Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулығым - байлығым

08 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты тақырыбы: Денсаулығым - байлығым
Сабақтың мақсаты: 1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; 2. ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Мұғалім сөзі: Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» Т. Корлейль деген екен. Олай болса, құрметті оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Денсаулығым - байлығым». Бүгінгі тәрбие сағатымызда “Денсаулық” атты жүрдек жолаушылар поездымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Аялдамаларда сіздер көптеген анықтамалар алып, сұрақтарға жауап іздеп, өз ойларыңызды бөлісесіздер.

Аялдамалар:
I. “Мың бір хадис” аялдамасы
II. “Денсаулық зор байлық” cұрақ - жауап аялдамасы
III. “ Жағдаяттар” аялдамасы
IV. “Ұлы ғұламалар елі” аялдамасы
V. “Мені жалғастыр” ойыны
VI. “ Өмір театр” көрініс
VII. “Сөзтізбек” аялдамасы
VIII. Білгенге маржан

Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау – ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.
“Мың бір хадис” аялдамасы
1. Денім сау болсын десең – қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында. 2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады. 3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп – тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар. («Мың бір хадистен»)
Бұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?
«Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап аялдамасы (Оқушылар жауабы)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 742
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Кез келген елдің болашағы – халқының денсаулығына байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты.
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; Ой – өрістерін, сана, сезімдерін, шығармашылықтарын дамыту;
Денсаулығым - байлығым
Денсаулығым - байлығым
«Денсаулық - зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал.
Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі
Дені сау ұрпақ – Отанның сенімді тірегі
Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылы, Новомарковка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жайтикова Динара Тилектесовна
Салауаттылық - өмір негізі
Салауаттылық - өмір негізі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы. Губайдуллина Айгуль Хамитовна
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×