Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бір халық – бір ел – бір тағдыр

01 қазан 2017, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»
5 сынып
Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.

Кіріспе бөлім.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Талай ғасырлар бойы ата - бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір - қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.
Ой қозғау:
- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР – ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата - ана тәрбиелейді? (бала)
4. «…- біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алу)
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.

Мұғалім: Ал енді балалар елбасымыз елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт - бағдары» деген тақырыпта дәстүрлі халыққа жолдауын арнады.
Қазақстан – 2050 стратегияның бағыттары – мәңгілік жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі болғанда ғана біз үлкен ел боламыз. Бұның бәрі жастардың қолында.
Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды деген болатын..
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! – деген болатын.
Ал, балалар сіздерге бүгінгі тақырыбымыздың негізі ретінде бірнеше сұрақтар жауап бере отырып, бүгінгі тақырыбымыздың мазмұнын ары қарай аша түсейік.

1. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата.
1919 - 1925жж. Қазақстанның астанасы - Орынбор қаласы,
1925 - 1929жж. Қызылорда қаласы.
1929 - 1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж. Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті.
2. Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
3. Тудың авторын атаңыз.
4. Елтаңбаның авторы кім?
5. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)
6. Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
7. Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
8. Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж. 30тамызда, 16 жыл)
9. Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу - болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет. Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін ат салысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт – бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда. Латын қарпіне көшу сол өркениет шыңында тұрған 50 елге жақындастыра түсіп, олармен қоян - қолтық бәсекелесуге жаңа негіз қалайды. Өскелең ұрпақ үшін тіптен тиімді.

Қорытынды:
Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың қорытынды сөзімен «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тыңдап сабаққа қатысқандарың үшін рахмет!
5 346
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым
Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым
Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті - деген.
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Петропавл қаласы, «Өнер колледжі - музыкалық - эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат»кешені» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ж.Б.Ашимова
Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Октябрь селосы, №1 Қазанбасы орта мектебінде технология және бейнелеу өнері пәні мұғалімі. Брахметов Мырзағазы Ерханұлы
Тәуелсіз елдің ұланымыз
Тәуелсіз елдің ұланымыз
Мақсаты: «Отан», «Тәуелсіздік» туралы түсініктерін кеңейту;
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×