Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата салтым - асыл қазынам / наурыз мерекесіне арналған сыныптан тыс шара/

24 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
"Ата салтым - асыл қазынам" / наурыз мерекесіне арналған сыныптан тыс шара/

Мақсаты: Қазақ халқының салт - дәстурлерін дәріптеу. Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру.
Ата бабамыздың жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

І жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі көктем мезгіліндегі қазақтың ұлт мейрамы Наурыз – яғни Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып, гүлге орап, көк пен жерді.
Халқымның салт - дәстүрін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі - дей келе Наурыз мерекесі аясында салт - дәстүрге байланысты өткізілгелі отырған «Ата салтым - асыл қазынам!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ - жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін әділқазылар алқаларымен таныс болыңыздар.
1_______________________________________
2_______________________________________
3_______________________________________

І - жүргізуші: 6, 7, 8 сынып аралығында салт - дәстүрге байланысты танымдық ойынымызды бастамас бұрын ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
І топ: 6 сынып __________________________________
ІІ топ: 7 сынып _________________________________
ІІІ топ: 8 сынып_______________________________

ІІ - жүргізуші: Сайысымыздың кезеңдерімен таныстырамыз:
І кезең: Таныстыру /топтың аты, ұраны, төс белгісі/
ІІ кезең: «Салт - дәстүрім қазынам»
ІІІ кезең: Сұрақ - жауап /қоржыннан асық алу арқылы
ІV кезең: «Қыз қуу» ойыны /мақал - мәтелдердің жалғасын табу/
V кезең: Қазақтың ұлттық ойындары
VІ кезең: Ырымдар мен тыйымдар

1 - жүргізуші:
Ата - салтым - асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 - жүргізуші:
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен - кіші, балдырған.

1 - жүргізуші: І тур Таныстыру: әр топ өздерін таныстырсын.
2 - жүргізуші:
Әдет - ғұрып, салт – дәстүрі қазақтың,
Жарасымды үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық – дей отырып, екінші «Салт - дәстүрім қазынам» атты кезеңін бастаймыз. Салт - дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береміз.

2 - жүргізуші: Топ басшылары келіп сұрақтарды суырып, топ мүшелерімен ақылдасып сұрақтарға жауап береді. Мұнда сұрақтардың мағынасын түсіндіру керек.
САЛТ - туралы сұрақтар

1 - билет ШІЛДЕХАНА (салт)- Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық той.
2 - билет КІНДІК КЕСЕР (салт)- Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін
әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу - мәртебелі, абыройлы іс.
3 - билет БЕСІККЕ САЛУ (салт)- Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
4 - билет ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ(салт)- Баланың туғанына 40 күн толған соң оны ыдысқа 40 қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан - жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
5 - билет ТҰСАУ КЕСЕР (салт)- Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
6 - билет СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУ (салт) - Ер бала 3, 5 және 7 жасқа толғанда өткізілетін рәсімі.

2 - жүргізуші: Енді ҒҰРЫПҚА байланысты билеттерді топ басшылары келіп суырсын.
1 - билет АТ ҚОЮ (ғұрып)- Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдермен әгілі адамдардың атын қойған. Санымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
2 - билет АЙДАР (ғұрып)- Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлымда қойылады.
3 - билет КЕКІЛ (ғұрып)- Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл» дейді.

1 - жүргізуші: ДӘСТҮР - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрлері туралы билет суырайық.
1 - билет ТЫШТЫРМА(дәстүр)- Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «ТЫШТЫРМА» деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала - шағаларына үлестіріп береді.
2 - билет БАЗАРЛЫҚ(дәстүр)- Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.
3 - билет БАЙҒАЗЫ(дәстүр)- Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
4 - билет ТІЛАШАР(дәстүр)- Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар» тойы деп атайды.
5 - билет ЖЕТІ АТА (дәстүр)- Халқымыз кейінгі ұрпаққа 7 атасын білуге міндеттеген. Олай болса жеті ата; Бала. Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
6 - билет АСАТУ (дәстүр)- Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалармен жігіттерге асатады.

2 - жүргізуші:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз – дей келе келесі

ІІІ кезеңімізді бастаймыз. «Сұрақ - жауап»бөлімі. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз.
1 - Асық
1) Үш мақсатты ата.
Жол мақсаты – жету, дау мақсаты - біту, сауда мақсаты - ұту.
2) Үш арсыз
Ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
2 - Асық
1) Үш биді атаңыз
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
2) Үш алыс
Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.
3 - Асық
1) Жігіттің үш жақын жұртын ата?
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт
2) Үш сауап
Шөлге құдық қазған.
Өзенге көпір салған.
Жолға ағаш еккен
4 - Асық
1) Үш байлық
Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
2) Үш тәтті
Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті
5 - Асық
1) Үш жүзді ата?
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
2) Үш даусыз?
Мінез, кәрілік, ажал.
6 - Асық
1) Төрт қонақ.
Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ
2) Төрт түліктің пірін атаңыз
Түйе пірі - Ойсыл қараша
Жылқы пірі - Қамбар ата
Сиыр пірі - Зеңгі баба
Қой пірі - Шопан ата
Ешкі пірі - Шекшек ата
7 - Асық
1) Бес асыл
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
2) Бес қатер
От, жау, борыш, ауру, сөз
8 - Асық
1) Бес қаруға нелер жатады.
Мылтық, найза, садақ, қылыш, айбалта
2) Бес дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
9 - Асық
1) Жеті күнді ата?
Бүгін – дүйсенбі
Ертең - сейсенбі
Бүрсігүні - сәрсенбі
Арғы күні - бейсенбі
Ауыр күні – жұма
Соңғы күні – сенбі
Азына - жексенбі
2) Жеті атаны таратыңыз?
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

1 - жүргізуші:
Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

2 жүргізуші: IV кезең «Қыз қуу» ойыны. Мақалдап сөйлеу жарысын «Қыз қуу» әдісімен өткізбекпіз. 3 топтан 1 қыз, 1 ұлдан жарысқа шығады.
Мына үзік - үзік сөздерден мақал құрастыру керек.


І ЖҰП
1) Ұяда............., ұшқанда...................
(Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
2) Ата............, бала......................
(Ата - бәйтерек, бала жапырақ.)
3) Ер........., ез...................
(Ер бір өледі, ез мың өледі.
ІІ ЖҰП
4) Өле................., бөле...................
(Өле жегенше, бөле же.)
5) Таяқ..............., сөз................
(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)
6) Мал.............., жер...................
(Мал баққандікі, жер жыртқандікі. )

ІІІ ЖҰП
1) Тентектің ақылы...................
(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.
2).................. сүйіндіреді,.................. күйіндіреді.
(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
3) Мысық................., тышқан....................
(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.

1 - жүргізуші: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сайысымыздың мақсаты - заман өзгерседе ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Олай болса V кезең “Қазақтың ұлттық ойындары».
Әр топ бір ұлттық ойыннан көрініс көрсетсін.

2 жүргізуші: VI кезең «Ырымдар мен тыйымдар» үш топ қазақтың ырымдары мен тыйымдарын айтып жарысу керек.

1 - жүргізуші: «Ата салтым - асыл қазынам» атты сайысымызды аяқтамас бұрын әділқазылар алқасына сөз береміз.

2 - жүргізуші: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!
Қош, сау болыңыздар!

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы
Тасрал селосы, Тасарал жалпы білім беретін орта мектебінің
орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Балтышева Галия Арынқызы
14 998
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Армысың әз Наурыз
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің – Наурыз!
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Наурыз өлеңдер. Салт өлеңдер
Наурыз өлеңдер. Салт өлеңдер
Оқушыларды тұрмыс – салт жырларымен, соның ішінде наурыз өлеңдерінің түрлерімен таныстыру, т. с. жырлары туралы бiлiмдерiн бiр жүйеге келтiру; ерекшелiгi, ұлттық сипаты, түрлерi туралы оқушыға жаңа бiлiм беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×