Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салт - дәстүрім - қазынам

01 наурыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы,
Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің
мектепалды даярлық класының тәрбиешісі
Кулова Саламат Советқызы

Тақырыбы: Салт - дәстүрім - қазынам (сыныптан тыс іс - шара)

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздер «Өнер және технология» әдістемелік бірлестігінің апталығы барысында 9 - сынып аралығында өткізілгелі отырған «Салт - дәстүрім - қазыным» тақырыбындағы сайысты тамашалағалы отырсыздар. Сайысқа үш топ қатысады, яғни: «Іскер» (4 оқушы), «Зергер» (4 оқушы) және «Асыл мұра» (4 оқушы).

Сайыс мынадай жоспар бойынша өткізіледі:
1. Таныстыру
2. «Мақал - сөздің мәйегі»
3. Салт - дәстүрлерді білеміз бе?
4. Бәйге
5. Шығармашылық жұмыс

Бүгінгі сайысымыздың мақсаты: Оқушылардың жан - жақты ойлау қабілеті мен ұшқырлығын, қазақтың салт - дәстүрлерін, ас - тағамға байланысты мақал – мәтелдер мен ырымдар, тиымдар туралы білімдерін сынау.
Оқушылардың салт - дәстүрлерін, әдет - ғұрыптарын құрметтеуге баулу. Оқушыларды отаншылдыққа, өз ұлтының салт - дәстүрлерін жете білуге тәрбиелеу. Қазақтың салт - дәстүрлерін ұрпақтарына мұра етіп қалдыру жолдарын дамыту.
Сайысымызды бастамас бұрын әділдікті сүйетін, әділ баға беретін абзал жандардан әділқазылар алқасын сайлап алайық..

Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп.
Ата - бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты,- деп әрі қарай сайысымызды бастайық.
Әр топтан 1 оқушы шығып қағаздарда жазылған реттік нөмірлерді ала қояйық.. Реттік нөмірлерді анықтайық: 1, 2, 3.

І. Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнер де жетсе деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Әр топ өздерінің реттік нөміріне сәйкес өздерін таныстырып қойсын.
Енді әділқазылар бағасын тыңдайық. Таныстыру бөлімі 5 ұпайға дейін бағаланады.

2. Шешендікті құрметтеген барлық елде,
Сөз тапқанға дауа жоқ әрбір жерде
Сөз жүрегі мақал деп босқа айтпаған
«Қалып па екен сайыскерлер есінде» деп?
Келесі бөліміміз «Мақал - сөздің мәйегі». Мына қағаздардың біреуін біреуін топ мүшелері таңдайды. Үшеуі бір мезгілде алады. Бұл сайыста 3 мақал - мәтелді жалғастыруы қажет. Әрбір дұрыс аяқталған мақалға 5 ұпай беріледі. Тапсырманы орындауға 3 минут беріледі.

Мақалдар:
1 - топқа
1. Ас иесімен тәтті,
(тағамымен) жақсы.
2. Асы бардың ырысы бар,
Аты бардың (тынысы) бер.
3. Астың дәмін келтіретін тұз әулие,
Елдің сәнін келтіретін (қыз) әулие.
2 - топқа
1. Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны (дос) басады.
2. Жақсыға берсең асыңды,
Жақсы сыйлар басыңды.
Жаманға берсең асыңды
( итке тастар) басыңды.
3. Арпа, бидай ас екен,
( Алтын, күміс) тас екен.
3 - топқа
1. Ас - (адамның арқауы)
2. Ас тасыса қатығы төгілер,
Ашу тасыса ( ақыл төгілер)
3. Алты жыл аш жүрсең де,
Ата - салтыңды ұмытпа.

Сайыстың екінші бөлімі бойынша әділқазыларға сөз беріледі.

Келесі ІІІ бөліміміз «Салт - дәстүрлерді білеміз бе?» деп аталады. Мына жерде 3 қағазда салт – дәстүрлерге байланысты сұрақтар бар. Сол салт - дәстүрдің мағынасын толық ашып айтамыз. 5 минут уақыт берілгеннен кейін жауаптар тыңдалады.
- Жақсы, осы дәстүрлерге толық мағлұмат беріп кетейік!
Осы ІІІ бөлім бойынша әділ қазыларды тыңдап жіберейік.

ІҮ - бөліміміз «Бәйге» деп аталады. Бұл сайыста терезедегі ұяшықтардан әр топқа 4 сұрақтан келеді. Барлығы 12 сұрақ. Бұл ұяшықтың жүру ережесімен таныстыратын болсақ: таңдау барысында «оң жақта, сол жақта, ортада» деген сөздерді қолданамыз. Сол бойынша ұпай қосылады.
10 саны – жеңіл сұрақтар
20 - 30 саны - орташа сұрақтар
40 - саны - қиын сұрақтар.

ІҮ бөлім бойынша әділқазы алқаларының бағасына назар аударайық.

Сайысымыз аяқталуға жақын қалды. Ең соңғы мәреміз, яғни, Ү бөлім «шығармашылық жұмыс» деп аталады.
Яғни, бәріміз де біліп отырмыз, бұл іс - шаралар тәуелсіздігіміздің 20 - жылдығына арналып жасалып жатыр. Біз тәуелсіздік алғалы Астана қаласында сан мыңдаған ғимараттар, ескерткіштер т. б көптеген өзгерістер орын алды. Соның бірі – Бәйтерек. Енді осы бәйтеректі шеберлігімізді көрсету үшін, оның макетін қағаздан қиып жасаймыз. Ол үшін оқушыларға қағаз, қайшы беріледі. Жұмыс 10 - 15 минут уақыт аралығында орындалып бітуі тиіс. Кім шапшаң? Кімнің қиялы ұшқыр? Кім шебер? (әуен қосулы тұрады)
15 минут ішінде жасап шығып, қорғауы тиіс.

- Жақсы, енді оқушылар, бүгін міне біз тәуелсіздіктің 20 жылдығына аз да болса өз үлесімізді қосып жатырмыз. Әрі қарай осы ұмыт болған салт - дәстүрлерімізді жарыққа шығарып, әлі де кеңірек біз білмейтін дәстүрлерді жаңғыртып, жарыққа шығару сіздердің қолдарыңызда. Жаңа айтып жатқанымыздай «Алты жыл аш жүрсең де, ата салтыңды ұмытпа!» Болашақ жастар, яғни, еліміздің ұлттық құндылықтарын сақтап, оны жетілдіретін сіздерсіздер!
«Білімім, өнерім саған тәуелсіз Қазақстан» деп, міне бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Білімдерін шыңдай, ұлттық дәстүрлерді бойына дарыта отырып тәрбиелеу жолында өткізілген сайыстың қорытындысын айту үшін сөз әділқазы мүшелеріне беріледі.
Марапаттау, сыйлықтар апталықтың жабылу салтанатында беріледі.
- Оқушылар, осы сайыстан қандай әсер алдыңыздар, өз ойларыңызды айтсаңыздар.

Уақыт болса біраз жерге таяп қалды,
Осымен «Салт - дәстүрім - қазынам» сайысы аяқталды.

Білімі мен өнерін сарапқа салатын танымдық байқауларда жетістіктерге жете беріңіздер!
6 022
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата салтым - асыл қазынам / наурыз мерекесіне арналған сыныптан тыс шара/
Ата салтым - асыл қазынам / наурыз мерекесіне арналған сыныптан тыс шара/
Қазақ халқының салт - дәстурлерін дәріптеу. Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ата салтым – асыл мұрам
Ата салтым – асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ Бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Баян Кипчаковна
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Қазақ халқының әдет - ғұрыптары. Материалдық ерекшеліктері
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
«Сыңғырлау мектеп - балабақша кешені» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Р. Мамытова
Салт дәстүрім қазынам
Салт дәстүрім қазынам
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, №170 орта мектептің бастауыш сынып еңбекке баулу пәні мұғалімі Түрікбенбаева Күлайым
Қазақтың салт-дәстүрлері
Қазақтың салт-дәстүрлері
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет - Рашидқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×