Наурыз келді жайдары
Наурыз келді жайдары
Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Халқымыздың салт - дәстүрімен таныстыру. Ұлттық мерекелерді құрметтеуге, әдет - ғұрыпты сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Қиялын қызығушылық сезімдерін, тіл байлығын дамыту.
Ертеңгіліктің жүру барысы: Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Жүргізуші: Армысыздар, ардақты әлеумет! Жер ананың тоң кеудесі жібіп, Самарқанның көк тасы еріген қасиетті Наурыз айы туғанда амалдықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын! Наурыз елімізге құт береке әкелсін.
Жүргізуші: Олай болса бүгінгі наурыз мерекесінің шымылдығын әнмен ашайық.
Ән: «Наурыз келді».
Ата мен әже келеді:
Ата: Бәйбіше ау мына маңда балалардың жарқын - жарқын дауыстары естіледі той болып жатқанға ұқсайды ғой.
Әже: Солай сияқты біздер де барып тамашалайық.
Ата: Ау қонақтар да жиналып қалыпты ғой (амандасады)
Жүргізуші: Қош келдіңіздер ата, әже мына бүлдіршін балаларыңыз да наурыз тойын тойлағалы жиналды. Мерекеге сіздер де қош келдіңіздер. Бүлдіршін балалардың өнерін тамашалап, Наурыз мерекесінің мән - мағынасын түсіндіре отырыңыздар. Балалар енді ата - мен әжеге өз өнерлерімізді көрсетейік.
Тақпақтар:
Перизат.
Ата – бабам тойлаған,
Наурызым армысың?
Қызығына тоймаған,
Дархан дала, қарлы шың.
Қауыша аламай қанша жыл,
Қалдық сенен адасып
Сағынды қыз, аңсады ұл,
Төрле есіктің бәрі ашық.
Мерекені байырғы,
Алды халқым қабылдап.
Ақ дастархан жайылды,
Ошақта от жалындап.
Шыңғыс.
Пришел весений праздник!
Кто не слышал, слушайте,
Кто не видел смотрите!
Праздник «Наурыз»- начинается!
Жүргізуші: Бүгінгі наурыз мерекесінде «Алтын сақа» ертегісі бойынша дайындалған шағын көрінісімізді тамашалаңыздар. Дауыс: (маңыраған ешкінің).
Шал: Шек, шек, ей кебенек келгір! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым»- деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- (деп малдас құрып отыра кетеді. Осы кезде артынан Мыстан кемпір келеді) Мыстан кемпір: Әп, бәлем қолыма түстің бе? (мойнынан қысып ұстайды).
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылғынып барамын. Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ, маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін. Шал. Жарайды, жалғыз Әмірхан деген ұлым бар еді, соны ал. Мыстан: Оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасына келгенде өзің ұстап аларсың. Міне, алтын сақасы - деп қалтасынана алып береді де өзі кетіп қалады. Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
Әмірхан: Келіңдер балалар асық ойнайық(балалар асық ату ойынын ойнайды) Ойын «Асық ату»
Әмірхан: Балалар, алтын сақамды таба алмай жатырмын, әкемнен сұрап келейін
(Әке, әке! жүгіріп кетеді). Әке, менің алтын сақам қайда?
Шал: Ой, балам - ау, ешкілерді жайып жүрген жерде түсіп қалға болар, барып анау тау - тасты аралап кел, мүмкін табылар.
(Мыстан қасында алтын сақа.) Әмірхан: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші? Мыстан: Ой, балам, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. (бала еңкейіп сақаны ала бергенде, мыстан оны шап беріп ұстап алады), (осы кезде Әмірханды қыздар іздеп шығады).
Қыздар: Әмірхан! Әмірхан! Қайдасың?
Мыстан: Иә, сендерге Әмірхан керек болса, менің көңілімді көтеріп би билеп беріңдер. Қыздар: Билеп береміз.
Би: « Бипыл».
Мыстан: Ой, рахмет! Көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Апа, Әмірханды жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін ең алдымен ұлдардың күшін көрейін.
Ойын: «Күш сынаспақ».
Мыстан: Қандай күшті балалар, бірақ мен Әмірханды жібере алмаймын.
Қыз: Апа, мынау ұялы телефон, мұнымен барлық жермен сөйлесе аласыз, суретке де түсесіз, өлең тыңдайсыз, ойын ойнайсыз.
Мыстан: Кәне, әкел көрейін. (Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай айнала бергенде қыздар Әмірханда алып шығып кетеді).
Мыстан: Әй, әй тоқтаңдар! Алло, Таусоғар, Желаяқ қайдасыңдар! Аналарды ұстаңдар!(Мыстан шығып кетеді).
Жүргізуші: Мінекей балалар барлығымыз бірігіп досымызды құтқарып қалдық. Әрқашан бір - біріңе қамқор болып жүрсеңдер барлық қиыншылықты да жеңуге болады екен.
Жүргізуші:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.- дегендей ата, әже мына балаларға қазақтың салт – дәстүрлері туралы айта отырсаңыздар қайтеді.
Ата: Қазақ халқы үлкенін сыйлаған, салт - дәстүрін қадірлеген халық. Мысалы бала өмірге келген күннен бастап оның өмірі той думанға толы болады. Алдымен бесік той, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндетке отырғызу.
Әже: Атасы ау,«Көп естігеннен бір көрген артық» демей ме мына балаларға немереміздің қырқынан шығарып, қарын шашын алу дәстүрін көрсетсек қалай болады.
Ата: Бәйбіше сен де менің ойымды оқығандай болдың ау.
Әже: Келін, баланы алып келші наурыз мерекесіне жиналған жамағайынға, балаларға салт - дәстүрімізді көрсетейік. (келін баланы алып келеді)
Ата: Бәйбіше мына отырған қариялардың арасында да алтын құрсақты аналар бар шығар, баланың қарын шашын өзіп алайын, шомылдыру жолын қонақтарға жолда.
Әже: Дұрыс айттыңыз атасы (қонақтардан әжеге ұсынады)
Жүргізуші: Әже қырқынан шығару дәстүрі туралы айтып өтсеңіз.
Әже: Бала өмірге келген соң қырық күн толғаннан кейін баланың қарын шашын алып, қырық қасық суға шомылдырады. Әлбетте баланың қарын шашын алу ауылдың үлкендеріне жолданады, баланы шомылдыруды да алтын құрсақ аналарға жүктеледі. Баланың әуелі тырнақтары мен қарын шашын алады, сонан соң қырық қасық суға шомылдырады, Баланы шомылдырар ыдыстағы суға күміс білезік, сақина, теңгелер салынады. Баланың ит көйлегін көптен бала күтіп жүрген әйелге саған да жұғысты болсын деп ұсынады. Сонан соң баланың ит көйлегіне тәттілер салып иттің мойнына байлап ауылдың балдарына қудырады, ән айтылып той көркі жалғасын табады.
Атырау қаласы,
МКҚК №29 "Нұрсая" бөбекжай - балабақшасы саз жеткешісі
Жайлашева Динара Жаңабайқызы
Толық нұсқасын жүктеу

Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Наурыз ертеңгілігі
Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Халқымыздың салт дәстүрімен таныстыру. Ұлттық мерекелерді құрметтеуге, әдет ғұрыпты сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Армысың, әз Наурыз!
Құрметті қонақтар, әріптестер! Қош келіпсіздер! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурызбенен ұласып көктем жеткен! Үлкен – кіші көңілін көкке өрлеткен! Жан – жануар, табиғатты түрлетіп, Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен!-
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.