Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір шаңырақ астында

07 маусым 2016, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы
Мадиева Айман Кәрібайқызы

Тақырып: Бір шаңырақ астында
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі іс - шара Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналады. Тақырыбы «Бір шаңырақ астында».
Қазақ жері – қонақжай елдің жері,
Қазақ елі – сақ деген ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

(Елбасының сөзі қосылады)
Оқытушы:
Тілі бөлек болғанмен тілегі бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл.
Қазақ елі бар ұлысқа шаңырақ боп,
Уықтардан шуақтап нұр беріп тұр, - деген тәрізді біз де әр мекеменің қызметкерлері болғандықтан бір - бірімізбен танысып, жылы лебімізді білдірейік.
2 - слайд
Ол үшін «Жүректен - жүрекке» тренингін өткіземіз.
Әр тыңдаушы жүректі ұстап тұрып, өзін таныстырады, және қарсыластарына жақсы тілек айтады, жүрек солай қолдан - қолға көшіп отырады.

Бүгінгі сабақ екі топтың арасында өтетіндіктен сайыс түрінде өтеді. Ал бұл сайыста екі топтың білімі, қабілеті сынға түсетіндіктен, оны сыннан өткізіп әділ бағалап отыратын адамдар қажет, сонымен әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

Тілдерді оқыту орталығының директоры А. Е. Қайрмденова
Әдіскері Ж. Қ. Махметова
Оқытушылар: А. Қ. Маширова
Н. М. Абленова
Барлық кезеңдердің бағасы соңында айтылады. Енді бірінші кезеңге көшейік.

3 - слайд
І кезең – Визиттік карточка. Жоғарғы ұпай саны – 10
Сөз кезегі осы жерге қонақ болып келіп отырған Жалпы түрдегі мектеп - интернатының ұжымына беріледі.
Келесі сөз Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне беріледі.

4 - слайд
Жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Аспан ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы.

5 - слайд
Оқытушы: Көптеген ұлттар мен ұлыстарға мекен болған қасиетті Отанымызды мекендейтін халықтар туралы білімімізді ортаға салу үшін келесі кезеңге көшеміз.

ІІ кезең. «Білгенге – маржан» қатысушылар кезекпен асық алады. Асықта жазылған нөмір бойынша сұраққа жауап бересіздер. Белгілі бір ұлт жайлы мәлімет болады, соны дұрыс шешкен топтың әр жауабына 2 ұпайдан.
(сұрақтар қосымша парақта)
Жүргізуші: Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
Ағайын - туған – бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бәрінен қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! – деген игі тілекпен келесі кезеңге көшеміз.

6 - слайд
ІІІ кезең. «Үй тапсырмасы».
Оқытушы: Бұл кезеңнің шарты – әр топ өздері қалаған халықтың ұлттық тағамын әзірлейді және өз таңдаулары бойынша бір халықтың ұлттық мәдениеті бойынша көрініс, яғни биін, не болмаса әні немесе дәстүрін дайындау керек болатын. Екі тапсырма бірге орындалады. Бағалау әрқайсысына бөлек, жоғары ұпай – 10.
Ортаға «..................................» тобын шақырамыз.
Келесі сөз «............................» тобына беріледі.

7 - слайд
Жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қазақ халқына тән ерекшелікпен көңілдерін нақыл сөздермен айшықтай отырып ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

8 - слайд
ІV кезең. «Мақалдар әлемі».
Оқытушы: Шарт бойынша парақшаларда жазылған ел, бірлік тақырыбы туралы мақал - мәтелдерді толықтыру. Әр мақалға 2 ұпайдан беріледі.
(қосымша парақшада мақал - мәтелдер)

Жүргізуші: Әр мақалдың түбінде бір өсиет жатыр. Сондай өсиеттердің бірі. Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай тәрбиелеген екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай әуреленіп бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір - бірден талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Сонда қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке дара жүрсеңдер, әрқайсыңды біртіндеп құртады. Бірлік түбі – тірлік -, деп өсиет айтқан екен.

9 - слайд
V кезең. «Сәлем – сөз анасы»
Жүргізуші: Сәлемдесу дегеніміз - достық пейіл мен құрмет білдіру әрекеті. Әрбір күн немесе әрбір әңгіме қашанда сәлемдесуден басталады. Әдептілік әліппесі бойынша, өзіңіз танитын адамдармен ғана амандасуыңыз керек. Дегенмен, өзіңіз сөйлесіп үлгермеген болсаңыз да, жұмысқа, сабаққа бара жатқанда, жолда, дүкенде немесе басқа ортада жиі кездестіретін адамдармен амандасқаныңыз абзал.
«Сәлем – сөздің анасы», « Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» дейді дана қазақ. Ендеше, әлеміңізді түзегіңіз келсе, асыл сөздің анасы – «сәлеміңіз» қашанда түзу болсын! Ендеше келесі кезең «Сәлем – сөз анасы» деп аталады.
Оқытушы: Шарт бойынша екі топ бір - біріне әр елдің амандасу салтын әңгімелеп сипаттайды немесе көрсетеді. Қарсылас топ қай елдің амандасу рәсімі екенін табу керек. Көрсетілген рәсімге де, жауапқа да ұпай беріледі. Әрбіреуіне 3 ұпайдан.

10 - слайд
Жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. Қазақстанның әр азаматы – өз Отанын қорғауға, еліне сүйіспеншілікпен қарауға міндетті. Әр азаматты елжандылыққа тәрбиелеу үшін еліміз барлық жағдайды жасауда. Келесі кезең барлығымыздың патриоттық сезімімізді тереңдете түсуге бағытталған.

VІ кезең. «Мен Қазақстандықпын!»
Оқытушы: Бұл кезеңде бейнеролик тыңдалады. Сол айтылған сөздерді аудару және роликтің сарынымен әр топ «Мен Қазақстандықпын!» деген үндеу жазады. Яғни үлгергендеріңізше аударасыздар және өз сөздеріңізді қосуға болады. Әділ қазылар алқасы сапалы аудармаға, өз тарапынан қосылған сөздің мағынасына, дауыс ырғағына назар аударады. Қай топ бізге қаншалықты әсер ете алар екен. Жоғары ұпай 20.
(Бейнеролик тамашалау)
Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі.
Дайын топ ортаға шығып өз үндеуін оқиды.
11 - слайд
Оқытушы: Тамаша сөздер. Отанға деген махаббат әр адамның жүрегінде бар. Ол қасиетті, ұлы сезім.
(ортаға шаңырақты шығару)
Енді осы кезеңнің жалғасы ретінде әр тыңдаушы мақалды оқып шаңырақтың астына жиналады.
12 - слайд
Жүргізуші:
Бақыт исі аңқыған гүлдеріңнен,
Кең өлкемді сүйемін жүрегіммен.
Елге деген махаббат тыншымайды,
Мұңая да білемін, күле білем.
Оқытушы: Осымен ойын аяқталды. Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
11 718
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - Мамыр «Халықтар достастығы»
1 - Мамыр «Халықтар достастығы»
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстаған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
1 - Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Татулық – достықтың киелі бесігі
Татулық – достықтың киелі бесігі
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету.
Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші
Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Бір шаңырақ астында
Бір шаңырақ астында
Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еркін елдің ертеңі» атты мерекелік концерттің бағдарламасы
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Еркін елдің ертеңі» атты мерекелік концерттің бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темкенева Толқын Алпыспаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×