Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының ою - өрнегін қию өнері. “Сынықмүйіз жасау”

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ою - өрнегін қию өнері. “Сынықмүйіз жасау”
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының ою - өрнек өнерінің шығу тарихына түсінік бере отырып, ою түрлерімен таныстыру.
б) дамытушылық: «Қазақ халқының ою - өрнегін» тақырыбында алынған теориялық білімін практика жүзінде іске асыру.
в) тәрбиелік: оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру, ою - өрнек қию әдіс - тәсілдерін меңгерту. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сәндік қолданбалы өнер, шығармашылық туралы альбом, ұлттық киім үлгілері, ою - өрнек тер, фото суреттер, заттар үлгілері
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Өткен сабақты тексеру
3. жаңа сабақты түсіндіру
4. Топтастыру
5. Қызығушылығын ояту
6. Бекіту және қорытындылау

Жаңа сабақ. Балаларға қазақ халқының ою - өрнек өнеріне түсінік беремін. Қазақ халқы көшпелі болған. Мал шаруашылығының қыр - сырын жете меңгерген еңбекшіл де, епті халқымыз мал өнімдерін де тұрмысымызға қолдана білген. Малдардың сүйегін де, мүйізін де, жүнін және терілерінен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар жасаған. Жылқы сүйегін өңдеп, қобди, сандықтар бетін өрнектеген. Түйе жүнінен тоқылған шекпен, шудасының емдік қасиетін де тапқан. Ешкінің қылынан, түбітінен бағалы бұйымдар тоқылды. Сиыр терісін илеп, сәнді ер - тоқымды, ат әбзелдерін ою - өрнектеп өріп жасады. Қой терісінен тон тікті. Жазу - сызу болмаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа түсіріп отырған. Келе – келе киізге, алашаға кілемге, заттарға салатын болған.

Ою - өрнек дегеніміз - белгілі бір сурет пен сызықтарды белгілі бір тәртіппен орналасуын айтамыз.
Оюдың шығу тарихы туралы түсіндіру. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек бұл өнер ежелгі көшпелілерден жеткен. Біздің заманымыздан бұрынғы IV - VII ғасырларда Орта Азия, Қазақстан, Алтай және Оңтүстік Сібір жерлерінде бір - бірімен тығыз байланыста ортақ мәдениеті бар туыстас тайпалар өмір сүрген. Олар сақтар ғұндар, үйсіндер. Яғни біздің ата - бабаларымыздан жеткен ою - өрнек өнері. Міне, бүгінгі таңда атадан балаға жалғасын тауып келе жатыр.
Топтастыру жұмысы. Балаларға ою - өрнекті төрт топқа бөлінетіндігін түсіндіремін.

Ою түрлерімен таныстыру
Ботамойын, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қолтықша, түйе табан, балта т. с. с. Бүгінгі сабағымызда «сынық мүйіз» оюын, қағазға қарындашпен оюды сызып алып, қиямыз. қағазды шаршы етіп екіге бүктеп, қағаздың бүгілген қырынан бастап сызылған ою үлгісі бойынша қайшымен қырқып алыңдар. Сонда ою дұрыс шығады. Оюды қиғанда симметрияны сақтау керектігін ұмытпау керек. Тазалық, қауіпсіздік ережелерін сақтау, қағазды үнемдеу керектігін ескертемін. Ою - өрнек қиғанда бүктелген қағаздың жылжып кетпеуін қадағалау керек. Еңбек, өнер туралы мақал - мәтел айтып жарысайық.

Қызығушылығын ояту.
Сөзжұмбақ « Текемет»
1. жануарларға байланысты өрнек.
2. Тамақ сақтауға арналған сандыққа ұқсас бұйым ағаш.
3. Сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі.
4. Малдың дене мүшесіне байланысты өрнек.
5. Оюды оя............ ойланбаған.
6..................... түбі береке.

7. Құрал - жабдықтарға байланысты өрнек. қорытынды барысында «Алтын сандық» ойынын ойнатамын. Ойын ойнату арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілетін арттыру.

Сұрақ - жауап
1. Қазақ халқы ою - өрнекті қайдан үйренді?
2. Ою дегеніміз не?
3. Оюдың түрлерін ата?
4. Зооморфтық қандай ою түрін білесің?
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Сынық мүйіз» жасау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 611
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өрнек түрі
Өрнек түрі
Ұлттық сәндік қолданбалы өнер, ою - өрнектердің түрлері мен қолданылуы және бейнеленуіндегі композициялық заңдылықтар туралы мағлұмат беру.
Өрнек құрастыру
Өрнек құрастыру
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш мұғалімі Акманова Алия
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің бейнелеу өнері мен сызу пәні мұғалімі Қанжан Айжан
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Қағаздан ою - өрнектерді қию әдістері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің технология пәні мұғалімі Рыскалыев Жанболат Ондасынович
Сәндік қолданбалық өнер
Сәндік қолданбалық өнер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия Технология пәнінің мұғалімі: Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Ою-өрнек түрлері
Ою-өрнек түрлері
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылы, №113 «Қаракөл» қазақ орта мектебі директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары Байсалбаев Дархан Абдуллаұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×