Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құқық қорғау органдары, оның қызметі мен ұйымдастырылу негізі

12 мам 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
"Опорный орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
құқық пәні мұғалімі Ибраева Айсара

Сабақтың тақырыбы: Құқық қорғау органдары, оның қызметі мен ұйымдастырылу негізі
Сабақтың мақсаты
Білімділік: оқушыларға құқық қорғау органдарының міндеттерін, құрылымын, қызметін түсіндіре отырып, олардың мемлекет пен азаматтардың мүддесін қорғайтын мемлекеттік органдар екендігін ұғындыру.
Дамытушылық: күнделікті өмірмен байланыстыра, ақпарат құралдарының мәліметтерін, ҚР Конституциясын пайдалана отырып, оқушылардың ой - өрісін, құқықтық сауаттылығын дамыту, іскерлігі мен ізденгіш қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: заң талаптарын бұлжытпай орындауға, елжандылыққа, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, адамгершілікке, заңды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, «Ой шақыру», «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы, пікірлесу, ситуациялық тапсырмалар, Кембридждің 7 модулін ықпалдастыру.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, АКТ, интербелсенді тақта, «Түсінік хат» карточкадағы тапсырмалар, тірек - сызбалар, видеоролик.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен амандасу;
Ә) сыныпты түгендеу.
Б) топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Мемлекеттік басқару қандай органдардан тұрады?
2. Жоғарғы өкілетті заң шығарушы орган?
3. Парламент қандай палаталардан тұрады?
4. Сенат және Мәжілістің өкілдік мерзімі?
5. Атқарушы органның жүйесін кімдер құрайды?
6. Сот билігінің қызметі?

III. Жаңа сабақ (видеоролик)
Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді.

Кедендік бақылау органы
Сот
Прокуратура
Жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес

Ұлттық қауіпсіздік
Ішкі істер органдары
Әділет органдары

Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23 - бабында нақты айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына, халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет етуге, сондай - ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Құқықтық тәртіп – бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жәй - күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі.
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметтері
 ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдардың барлау және дұшпандық қызметімен күрес
 Лаңкестікпен күрес
 Заңсыз қару айналымымен күрес
 Нашақорлықпен күрес
 Контрабандамен күрес
 Пара алумен күрес
 Басқа да ауыр қылмыстармен күрес

Сот – әділеттілікті жүзеге асырушы орган
Сот әділдігі – қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау және шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.
 Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:
 Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады
 Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді.
 Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие.
Сот билігін жүргізуші – судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс.

Қазақстан Республикасының әділет органдары мен мекемелері
 Аумақтық әділет мекемелеріне
 Нотариалдық кеңселерге
 Азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдарға (АХАТ)
 Қылмыстық атқарушылық жүйеге
 оқу орындары мен ғылыми мекемелерге басшылық қызметін атқарады

IV. Жаңа сабақты бекіту.
Жағдаятты шешу
V. Сабақты қорыту
Тест тапсырмалары арқылы.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма
1. Құқық қорғау органдары туралы интернеттен мәліметтер қарап танысу
2. Үздік құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне реферат жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 619
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі
Салық органдары, олардың жүйесі мен қызметі
Салық органдары құрылымы мен олардың атқаратын қызметтері жөнінде, сондай - ақ салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттерін терең ұғындырып, жетік меңгерту;
Менің құқықтық кеңістігім
Менің құқықтық кеңістігім
Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру. Қазақстан Республикасы Конституциясын және құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа
Миллион кімге бұйырады? Құқық пәнінен қайталау
Миллион кімге бұйырады? Құқық пәнінен қайталау
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №2 мектеп - гимназиясының мұғалімі, Әл - Фараби атындағы ҚҰУ әлеуметтік ғылымдарының магистрі Симбетова Индира Жұмамұратқызы
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?
Тақырыбы: “Мен бала құқығын қорғау конвенциясы туралы не білемін?” Мақсаты: Оқушыларды жалпы құқық тәрбиесіне баулу. Міндеті: Оқушының мектептегі құқық тәрбиесіне байланысты іс - шараларға қатыстыру. Оқушы өз міндеттері мен құқықтарын мектепте
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
№215 орта мектебі, Қызылорда қаласы, Құқық негіздері пәні мұғалімі: Лаура Абитова
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×