Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім

10 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім»

Еліміздің бүгіні, ертеңі – болашақ жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында (Н. Ә. Назарбаев)
Өтетін орны: Мектептің алаңы
Шақырылған қонақтар:
1. Қырбалтабай селолық округінің әкімі – А. С. Темешев
2. Ардагер ұстаздар
3. Қырбалтабай ауылының кәсіпкерлері
Безендіруі: Жалаушалар, шарлар, лозунгтар, гүлдер

Жүргізушілер: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С. Ускенбаева және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г. Қапалбаева

1 - Жүргізуші
Армысыздар құрметті қонақтар! Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар және мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім» атты аттестат алу кешіне қош келдіңіздер!

2 - Жүргізуші
2015 - 2016 оқу жылында 18 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр.

1 - Жүргізуші
Бүгінгі күн - мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуден оқушыларымыз үмітімізді ақтап 75, 5 орташа балмен мектеп, ұстаз, және ата - ана мерейін үстем қылды.

2 - Жүргізуші
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып - толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты ау,
Бойжетіпті бантиктегі қыз кешегі.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата - ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын.

1 - Жүргізуші
Ұшқалы тұр ұядан қанат жайып,
Дүрсілдеген жүректері әр сәт сайын.
18 арман қуған балапаның,
Қабыл алғай өмір бізді құшақ жайып.
Алғашқы ұстазымен қол ұстасып,
Жетекшімен қимай - қимай қоштасып,
Келеді бітіруші түлектерің,
Ақ бантигі өздеріне жарасып.- дей келе ортаға мектеп бітіруші түлектерді шақырамыз.

2 - Жүргізуші:
Сынып жетекшісі Кистауова Зауре Алиевна
(мектеп бітіруші түлектер салтанатты түрде сынып жетекшілермен музыка әуенімен ортаға шығады, қойылған орындықтарға барып отырады)

Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Сайлау сыныптың жүрегі.

Ойы ұшқыр Серікболсын
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді.

Сабырлы, жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де бәрі сыйлайды
Сыныптас құрбы Камиланы

Ер жүректі Тимур бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Компьютердің тілін біліп,
Бар жағынан танылған

Шежірелі тарихтың
Сырларына үңіліп
Оқиды мүлде бас алмай
Ақылды ұл Ниязбек

Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы, бір сырлы
Намысшыл жігіт Еламан

Біздің сынып басшысы
Жазира болар қараңыз
Өткір де ер мінезіне
Бағынамыз бәріміз.

Кез - келген жерді картадан
Мүдірмей тауып береді
Өлкенің жер - су аттарын
Ербосын жақсы біледі.

Өзі сондай ұқыпты
Сыныпта ең көрікті
Қошеметтеп шақырайық
Мағжандай жігітті.

Қандай да болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Арайды
Жауқазын гүлге теңейміз.

Биология пәніне
Қызығушылықпен қараған
Тіршіліктің парағын
Ай мен күнге балаған
Нәзік жан ғой бұл Шыңғыс

Биікке самғау мақсаты
Алғыр, зерек, талапты
Көркем шығарма оқудан
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық Адиді

Тіл табысқан бәрімен
Ақжарқын жан өмірде
Жақсылықтың жаршысы
Ақкөңіл ғой Бауыржан.

Ортамыздың ажары
Айымдай ерке қыз
Әр қылығын көтеріп
Еркелете береміз.

Көпшіл, алғыр, әдепті
Ән айтуды еркін меңгерді
Қошемет көрсет халайық
Азамат жігіт келеді.

Биязы мінезіменен
Өзі осындай салмақты
Күлімдеген Ақеркені
Барлық досы қолдайды.

Жібектейін мінезі
Мектептің жарық жұлдызы
Олжас сондай дарынды
Нұрландырған ортаны

1 - Жүргізуші
- Қараңыздаршы, кешегi осы мектеп қабырғасын тарыдай ғана боп аттаған кiшкене бүлдiршiндер, мiне бүгiн бiр-бiр шоқ жұлдызшадай боп, өз алдарыңызда жарқырап тұр, ал егер бәрiн бiрге қоссақ - жарық жұлдызға айналады.
2 - Жүргізуші:
Бүгiнгi кеш - Сiздер үшiн қымбатты түлектер!
Бүгiнгi айтылар тiлек, орындалар ән мен күй, ыстық құрмет, дуылдата соғылған шапалақтар Сiздерге арналады.
1 - Жүргізуші
2016 жыл Қазақстан Республикасының 25 - жылдық мерейтойымен қатар келген қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдай анық.
Жаста болса әлемге танылып күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты сендер де кең байтақ Отанымыздың түкпір - түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істеріңмен, терең білімдеріңмен шығара беріңдер.
Команда беріледі
Мектеп түзел! Тік тұр!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 569
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің ---- түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Сәт сапар, саған Жас түлек!
Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
Қош бол, аяулы мектебім! (аттестат тапсыру кеші)
Қош бол, аяулы мектебім! (аттестат тапсыру кеші)
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Әйке орта мектебі Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Жумагалиева Назыгул Амандыққызы
Мектеп бітірушілер кеші
Мектеп бітірушілер кеші
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог – ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлшат Иманғалиқызы
"Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!" (мектеп бітірушілер кеші)
"Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!" (мектеп бітірушілер кеші)
Өтегенова Набия Төлегенқызы Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×