Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ас - адамның арқауы

03 қаңтар 2016, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жамбыл облысы, Қордай ауданы,
№6 негізгі мектеп Бахытжанова Д.

Ас — адамның арқауы.
Мақсаты: Оқушыларды дастархан басында сақталатын салт - дәстүрмен, ырым - тиымдармен таныстыру және ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен таныстыру.
Оқушыларды салт - дәстүрді сақтауға, ұлттық тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.
Ас — адамның арқауы.
Мақсаты: Оқушыларды дастархан басында сақталатын салт - дәстүрмен, ырым - тиымдармен таныстыру және ұлттық тағамдарымыздың қасиетімен таныстыру.
Оқушыларды салт - дәстүрді сақтауға, ұлттық тағамдарды қастерлеуге, ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, тағамдар.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық сәт
2. Кіріспе
3. Дастархан басындағы дәстүрлер
4. Ырым - тыйымдар
5. Ас ішудегі 10 қателік
6. Түрлі - түрлі тағамдар
7. Сергіту сәті
8. Дәрумендер
9. Қорытындылау
Денсаулық адамның ең қасиетті де, құнды, қайталанбас, жоғалтса, қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен әл - ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек. Адам ағзасына пайдасын да, зиянын да келтіретін тағам.
Жалпы балалар дұрыс тамақтануы үшін, алдымен тамақтанбас бұрын, қолымызды сабындап жуып, орамалға қолымызды сүртіп, сосын дастархан басына отыруымыз керек. Сонымен қатар салт – дәстүрлер мен ырым - тыйымдарды да біле жүрейік.
І. Дастархан басындағы салт - дәстүрлер.
Тоғжан:
Халық қуанышын да, қайғыны да, дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды «Құттыхананың берекесі» деп қасиет санаған.
Айбар: Дастарханнан дәм татқандар, татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.
Құралай. «Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі дастархан дәмі киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады.
Ұлжан: Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той - тамашаға, ас - су беруге жайылады.

ІІ. Дастархан басында сақталатын ырым - тиымдар.
1. Ғалымжан. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды.
2. Наргиза. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
3. Аида. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу жаман ырым. Бұл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
4. Елдияр. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

5. Айдын. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
6. Айдос. Дастарханнан аттауға болмайды.
7. Мұхамедали. Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің.
8. Сымбат. Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
Кез - келген адам тамақтанбай өмір сүре алмайды. Адамзат ғасырлар бойы тамақ табу үшін күресумен келеді. Балаларының денсаулығы мықты, жаны, тәні күшті де қайратты болып өсуі, өздерінің жұмыс қабілетін сақтай отырып ұзақ жасауы үшін әрбір адам тиімді тамақтану тәртібін, тағамдардың емдік қасиетін білуге тиіс.
Тамақтанудағы 10 қателік
Бірінші қателік. Тамақты көп жейміз.
Екінші қателік. Қашанда майлы тамақты жақсы көреміз..
Үшінші қателік. Қандай тағамды ішіп - жегеніміз жөн, оны таңдап – талғай білмейміз. Содан дастарханға не әкелсе, соның бәрін асаймыз.
Төртінші қателік. Әр түрлі сұйық асты көп ішеміз.
Бесінші қателік. Өз уақытында тамақтанбаймыз. Дастархан үстіндегі тамақты тез ішіп, тез жейміз. Тамақтану мерзімімен санаспаймыз. Негізінен, күніне 3 рет тамақтанған абзал.
Алтыншы қателік. Тәттіні көп жейміз. Қант, конфет, торт, т. б. асыра ішіп - жейміз.
Жетінші қателік. Тамақты жақсы әзірлеп, дұрыс сақтай білмейміз. Біз көбінесе қуырған тағамды, тұзы көп асты дайындаймыз.
Сегізінші қателік. Кешкілік теледидар көріп отырып тамақ ішкенді ұнатамыз.
Тоғызыншы қателік.
Міндетті түрде әр тамақтың құрамында қанша белок, май, дәрумендер мөлшері бар екенін білген жөн.
Оныншы қателік. Тамақты жасқа қарай ішіп - жеуге тиістіміз. Біздің бір жаман әдетіміз 6 - 10 жас аралығындағы баланы көп тамақтандыруға тырысамыз. Және де кәрі адамдар әліне қарай аз – аздап тамақтанғаны дұрыс.
Тиімді тамақтану.
Тиімді тамақтану дегеніміз не?
Тиімді тамақтану дегеніміз – жақсы дайындалған, құрамында ағзаның дамуы мен қызмет атқаруы үшін қажетті алуан түрлі тамақтық заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс та уақытылы жабдықтап отыру.

Тиімді тамақтану дегеніміз – тамақтанудың белгілі тәртібін, яғни күн ұзағына тамақтың бөліп – бөліп ішілуін, тамақтың қолайлы температурасының сақталуын қамтамасыз ету.

Тиімді тамақтану ағзаның физиологиялық қажетін уақытылы және толық қамтамсыз етіп, ол өз кезегінде адамның жұмыс қабілетінің мейлінше жоғары болуына, оның ұзақ жылдар бойы белсенді, сергек, жарқын өмір сүруіне көмектеседі.

Түрлі - түрлі тағамдар
Тағам түрлері үшке бөлінеді. 1. Ет тағамдары 2. Сүт тағамдары 3. Ұн тағамдары Кестемен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дәрумендер
А - дәрумен тобы. В - дәрумен тобы. С - дәрумен тобы. Д - дәрумен тобы.
Тақпақтар. Жұмбақтар:
1. Күбіге құйып піскен не? (қымыз)
2. Ұйытып қойып ішкенім не? (айран)
3. Табаға салып жапқаным не? (таба нан)
4. Үйітіп қазанға асқаным не? (бас, сирақ)
5. Кілегей шайқап алғаным не? (май)
6. Сөреге кептіріп жайғаным не? (құрт)
7. Тұзын көріп татқаным не? (сорпа)
8. Келіге түйіп ақтағаным не? (тары)
Ән. «Қазақы дастарқаным» Орындайтын Тоғжан.
Бата беру. Ғалымжан.

Қорыту.
10 286
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі дастархан
Берекелі дастархан
Қазақ халқының салт - дәстүрін дәріптей отырып, дастархан басында сақталатын рәсімдер мен ырым - тыйымдармен таныстыру арқылы, ұлттық тағамдардың түрлерімен таныстыру.
Наурыз көже
Наурыз көже
Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету. Наурыз көже туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдарды қадірлей білуге, салт - дәстүрімізді сақтауға, елінің байлығын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
Технология пәні мұғалімі Жанар Бекбаева
Ас - адамның арқауы
Ас - адамның арқауы
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш класс мұғалімі Исеғали Жайдар Серікқызы
Ас-адамның арқауы
Ас-адамның арқауы
№35 мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Баймуханова Гульназым Куанышевна
Бар байлықтың басы – нан
Бар байлықтың басы – нан
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектеп бастауыш сыныбының мұғалімі Мырзатаева Жаңыл Абдрахманқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×