Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балаға мейірім сыйла қайырымдылық кешінің сценарииі

25 қазан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Балаға мейірім сыйла қайырымдылық кешінің сценарииі
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ардақты ата - аналар, ұлағатты ұстаздар! Бүгінгі «Балаға мейірім сыйла» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілді, бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді «Өзінің не өзгенің жетім балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жаннат». Ендеше қымбатты қамқоршылар, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иемін.

Атаң болса, анаң мен
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса, ақылды,
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса, жанашыр
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл,
Өкпе бауыр, жүрегің.

Бүгінгі мерекеміздің алғашқы құттықтау сөзін аудандық білім беру бөлімінің бастығы --------------------------және білім беру бөлімінің бас маманы қайырымдылық шараның ұйытқысы әрі ұйымдастырушысы -------------------------- беріледі.

Жүргізуші: Басқа төлдер жатқан кезде жамырап,
Жетім қозы анасы жоқ маңырап,
Сүт іздейді таңдайына таматын,
Оны көру ақын үшін ауыр тым
Ауыр алып демімді мен ішімнен,
Оның жайын болам, рас, түсінген,
Өзге қойға телімесе қозыны,
Асыраймын жырдың сауған сүтімен.
Облыстық «Менің қуанышымды бөліс» балалар шығармашылығында мәнерлеп оқу байқауынан I орын алған 6 «б» сынып оқушысы ------------------- орындауында көркем сөз «Бақыт».

Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
Жамандарды іздемен өзі ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен...

Құттықтау сөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы -----------------беріледі.

Жүргізуші: Өтеді ғой.. Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына
Шаттық» биі бишілер тобы

Жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың
Аудан мектептерінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасынан, жартылай жетім мен сәтсіз отбасынан шыққан білім алушыларды яғни әлеуметтік жағдайын анықтап және олармен тығыз байланыс орнатып олардың мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік – педагогтар жұмыс істейді. Ә. Жангелдин атындағы мектеп интернатының әлеуметтік педагогы ------------------- мырзаға сөз беріледі.

Жүргізуші: Жетім қозы жетілер де марқаяр,
Қарын тояр, қайғы, уайым ортаяр,
Шілдехана жасап ертең ата - анам,
Нәрестенің қалжасына мал сояр.
Жас нәресте апыл - тапыл жүгірер,
Аяқтағы ала жіп те үзілер,
Тек құдайым, жетімдіктен сақтасын,
Жетімдерді жебей берсін, дүйім ел!

Ән: «Туған елім» Жолбергенов Данияр

Жүргізуші: Тексізден тезек артық,
Арсыздан айуан артық,
Именіп жүретін игіліктен,
Қарсыласып жүріп көрген бейнет артық ( Б. Момышұлы )

Ән: «Бақытты балалық шақ» орындайтын:

Жүргізуші:
Бақыт жайлы пікір айтып, қызулы топ таласты,
Бірі айтады: бақыт деген барлық, байлық емес пе
Керегінше киіп, ішсең, «Бақыттысың» демес пе
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген қолың емес, мансап қой,
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой»
Бірі айтады: «Бақыт деген жүйрік мініп, той тойлау,
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, карт ойнау»
Бірі айтады: «Бақыт деген адал жар мен перзент қой!
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой!»
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым,
Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым,
Безбеймін мен байлықтан да, баладан да, жардан да,
Мансап жетпес бар адамға, үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты.
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты! - деп ақын атамыз айтқандай, бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейіріміміз сарқылмасын! Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір - бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын! Осымен «Балаға мейірім сыйла» атты өткізіліп жатқан қайырымдылық кешімізді аяқтай келе, әр отбасыға бақыт, амандық - саулық тілеймін! Қош сау болыңыздар.

«Бейнеу лицейі» ММ педагог ұйымдастырушы: Әжібаева Г
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы
4 539
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Баяндама Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Қарттарым - асыл қазынам
Қарттарым - асыл қазынам
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір - қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата - бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Қайырымдылық - адамгершілік белгісі
Қайырымдылық - адамгершілік белгісі
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, «Бейнеу лицейі» ММ мұғалімі Г.Әжібаева
Отбасым - күншуағым
Отбасым - күншуағым
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "№14 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі - Жанаеа Болған Губайдуллақызы
Мейірім шуағы (Қайырымдылық концерті)
Мейірім шуағы (Қайырымдылық концерті)
Жайтакова Лаура Тулепкереевна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің аға тәлімгері
Жақсылық жасауға асығайық (мектепішілік шара)
Жақсылық жасауға асығайық (мектепішілік шара)
Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қош келіпсіздер!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×