Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран (9 мамыр сценарий)

08 мам 2024, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Кештің тақырыбы: Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
Мақсаты: Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесіне орай оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеп, жас ұрпақты ұмытпауға, елжандылыққа, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, жалаушалар, нақыл сөздер, видеоролик және слайд

1 - жүргізуші:
79 жыл – бейбіт көктем таң атқалы
79 - жыл – шуақты күн таратты әнін,
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ айтады әнді олар жайлы.
70 жыл жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

2 - жүргізуші:
Соғыс өтті жалмап талай өмірді
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді
Соғыс аты естілгенде құлақтан
Елестетер қара тажал өлімді
Елестетем қанды кешіп жүргенін
Елестетем ең азапты күндерін
Талай жанды қиды ажал балтасы
Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы
Ел қорғаған аталардың арқасы

1 - жүргізуші: Отан - ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт
Қара бұлтты қақ жарайық деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.
2 - жүргізуші:
Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн, айбынды күн. Ендеше жеңіс күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз (Гимн ойналады, ҚР - ның Мемлекеттік туы әкелінеді).
1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар бүгінгі күн көптен күткен салтанатты күн. Зымыраған уақыттың қанатында міне жеңістің 70 - ші көктемі де келіп жетті.
Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл – көмей.
Абзал досым мүгедекті құрметтей.
Ел дегенде еңіреп туған ерлерді,
Еске алайық бір сәт тұрып үндемей! – демекші соғыс құрбандарын бір минут еске алайық.

2 - жүргізуші:
Ұлы отан соғысына Қазақстаннан 1млн 200 мың адам қатысты. Олардың 400 мыңы әйел. Қазақстаннан барған 500 жауынгер мен офицер, оның ішінде 100 - і қазақ ұлтының азаматтары Кеңес Одағының батыры деген ең жоғарғы атаққа ие болды. Олар біздің мәңгілік мақтанышымыз.
1 - жүргізуші: «Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы – дей отырып құттықтау сөз кезегін Ыбырай Алтынсарин және «Білім көшбасшысы» атындағы медалдарының иегері, білім беру ісінің үздігі, мектеп директоры Агильская Такура Айдарбекқызына береміз.
2 - жүргізуші:
Жеңіс күні – бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымның есіне мәңгі кетер ме?

1 - жүргізуші:
Иә, ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес! Олай болса видеороликке назар аударайық (нәзік әуен ойнап тұрады).
Бір кезде Советтік информбюросы: « Қымбатты бауырлар, 1941 жылы 22 июньде фашистік Германия хабарламастан Отанымызға шабуыл жасады! Олар бізді бостандығымыздан айырып, жерімізді таптамақ. Бірақ олай болмақ емес. Біз жеңеміз! Фашистерге өлім келсін!»
Соғыс қиратушы күш. Барды жоқ ететін, жұпты тұл ететін қасірет соғыста 70 млн адам құрбан болса, соның 27 млн Советтер Одағынан, ал 350 мыңнан астамы қазақ еді.
2 - жүргізуші:
Иә, Жеңіс күні – бұл еліміздің фашистік құлдықтан азат етілген күні. 8 «А» сыныбының көрінісі «Қара пима». Тамашалаңыздар.
Қатысушылар: әке, бала, ана, көршілер, дәрігерлер, соғысқа қатысқан жаралы жауынгер және фашистер.
8 «А» сынып оқушысы Совет Алиханның орындауында «Көңіл толқыны» күйі.
1 - жүргізуші:
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Адам ешқашанда анадан батыр болып тумайды. Айбындылық, батырлық, ерлік аспаннан түспейді. «Табандылықтың атасы – татымды тәрбиеден бастау алады» деген екен аты аңызға айналған халық қаһарманы батыр атамыз Б. Момышұлы.
2 - жүргізуші:
Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінге дейін ұмыттырар емес. Сол қаралы жылдардың жарасы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Сол жылдарды көз алдымызға елестетіп жыр тізбектермен өріп көрейік. Сөз 3 - сынып оқушыларында ( тақпақтар).
1 - жүргізуші:
Ендігі кезекте 8 «А» сынып оқушыларының орындауында «Смуглянка» биі.
2 - жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. 4 жыл 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан аямай соғысты.
1 - жүргізуші:
1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москва бағытында Волоколомск тас жолында ұрысқа шықты. 1075 атқыштар полкінің 4 - ротасының 2 зводы тұрған бекініс жаудың 30 танкісін бөгеп тұрды. 316 - атқыштар дивизиясы Москва түбіндегі ұрыста ерен ерліктің үлгісін танытты. 28 батырдың 4 сағатқа созылған ұрысында жаудың 14 танкісін қиратты. 28 батырдың 22 - сі қазақстандықтар еді.
2 - жүргізуші:
«Отан үшін отқа түс» көрініс. Бауыржан Момышұлы туралы видеороликті көрсету.
2 - жүргізуші:
Батыр атамыз Бауыржанға 8 «А» сыныбы өлең арнайды. Тамашалаңыздар.
1 - жүргізуші:
Соғыс адамдардың көбін ең негізгі бақыт – ата - ана болу бақытынан айырды. Мені анам майданға шығарып салып, егіліп, бір кішкене түйіншек беріп тұрып, бұл түйіншекті қиналған сәтте ашарсың деп еді, сөйтсем ол туған жердің бір уыс топырағы екен деп еске алады майдангер. Майданға хат өлеңінен үзінді тыңдайық. 9 «А» сынып оқушысы Жеңіс Аяжан.
2 - жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы тарихын айтып тауысу мүмкін емес. Дегенмен де соғыс батырларына шолу жасасақ.
1. Мәншүк Мәметова
2. Әлия Молдағұлова
1 - жүргізуші:
«Әлия» әні. 9 «А» сынып оқушылары Аруын Мадина мен Баисова Ақмаралдың орындауында. Қарсы алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Қасым Қайсенов, Рақымжан Қошқарбаев туралы мәліметтер. 9 «А» сынып оқушылары.
1 - жүргізуші:
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүкті «шығыстың қос жұлдызы» деп мақтанышпен атайды. Олай болса, «Шығыстың қос жұлдызы» әнін 8 «А» сынып оқушысы Жексенбаева Айдананың орындауында тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші:
8 «А» сынып оқушыларына сөз кезегін береміз ( жеңіс туралы өлеңдер).
1 - жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін,
Есен - аман болайық,
Енді соғыс болмасын.
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел.
2 - жүргізуші:
Сен неткен Отан - анам ғажап едің!
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағымның бақыты үшін,
Жайнай бер Ұлы Отаным – Қазақ елім!
8 «А» сынып оқушысы Асылбек Бекнұрдың орындауында «День Победы» әнін тамашалайық.
(ҚР - ның Мемлекеттік туы шығарылады).
1 - жүргізуші:
Жасасын Жеңіс,
Тәуелсіз елім гүлдей бер!
Болмасын соғыс,
Бейбітшілік кептерлер, – дей келе «Көгершіндер маршы» орындалады (барлық оқушылар шығады, хормен айтады).
2 - жүргізуші:
Бүгінгі Ұлы Жеңістің 79 жылдығына байланысты «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты 3 «Б», 8 «А», 9 «А» сыныптарының мерекелік кешін жабық деп жариялаймыз. Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

Алматы облысы, Талғар қаласындағы
№7 мектеп - лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дарменқұлова Ғалия
21 766
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдеби кеш: Қазақтың қарапайым бір ұлымын, Арымды жаным үшін құрбан еткен
Әдеби кеш: Қазақтың қарапайым бір ұлымын, Арымды жаным үшін құрбан еткен
Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, оның ерлігін үлгі - өнеге тұту, Отанды сүюге, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Ұлы Отан Соғысы
Ұлы Отан Соғысы
Сәлеметсіздер ме, ханымдар мен мырзалар және де жас ұландар. 9 мамыр жеңіс күні баршамызға құтты болсын. Сонымен қатар 7 мамыр Қазақстан республикасының ұландар күні де құтты болсын.
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Әлияның ерлігі - елге мұра, ұрпаққа ұран!
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғынуларына жағдай туғызу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан
Ерлік - дастан, Жеңіс - думан
Ерлік - дастан, Жеңіс - думан
М. Мәметова атындағы гуманитарлық колледж оқытушысы А. Нұржанова Сауранбайқызы
Ерлік мәңгі өшпейді
Ерлік мәңгі өшпейді
Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге баулу;
БАҚЫТ ГҮЛІН ТЕРГЕН КҮН (жеңіс күніне арналады)
БАҚЫТ ГҮЛІН ТЕРГЕН КҮН (жеңіс күніне арналады)
Атырау қаласы, Атырау Бизнес және құқық колледжі Математика пәні мұғалімі Мукашева Ажар Тақырыбы: «Бақыт гүлін терген күн»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×