Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл!

12 желтоқсан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 25 ЖЫЛ!» атты ашық тәрбие сағаты:

Басталуы.
Көрініс «Егемендік деген не?» (Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата - бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған?
Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атаң,
Жинады ескілерден тарих хатын.
Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын. («Көңіл толқыны» күйі орындалады, қазақ халқының басынан өткен тарихқа байланысты видеоролик көрсетіліп тұрады)
(атасы мен немересі ойланып отырады)
Немересі: Ата, ата біз мектепте тәуелсіздік туралы өлең жаттадық. Айтып берейін бе?
16 - желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Естісін ел үніңді
Дүние түгел естісін
Тәуелсіздік туыңды
Биік көтер, жас ұлан!
Көрініс жалғасады.
Атасы: Иә, балам... Қазақ халқы басынан не өткермеді дейсің.
Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. («Көңіл толқыны» күйі орындалады, қазақ халқының басынан өткен тарихқа байланысты видеоролик көрсетіліп тұрады)
Атасы: - Тәубә. Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?
Атасы: - Егемендік – деген....
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып өссе көген көз.
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні,
Егеменді деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі –
Міне «Егемендік» деген осы.
Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!

1 жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Добрый день дорогие гости, учителья и ученики.
Good day dear guests, teachers and pupils.
1 жүргізуші:
Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт - тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл - ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп - өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
2 жүргізуші:
Добрый день, дорогие друзья! На протяжении многих лет живет и процветает наша Родина – Республика Казахстан!
Родина – это самое важное, самое дорогое и всеми любимое слово. У каждого человека есть своя Родина. Под этим словом мы понимаем нашу школу, детский сад, свою семью, свой прекрасный город, всю нашу огромную Республику Казахстан.
16 декабря весь наш народ Казахстана отмечает праздник «День независимости». Что означает слово «независимость? У каждого человека есть свой День рождения. День рождения есть и у нашей Родины.
3 жүргізуші:
Welcome to our Our educational hour. We congratulate you with 25th year of Independence Day.
Ән: Қазақ елі. Орындайтын Ерсайым Дәулетжан
1 жүргізуші:
Жиырма бес жыл он ғасырдын жүгiн арттык
Ел болып еркiндiктiн тугiн тарттық
Әнураным көк байрағым қалықтады
Казақтын бар әлемге үнiн қаттык

2 жүргізуші:
Ал, біз тәуелсіздік туралы не білеміз, балалар!

1оқушы: Назкен
Т - білдіреді теңдікті,
Ә - әдептілік, әлдікті,
У - уайымсыз уақытты,
Е - егемендік елдікті,
Л - дейді лағып лепірме
С - сенімділік секілді ең
І - ілтипат қой
З - зиялылық тілек қой
Д - шақырады достыққа
І - ізет қой
К - дейді күн боп көктегі

2 оқушы: Ғалымбек
Kazakhstan
Kazakhstan is my country
Kazakhstan is my land.
I live here with my friends
Kazakhstan is my country
Kazakhstan is my land.
I live here with my friends

3 оқушы: Аружан
На просторах Казахстана
Много разных народов живет
Все народы как братья равны
Всем народам - любовь и почет
Ходит с песней по дворам
Дружбы караван
Ты всегда в душе моей
Независимый Казахстан

4 оқушы: Жансая
One among many countries
Native land mother
Native land universe
Native land Kazakhstan.
Отан деген – Атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан үлкен,
Қазақстан туған ел!
Күй « Ыңғайтөк» Орындайтын: Іңкәржібегім
2 жүргізуші:
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
1 жүргізуші:
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 25 жыл ішінде елдің әл - ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Сондықтан Тәуелсіздік ерекше маңызға ие. Баршаларыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!
3 жүргізуші:
Independence is our happiness, generation issued by the great mercy of God, the eternal value of our people. So far all the achievements we have made thanks to the Independence. For 25 years the welfare of the country, has made huge work on modernization of the state language in our culture and in business. In our country of education, science, health, sport, particularly developing. Independence is the most sacred value for all Kazakhs". The beginning of this new era in the history of the Independence of the young state. Therefore, a special meaning of Independence. Congratulations with Independence day!!!
2 жүргізуші:
Под щедрым солнцем золотым
Под ясным небом голубым
Мой флаг и герб в себя вобрали
Весь мир степей – родные дали
Моя Родина – Отан,
Край любимый Казахстан
Горы, степи и поля -
Это вся моя земля

1 - жүргізуші:
Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.

Егемендік иесі «мен» деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған.
Көркем жігіт болып өссе көген көз.

Егемендік – ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

1 жүргізуші:
Ендеше экранға назар аударайық, балалар сіздермен бірге Chess game ойыны ойнатылады.

2 жүргізуші:
1991 жылы 16 желтоқсан әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды

Данияр:

Дамуымыз керек енді қарқынмен,
Уақытымыз есептеулі алтынмен.
Тәрбиелеп, саналы ұрпақ өсіріп,
Өркендейміз ата - баба салтымен.

Ерасыл
Жас ұландар терең білім меңгерген,
Ауру - сырқат дұрыс жолмен емделген.
Жыл сайынғы Елбасының жолдауы
Халқыма жігер берген, дем берген.

Жансая:
Астанамыз, бар қаламыз гүлденіп,
Келе жатыр жылдан - жылға түрленіп,
Тәуелсіздік арқасында үкімет
Жатыр міне, барлығына үлгеріп.

Ғалымбек
Сүйінші елім, тәуелсіз елім, сүйінші
Көкейден күй, көмейден жыр құйылды.
Елу алты ел бас қосатын жиында.
Төрағалық қазағыма бұйырады.

Назкен Ж:
Төбем көкке жетпей қалды бір елі,
Енді міне бүкіл әлем біледі
Қазақ деген жомарт халық емеспе,
Аузын ашса көрінетін жүрегі.
Даулетжан:
Ынтымақ бар ел бірлігі жарасқан
Бізге қарап жол түзейді адасқан.
Барлық ұлтты туыс бауыр көреміз,
Ешқайсысын бөліп жатырқамастан.

Назкен А:
Қалықтасын көгімізде қыран құс,
Ерлігіміз болсын елге жыр - аңыз.
Ата - бабам армандаған сан ғасыр,
Тәуелсіздікке тәубе, тәубе мың алғыс.

Достанова Н:
Дәлелденді тура адал жолымыз,
Дос құшаққа әркез дайын қолымыз.
Ер Нұр - аға, тек қана алға бастаңыз,
Біз ереміз, сіз аман – сау болыңыз!
1 жүргізуші:
Сіздер Отанымыздың ұрпақтарысыздар! Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сіздер болмақсыздар! Өз еліміздің өркендеп дамуына қосар үлесіміз орасан зор. Қазақ елінің әрбір азаматы еліне деген сүйіспеншілік қасиетін бойына сіңіріп өссе, елін, жерін қорғай біледі деп ойлаймын.
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім.

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған айрықша мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаймыз!

2 жүргізуші:
Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын!

Шалқар ауданының «Оқушылар сарайы» ММ
Өткізген: Шет тілі үйірмесінің жетекшісі Мусина Ботагөз Бектемірқызы
2016 - 2017 оқу жылы
14 509
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы даланың жеті қыры
Ұлы даланың жеті қыры
Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын - соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған.
Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік
Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы 28 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.
Менің Отаным - Қазақстан!
Менің Отаным - Қазақстан!
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту
Болашаққа нұр құйған - Тәуелсіздік
Болашаққа нұр құйған - Тәуелсіздік
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Менің Қазақстаным - менің болашағым
Менің Қазақстаным - менің болашағым
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным - менің болашағым»
Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы Тақырыбы: Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×