Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың жарық жұлдызы

19 желтоқсан 2015, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы,
Мәртөк ауданы, Қызылжар орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі К.С.Абдуллина

Қазақтың жарық жұлдызы (Ш.Уәлихановқа 180 жыл)

Мақсаты: Шоқан шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, оның пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне көз жеткізу. Шоқан өмірінің жарық тұстарын жеткізе отырып, оның өмір сүрген жылдарының оқиғалары мен Шоқанға әсер еткен жағдай, жалпы Шоқан туралы мағлұмат алу, достары соның ішінде Шоқанның өнеріне тоқталу.
Көрнекілігі: Шарлар, плакаттар, суреттер. Көрініске керек(көрпе, үстел, дастархан т. б.)

Мұғалім. 1. Шоқан өмірі туралы деректер. «Көкшетау» әні.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Көкшетау округінің Сырымбет елді мекенінде қалың қарағай басқантау етегінде туған делінген.
Шоқанның өз атасы Уәли Ресей мен Қытай таныған Орта жүздің соңғы ханы. Шоқанның анасы Зейнеп те текті жердің қызы. Уәлихановтардың тамыры ғасырлар қойнауына кеткелі – әз Жәнібек ханға барып тіреледі.
Жәнібек – сұлтан
Ер есім – хан
Жәңгір хан
Салқам Уәли – хан
Шыңғыс сұлтан
Шоқан
Фильм. «Алаш алыптары».
Слайд. Шоқан Уәлиханов халқымыздың тұңғыш археологы.
Шоқан Уәлихановтың сапарларының ішіндегі ең қауіптісі, ол Қашқарияға Әлімбай деген лақап атпен керуенбасы болып кіреді. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет – ғұрпы, діни – ұғымдары жайында материал жинап қайтады. 1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы қырғыз еліне барады. Осы сапарында жинаған материалдарын ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс империясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерінде пайдаланады. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса зор бағалаған. П. П. Семенов – Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізгенде Шоқанмен ақылдасып отырған. Семенов – Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы Шоқан орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланады. 1858 – 1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды.
Постер қорғау. «Шоқан өмірі». «Шоқан достары». «Шоқан - суретші»
Шоқан өмірінің соңғы сәті. 7 «А» класс.
Қатысушылар: Шоқан, оның анасы — Зейнеп - Гүлімжан, Жайнақ — қызметші бала - Әйгерім, Катерина — Шоқанның Петербургтегі дос қызы - Камила
(Сахна ашылар алдында күй орындалады. Шымылдық ашылғанда аса жүдеу Шоқан төсекте ұйықтап жатыр, қасында қайғылы Зейнеп отыр. Ақырын басып Жайнақ келеді.)
Зейнеп: (ақырын дауыспен) Жәй ма, Жайнақ?
Жайнақ: (Берірек кел дегендей Зейнепке ымдайды.) Бірталай жігіттер мен қыздар кеп тұр.
Зейнеп: Қайдағы?
Жайнақ: Петербордан дей ме, әйтеуір, орыс қаласынан. Қалада орысша оқып жүрген қазақтың ұлдары мен қыздарымыз дейді. Ана жылы Шоқан жинап оқуға жіберген жетім балалар көрінеді. Адам боп қапты.
Шоқан: (оянып кетіп) Не дейді, жаным - ау?!
Жайнақ: Сені әдейі іздеп кепті, амандасамыз деп… Ұйқысынан оянды ма деп сені білейін деп келдім.
Шоқан: Шақыр тез!
Жайнақ: (кетіп бара жатып, қайта оралады) Айтпақшы, қуанғаннан есімнен шығып кетіпті. Тағы бір қызық бар!
Шоқан, Зейнеп: Иә?!
Жайнақ: Катерина келді!
Шоқан: (қуанышты бар дауысымен ) Не дейді?!
Зейнеп: Қайдағы Катерина?
Шоқан: Баяғы, Омбыдағы генерал - губернатордың өздерің маған үйлендірем деген жиені!.
Зейнеп: (ұнатпай) Ол пәлесі қайдан кеп қап еді тағы!
Шоқан: Пәле емес ол, апа! Менің жандай досым! Өте жақсы болды келгені. (тұрғысы келіп) Мен оны қарсы алам, апа! (тұра алмайды)
Зейнеп: Шаршамашы, құлыным! (Жайнаққа) Бар, шақыр!
Жайнақ: (жөнеле беріп) Қасында сақалды біреуі тағы бар.
Зейнеп: Барсайшы тез, бәрін түптемей!.. Шақырып кел! (Жайнақ жүгіре басып шығып кетеді).
Шоқан: Қандай жақсы, апа! Жазылғандай болдым ғой!
Зейнеп: Ауызың періштенің ауызы болсын, құлыным!.. Көңіліңді көтерсең, ауруыңнан жазылып кетерсің.
Шоқан: Оқуға жіберген балаларымның келгені жарық сәуле сепкендей болды ғой мына далаға!
Зейнеп: (жылап) О, жасаған! Қабылдай гөр, тілекті!.. сауықтыра көр Шоқанжанды!..
Шоқан: Апа, мені тұрғызшы!
Зейнеп: (толқып) Қайдам, күнім, күшіңе тимесе…
Шоқан: Рас айтам, апа. Бойыма күш біткен сияқты. Тұрғызшы мені!
(Зейнептің сүйеуімен Шоқан көтеріле бастайды. Сырттан бір топ қыз бен жігітті, Катеринаны, қолында бір бумасы бар Семеновты бастап Жайнақ кіреді. Шоқанды Зейнеп сүйеп тұрғызғанша, олар шатырға кіре береді.)
Шоқан: (құшақ жайып) Катерина!..
Катерина: Шоқан! (Катерина құшақтаймын дегенде, Шоқан құлап түседі. Зейнеп пен Катерина оны құшақтай отыра қалады. Өзгелері қорыққан бейнемен қарай қалысады. Катерина үрейлі кескінмен) — Шоқан!..
Зейнеп: (зәресі кеткен бейнемен, басын құшақтап) Құлыным - ау, не боп барасың!..
Семенов: (үрейленген кескінмен Шоқанның тамырын ұстап) Ол енді дүниеде жоқ! (Бәрі қайғылы кескінмен бөріктерін алады. Зейнеп пен Катерина Шоқанның басын, Жайнақ денесін құшақтап, жылап жата қалысады. Семенов көрермендерге қарап) халқының бақытын аңсады ол. Бірақ бақытты болғанын көре алмай кетті. (қолындағы буманы көрсетіп) Мына бума — оның шығармалар жинағы. Бұны да ол көре алмай кетті. Бірақ оны, бұл кітаптар арқылы халық көреді, бүгінгі ғана емес, болашақтағы ұрпақ көреді!
Катерина. (Кенет сергіп, тез түрегеп): Иә, оның аты халқының тарихына алтынмен мәңгі жазылады. (оқушыларға қарап) Шоқаннан қалған ұшқын сіздер деп білем мен, ол жаққан отты сөндірмейді деп сенем мен!
География ғылымына қосқан зор жаңалығы болды.
Фильмнен үзінді. Оқушыларға сұрақ.
Өлмейтұғын артынан із қалдырған. Слайд.
- Көкшетаулықтар өзінің ұлы жерлесін мақтан тұтады. Шоқан Уәлиханов атымен Көкшетау университеті, бір аудан, қалалар көшелері, кенттер аталған. Көкшетау қаласында оның ескерткіші бой көтерген, оның туған жері Сырымбетте мемориалдық музейі ұйымдастырылған.
- Шоқан 1865 жылы қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшен – Тоған деген жерге қойылады. Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н. И. Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары оны таңғажайып құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», — деп жазды.
Көрініс. «Байдалы бидің көңіл айтуы». 5 класс оқушылары
«Шоқан жайлы лебіздер». Слайд.
Өзінің бізден артық білетіндігін, не біздерден білім жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде – ақ оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын.
Григорий Потанин
Шоқан тұлғасы таусылмайтын сырға бай ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып, ой кешіп отырғанда Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас. Келте ғұмырында соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?
Шыңғыс Айтматов.

Қазақ жері талай ғұламаларды дүниеге әкелді. Өздерінің барлық ізгі тілектері жас жеткіншектердің ұлттық дүниетанымының қалыптасуына, дамуына арнаған ағартушыларымыз – Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев. Халықтың дүниетанымы өзен болса, ал үшеуі сол өзенге құйған үш саласындай.
Мұхтар Әуезов.

Шоқан Уәлиханов Шығыс әлеміне құйрықты жұлдыздай жалт етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны бір ауыздан ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы одан маңызы зор ұлы жаңалықтарды ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті… Н. И. Веселовский
Орта жүзден шыққан қазақ, қазақтың соңғы ханы Уәлидің немересі және Шыңғыс ханның ұрпағы атақты Абылай ханның шөбересі, керемет дарын иесі – Шоқан Уәлихановтың!
Григорий Потанин.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Ашық микрофон. Оқушылардан бүгінгі рөлдері бойынша, орындаған жұмыстары бойынша өз ойларын сұрау.
Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел! Ғабит Мүсірепов. Таулар алыстаған сайын биіктей түседі. Шоқан Уәлиханов та уақыт өткен сайын дараланып, биікке өрлеп, туған халқымен бірге жасауда. Шоқан мұрасы - халық қазынасы. Шоқан атамыздың рухани қазынасын ұлт игілігіне жарататын болашақ жастары - мына партада отырған сіздерсіздер.
4 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың жарық жұлдызы (Ш.Уәлихановқа 180 жыл)
Қазақтың жарық жұлдызы (Ш.Уәлихановқа 180 жыл)
Шоқан шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, оның пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне көз жеткізу. Шоқан өмірінің жарық тұстарын жеткізе отырып, оның өмір сүрген жылдарының оқиғалары мен Шоқанға әсер еткен жағдай, жалпы Шоқан туралы
Шоқан − тұңғыш ғалым, зерттеуші
Шоқан − тұңғыш ғалым, зерттеуші
Алматы облысы, Талғар қаласындағы №7 мектеп - лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарменқұлова Ғалия
Шоқан Уалиханов
Шоқан Уалиханов
Кенесары Қасымұлы атындағы № 33 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Халбаева Дариха Мүсәліқызының
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Достаева Гулшат Игликовна
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиымбаева Рысжан Ермұханқызы
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығы Абжаппақызы Мира Ашық сабақ: Сабақтың тақырыбы: Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов 1. Білімділік: Шоқан Уәлиханов туралы толық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×