Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салт дәстүрім қазынам

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Салт – дәстүрім қазынам»

Мақсаты: Еңбек пәні бойынша алған білімін насихаттау және салт - дәстүрімізді,
әдет-ғұрпымызды ұялатумен қатар, дәстүрлі өнерге баулып және де осы сайыскер топ арасынан өнерлі өрендерімізді анықтау.
– Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі оқушылар арасындағы өнер сайысына қош келдіңіздер. Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол ұрпақтан - ұрпаққа заман талабына сай дамып жалғасын тауып келеді. Қазақ халқы қолөнерін жоғары бағалаған. Баланы жастайынан өнерге баулып, еркін ойлап, кең көсіліп сөйлеуге баулыған.
Құрметті ұстаздар, жанкүйерлер «салт - дәстүрім - қазынам» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
1. Сәлемдесу. Таныстыру. «Сәлем – сөздің атасы».
2. Дастархан мәдениеті. «Ас адамның арқауы»
3. Ұлттық қолөнер. «Ою – ойғанның ойы ұшқыр»
4. Өзге елдің өнері. «Шеберлік шыңға жеткізер». (Изонит)
5. Дәстүрлі өлшемдер. «Жақсы дәстүр – сақтар елдің елдігін».
6. Ақылды – мыңды жеңеді.
Сұрақ - жауап
Ал енді кешімізді бастамас бұрын
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнер мен шеберліктің сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,
- деп бүгінгі доданы саралайтын әділқазылармен таныстырайын.
( )
1. «Болар елдің баласын сәнімен емес, сәлемімен танисың» - демекші, алғашқы кезең «Сәлем – сөздің анасы».
2. «Берекелі, мерекелі ақ дастархан мәдениеті»
Ас – адамның арқауы.
3. «Ою - ойғанның ойы ұшқыр» Ұлттық қолөнер сайысы
Ою - өрнек қарасаң,
Өңкей мүйіз тізілген
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал сызған ізіңмен
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер, ой керек.
4. «Шеберлік шыңға жеткізер» Өзге елдің өнерін де үйренсек артық болмайды. (Изонит)
Бүгінгі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек
Оқыса басқа елдердей қатарға енбек.
5. Халық арасында «Шебердің өлшеуіші өзімен бірге жүреді» деген сөз бекер айтылмаған. Керекті өлшемді қолының саусақтарын, буындарын пайдаланып өлшеген. Осы дәстүрлі өлшемдер кейіннен пайда болған халықаралық өлшем бірліктерімен сәйкес келген. Дәстүрлі өлшем түрлерімен белдемше ұзындығын, белдемшенің кеңдігін немесе құрақ бөліктерін өлшеуге үйреніп көрейік.
Жақсы дәстүр – сақтар елдің елдігін
Екендігін ұғынасың сен бүгін
І - топ
1 сұрақ: Жас нәрестені бесікке салғанда, бесік үстіне қандай 7 нәрсе жабылады? (Бесік жапқыш, ауыл ақсақалының шапаны, әкесінің сырт киімі, қапшық, бас киім, сырт киім, әжесінің жаулығы), Бұл жеті нәрсені ырымдап ауылдың ақылды қарияларының, беделді азаматтарының киімдерін жабады, жақсы қасиеттері балаға дарысын деген ниетпен, ұйқысы тыныш болсын деп қап жабады.
ІІ - топ
2 сұрақ: Наурыз көжеге салынатын 7дәмді ата. (Су, тұз, ет, құрт, жүгері, бидай, сүт)
ІІІ - топ
3 сұрақ: Бата қандай жағдайда беріледі? (Қазақтың салт - дәстүрлі тойларында, тұсау кесерде, ер бала отау құрғанда, шілдехана - сүндет тойларда)
6. Ақылды – мыңды жығады. Сұрақ - жауап сайысы.
Әр топқа 10 сұрақтан беріліп ұпайлары есептеледі.
Кімдер білгір, кімдер ұшқыр,
Салыстырып көрдіңіздер
Қара қылды қақ жарып
Әділін айтып беріңіздер!
Әділқазыларға сөз кезегін береміз. Жоғары ұпай жинаған топқа «Ең үздік топ» жүлдесі ұсынылады

Әйтеке би кентіндегі №170 орта мектебінде бастауыш 2 - 4 сынып оқушыларының арасында
“Салт - дәстүрім – қазынам”тақырыбында өткізілген іс - шараның
Анықтамасы
20013 жылы қаңтардың 4 жұлдызында еңбек пәні мұғалімі Түрікбенбаева Күлайым 2 - 4 сыныптар арасында “Салт - дәстүрім – қазынам” тақырыбында сайыс өткізді. Сайыс бірнеше кезеңмен өтті.
1 - кезең «Сәлем – сөздің анасы» Сәлемдесу, таныстыру
2 - кезең «Ас – адамның арқауы» Дастархан мәдениеті
3 - кезең «Ою - ойғанның ойы ұшқыр» Ұлттық қолөнер
4 - кезең «Шеберлік шыңға жеткізер» Өзге елдің өнерін де үйренейік
5 - кезең Дәстүрлі өлшемдер
6 - кезең Ақылды – мыңды жеңеді.
Сайыста “Атамекен”, “Шаңырақ”, “Атажұрт” топтары додаға түсті. Сайыстың әр кезеңі еңбек пәні бойынша алған білімін, шеберлігін, салт - дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды қаншалықты меңгеріп, игергендігін көрсетті. Оқушылардың қолөнерді қазіргі заман талабына сай қажетінше қолданып, өзге ел өнерін де үйреніп, жіппен бейнелеу (изонит) өнерімен жұмыс түрлерін көрсете білді. Сонымен қатар өз шығармашылығын, еркін ойлап, кең көсіле алатындығын көрсете білді.
Әділқазылардың бағалауымен нағыз мықты топ анықталды. Білімділігімен, шеберлігімен және өнерімен танылған “ Атамекен” тобы І - орын, “ Шаңырақ” тобы ІІ - орын, “Ата жұрт ”тобы ІІІ - орын мақтау қағазымен марапатталды.
7 303
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата салтым - асыл қазынам / наурыз мерекесіне арналған сыныптан тыс шара/
Ата салтым - асыл қазынам / наурыз мерекесіне арналған сыныптан тыс шара/
Қазақ халқының салт - дәстурлерін дәріптеу. Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Өнерлі болсаң, озып көр
Өнерлі болсаң, озып көр
Оқушылардың техникалық пәнінен алған білімдерін іс - тәжрибемен ұштастыра және толық мұғлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
Салт - дәстүрім - қазынам
Салт - дәстүрім - қазынам
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылы, Еңбек негізгі мектебінің мектепалды даярлық класының тәрбиешісі Кулова Саламат Советқызы
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым
«Сыңғырлау мектеп - балабақша кешені» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Р. Мамытова
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
Қызылорда қаласы №197 мектептің технология пәнінің мұғалімі Жұмабекова Ұлбосын Ерғабылқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×