Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің ауыл тамаша!

08 ақпан 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сыныптан тыс сағаты
8 «Б» сынып Сынып жетекшісі: Садуова З. С
Тақырыбы: «Біздің ауыл тамаша!»
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған сыныптан тыс сағаты
Сабаққа қатысатын: ата - аналар мен оқушылар
Сабақ түрі: Сайыс
Көрнекілер: Сахна, киіз үй салынған плакаттар, суреттер, ауыл аты жазылған плакат, кілем, көрпешелер, дастархан, қоржын т. б

Мақсаты:
Оқушылардың Қазақстан халықтарының салт - дәстүрлеріне қызығушылықтарын дамыту, Отанына сүйіспеншілік сезімдерін ояту, ата - аналармен балалардың тығыз байланысуы.
(Қосымша 1. ) Наурыз (клип ) Роза Рымбаеваның әні орындалады
- Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз келе жатқан Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әулі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір - біріне деген өкпе - реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.

Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын келе жатқан НАУРЫЗ мерекесі!

- Наурыз — барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз — қаңқылдап қаздар келетін, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат — Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мал бағуды кәсіп еткен ата - бабаларымыздың қорада қойы қоздап, түйесі боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа - жарқа, мәз - мейрам шаттыққа бөленетін шақ.

- Сіздерді Қазақстан Республикасының Президенті, Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Наурыз мерекесімен құттықтап тілегін жіберді. Видео
(Қосымша 2)
- Бүгінгі «Біздің ауыл тамаша»атты сайысымыз кележатқан ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналады
Сол сайысқа қатысатын 8 сынып оқушылары мен қадірменді ата - аналар ортаға келіп түр. Біз барлық сайыскерлерді төрт кіші ауылға бөлдік. Осы сахнада олар өзінің өнерлерің тамаша қылады: Сонымен ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
Осында сайыстың шешуін реттейтін қазылар алқасымен таныс болыңыздар
-----------------------------------------

Сайыстың шарттарымен таныстыру
Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру
2. Викториналық сұрақтар
3. Ауылдың өнері – мақтанышы
4. Салт - дәстүрді көрсету
5. Ойын түрі
6. Мақал - мәтелді жалғастыр

1-кезең. Ортаға таныстыруға ауылды шақырамыз 5 ұпай оған қоса (Таныстыру ерекшелігіне қосылады, сахналық көрінісі бойынша 3 ұпай)
1 Сарыкемер ауылы
2 Астана ауылы
3 Бәйтерек ауылы
4 Наурыз ауылы
Бірінші болып Сарыкемер ауылы ортаға шықты
- Ассалаумағалейкум, жол болсын, достым! Ия, қайда бет алдың?
- Ей, мен Сарыкемер ауылына бет алдым? Ол жерде сұлу қыздар көп – дейді, тағы да, той болып жатыр - деп естідім.
- Онда мен де саған қосылайын, жолда серік керек қой?
Жарайды, маған да жақсы, құдай қонақ – болып барайық
- Па, шіркін, бұл ауыл расында да көрікті екен
Алдарынан жамағат шығып, қарсы алады да танысады

2. Таныстыру Астана ауылы
- Ей, Сәкен, жол болсын, соншама қайда асығып шауып барасың домбырамен?
- Мына Астана аулында айдай сұлу, керемет айтыскер қыз бар – деп естідім, соған барып, айтысқа шақырмақшымын
- Бәрекелді, айтыста жеңетініңе сенемін! Отырған адамдармен келіп танысады. Таныстыру
3. Бәйтерек ауылының танысуы
- Саламатсыздар ма! Біз сапардағы кісілер, жолда көлігіміз бұзылып, осы жақын маңдағы ауылға бет бұрдық. Бұл қай ауыл?
- Бәрекелді, саламатсыздар ма!
- Түнде жападан - жалғыз қалғанша, біздің ауылға келгендеріңіз дұрыс жасапсыздар, төрлетіңіздер! Таныстыру
2 - кезең. Викториналық сұрақтар
Қоржыннан бір конверт алады, оның ішінде 3 сұрақ бар (әр сұраққа 5 ұпай)
3 Кезең Ауылдың өнерің тамаша қылайық топтық ән, би, терме, күй...(5ұпай) толық топ шықса тағы да 5 ұпай қосылады
1 2 3 4
4 - кезең Салт - дәстүр туралы не білесіз? 5 ұпай ( егер оны көрсетсе тағы 5 ұпай қосылады )
Қоржыннан бір салт - дәстүрге байланысты тапсырма алады, соны көрсетіп, мәлімет береді
5 - кезең Кім жылдам? Әр ауылдан кез - келген 1қыз бала, 1 ұл бала ортаға шығып тапсырманы орындайды
Ер балаларға тиын көтеру
Шарты: жерде орамалға тиын салынады, бала оны еңкейіп аузымен алу керек.
Қыздарға тез арада жіпке моншақ салу, барлығына бірдей моншақ беріледі
Шарты: 3 мин. тез арада ерекше етіп, әр түсті моншақтарды қолданып, түсірмей бітіру) Әр жылдам балаға 5 ұпай (көркем жасалған жағынан 2 ұпай қосылады
6 - кезең Мақал - мәтелді жалғастыр
Бұл әр ауыл бес - бестен мақал басын айтады, ал қарсыластары жалғастыру керек. Әр дұрыс жауапқа 1ұпай

Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі
Осы сайысқа қатысқан баршаңызға алғыс білдіре отырып, салауатты өмірдің салтанаты, күн мен теңелген, баршаға арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық, тазалық пен татулық сыйлаған кележатқан НАУРЫЗ мейрамы құтты болсын - демекшімін! Дендеріңізге амандық - саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз! Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!
Шашу шашады
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы - уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. Әне - міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті.
Наурыз - жыл басы
Наурыз - жыл басы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Танатарова Разия Нурымовна
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Ұлыстың Ұлы  күні – Наурыз!
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз!
Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×