Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен - қазақ елінің азаматымын

13 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мен - қазақ елінің азаматымын

Мақсаты: Оқушылардың бойында өз Отанына деген ұлтжандылықты ояту. Ана тілінің қоғамдағы орнын, оның қызметін арттыру. Мәдениеті өркендеген елдің болашағына өскелең ұрпақтың сенімін жеткізу. Жас өспірімдердің тіл байлығы мен рухани байлығын дамыту.
Көрнекілігі:
1) Н. Ә. Назарбаев: «Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет»
2) мақал - мәтел «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»

«Мәңгілік мақтан,
дауылпаз дастан»
- Қазақстан!
«Жасай бер, жаса,
Тәуелсіз ел -
Қазақстан»!
Қатысушылар: 10 - 11 сынып оқушылар
Радиодан: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Бүгін қазақ елінің егемендігі туралы акті қабылданды. Біздің Тәуелсіздігімізді алғашқы болып Түркия мемлекеті таныды. Бұл күн - 1991 жылы 16 желтоқсан болатын.

Жүргізуші: Құрметті оқушылар, бұл күн өздеріңіз естігендей, отар елдің құлы болып ұйықтап, рауандап атқан 16 желтоқсан таңымен Қазақ елінің азаматы болып ояну біз, қазақ елі үшін, көптен күткен үлкен бақыт екенін жақсы білесіздер.
Жалпы ұлт тағдыры шешілерде өнегелі елдің жастары ортаға шығады деген ұғым бар. Міне бүгінгі ортаға шығып «Мен - қазақ елінің азаматымын» деген аясы кең тақырыпты талқылау үшін дөңгелек үстелге жиналуымызда осыған дәлел. Өйткені, бойында қазақтың қаны тасыған кез - келген ақын жазушылардың қаламына арқау етілген тақырып бұл. Кеш барысында қойылатын сұрақтардың төңірегінде ой қозғап, өз көзқарасымызды ортаға салайық.
1. Біздің белгілі қоғам қайраткерлері, ақын – жазушыларымыз өз ұлтының болмысын қалай қадір тұтқан деп ойлайсыздар?

Жұлдыз: Қазақ ұлтының салт дәстүрін қатты сыйлаған ақын қызымыз Фариза Оңғарсынова Кеңес үкіметі кезінде Германия елінен келген аудармашыларға өз өлеңдерін аудартудан бас тартыпты. Есітуіміз ше, қонақта отырғанда қазақтың ұлттық тағамы қазы қартаны ерсі көріп, қасындағы орыс аудармашымен мысқылдап күлуі ақынның ұлттық намысын оятып, «Менің салт - дәстүрімді сыйламаған адамдар арқылы байымай - ақ қояйын»,- деген үзілді кесілді жауабын беріпті. Өз басым нағыз қазақ азаматы, нағыз қайсар қазақтың қызы ғана ешкімнен тайсалмай осылай жауап береді деп риза болып қалдым.

Серік: Мен де осындай тіл жанашыры боп, қазақ жастарының мүддесін қорғап жүрген қоғам қайраткері, ақын Мұхтар Шахановтың «Ес» кітабынан кейінгі шетел ақыны Джон Эшперидің мынадай орамды ойына тоқталғым келіп отыр. «Құдайым әр ақынға өз ұлтына осы Мұхтар Шахановтай қызмет етуді жазсын» деп ағынан жарылыпты. Осыдан кейін - ақ қазағым деп соғатын жүректері бар азаматтардың қалай мақтан тұтпасқа?!...

Жүргізуші: Шынымен, М. Шаханов ағамыз азаматтықты ақындықтан биік қоятын тұлға.
2. Ақындықтан биік қойылған қазақ азаматының тұлғасы қалай болу керек деп ойлайсыздар?
Арай, Назерке, Салтанат жауап береді.
Жүргізуші: «Ана тілін сүймейді? Басқа тілде сөйлегенді ұнатады.»- дегенді қалай түсінесіңдер?
Меруерт, Нұржан, Айтбек, Болатбек сөйлейді.
Жүргізуші: Қытай елінде тәлім - тәрбие алған қазақ азаматының сөзін тыңдайық Әсия оқиды: «Мен жат елде, миллиард қытай арасында жүргенімде төсегімнің басында қазақтың көк туы мен Елбасының суреті тұрды. Сол сурет мені Қазақстанға жетеледі. Мен арманыма жетіп, Тәуелсіз елдің азаматы атандым.» дейді.
Жүргізуші: Өз елінде жүрген азаматтар, сендер, бұл оқиғаға қандай ой қосасыздар?
Айжан, Гүлжайна, Азамат өз ойларымен бөліседі.
Жүргізуші: Қымбатты тілді сүйер қауым! Бүгінгі дөңгелек үстелде айтылған орамды ой, сүбелі сөзден алған әсерлеріңіз мол деп ойлаймыз. Олай болса, бүгінгі таңда көк байрағы желбіреп, мәдениеті өркендеп, азиялық айбынды мемлекетке айналған Қазақ елінің әрбір азаматы өз елін, жерін, тілін мақтан етуге құқығы жоғары. (Өлең оқитын оқушыларға кезек беріледі)
Жұлдыз, Еламан, Данияр ұлтжандылықты сездіретін өлеңдер оқиды.

Жүргізуші: Қазақтың майдангер ақын - жазушысы Б. Бұлқышев «Ананың тілі, ананың тілегі, ананың махаббаты тілі жетпес бір жатқан теңіз емес пе?!» десе, Қырғыз ақыны Б. Сарноғаев:
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген, Халқын сүйіп жарытпас,- деп ана тілінің қадірін арттырған.
«Қазақ елі осындай» әні Батырбаев. С орындайды.

Жүргізуші: Қазақ елін, жерін сүюдің үлгісі болатын өзге ұлт өкілдері тарихта өте көп. Қазақстан да тұратын диаспоралардың таңдаулы өкілдері Г. Бельгер, А. Осман, Н. Лушникова, З. Ахметова сынды азаматтарымыздың қазақ елінің бүкіл болмысын құрметтеп, тіліміздің жанашыры болуы - әрбір қазақ азаматына әрі мақтаныш, әрі үлкен ой тастайды деп ойлаймын. Олай болса, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін ақын С. Торайғыровтың төмендегі өлеңімен аяқтап, өскелең ұрпақтың рухы биік, Егемендігіміздің еңсесін жоғары көтеретін азамат болып қалыптасуына тілектеспіз.
Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім - қазақ өмірі, өзім қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?! (С. Торайғыров)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 528
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар І деңгей 1. Көп нүктенің орнына өздік есімдіктерін қойып, көшіріп жаз. а) Кісі еліңде сұлтан болғанша, ... еліңде ұлтан бол. ә) Отанға опасыздық еткенің, ... түбіңе жеткенің. б)...- өзі білген ер бақытты, Өзін
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем - дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Мәңгілік ел – қазақ елінің ұлттық идеясы
Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді.
Тәуелсіздік ел тілегі, қазақ елінің тәуелсіздігіне 25 жыл
Тәуелсіздік ел тілегі, қазақ елінің тәуелсіздігіне 25 жыл
Осыдан 25 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында
Елімен біре - Елбасы
Елімен біре - Елбасы
«Балқаш қаласы жалпы типтік мектеп - интренат» КММ Орындаған: Камзабаева Л. О.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×