бастап, бәрі қосылып кең көшені бастарына көтере дарақы қарқылдап жөнеле берді.
-Осы күнгі жастар-ай! Не боп барады өздері? – деп жаңағылардың ізіне қарап әлсін-әлсін басын шайқаумен кемпір де жөніне кетті.
Сұрақ: Осы арада қандай шешім шығаруға болады?

Жауап: қазақтың мақалында «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деп, жаңағы серейген жігіт пен сыйдыған қыз да тірі жүрсе, бір замандарда қаусаған шал, шүңкиген кемпір болары хақ. Сонда өздерін жаңағыдай әдепсіз жастар таптап кете жаздаса қайтер еді?
Жаңағы жігітті қошеметпен қасындағылары тегіс күлді. Сонда осылардың ішінен: «Қой мұнымыз ұят емес пе? Үлкен кісіден кешірім сұрайық» - деген сөздің біреуінің де аузынан шықпағанына қатты қынжыласың. Аталар мен әжелер болмаса ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа үзіліссіз жетіп келе жатқан халық даналығын, арғы бабалар аманатын, әлденеше ондаған бұның өмір тәжірибесін: Жақсы тағлымын, жаман сабағын осы күнгілер қайдан алған болар еді? Әсіресе біздің қазақ сияқты халық үшін «үйіңде қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген нақыл сөздің маңызы орасан зор болса керек.

VII «Жүректен-жүрекке»
1-жүргізуші
Ал, қанекей, қонақтар
Тағы да шеңбер жасайық
2-жүргізуші
Тілек тілеп өзара
Көңілді боп қайтайық.
1-жүргізуші
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар. Ортаға шығып, жүрек жарды тілектерімізді білдірейік. Айтам деушілер ортаға шықса. Тілектеріңізге алғыс ретінде сіздерге кешімізден естелік тарту етеміз.
2-жүргізуші
Осымен кешімізді тамамдаймыз. Келіп, көріп, тамашалағандарыңызға көптен-көп рахмет!
9 717
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 мамыр Ынтымақ күніне арналған «Достық бұлағы» атты ертеңгілік жоспары
1 мамыр Ынтымақ күніне арналған «Достық бұлағы» атты ертеңгілік жоспары
1 мамыр Ынтымақ күніне арналған «Достық бұлағы» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі. Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым
Бала деген бір бақыт!
Бала деген бір бақыт!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 "Балауса" МДҰ меңгерушісі Утешева Гульзада Гайнедзиновна
Отбасылық мерекелер
Отбасылық мерекелер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Сіз туған күн-мереке күн!
Сіз туған күн-мереке күн!
Оқушыларға 12-ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С. А. Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×