Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз келсе құт келгені халайық!

24 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақ тақырыбы: Наурыз келсе құт келгені халайық!
Сабақ мақсаты: қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнерін баулу, балаларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахнаны мерекеге сай безендіру, қабырға газеттері, нақыл сөздер.

1. О, жарандар, жарандар!
Бәрің мұнда қараңдар.
Наурыз тойы басталды,
Текке қарап тұрмаңдар.

2. Әуелесін армандар.
Үміті от боп жанғандар
Бақ дарып, Қызыр қарасын,
Мерекеден қалмаңдар.

3. О, жарандар, жарандар
Тамашадан қалмаңдар.
Құс қанатты көңілмен
Жер әлемді шарлаңдар.

4. Оятып шың мен асқарды.
Ерітіп мұз Бен ақ қарды.
Нұрландырған даланы
Наурыз көктем басталды.

(Басталар алдында 4 жігіт шығып сөйлейді)
(Соңында 4-уі бірге «Наурыз мерекесі баршаңызға құт береке әкелсін»

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, барша халық.
Қартқа құрмет сыйлайық жасқа шабыт
Салты солай Наурыздың
Ей, адамдар, бауырларша келіңдер бас қосалық.
2-жүргізуші Көктем сайын арда емген Анна-Күнді,
Дүбірлесін думаннан дала күллі.
Салты солай Наурыздың
Ей, адамдар, туыстарша тойлайық Жаңа жылды.
1-жүргізуші: Құрметті халайық! Наурыз мерекесіне арнаған ойын-сауық кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
2-жүргізуші: Наурыз ән-күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман-мақсат айтылып, тілектер тіленген.
1-жүргізуші: Ау, достым, тоқтай тұр. «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» демекші алдымен үлкендерге сөз берейік!

Ендеше Бастаса –елдің көсемі,
Сөйлесе - сөздің шешені.
Ақылы асқан Абыздай,
Бар түйінді шешеді, - дей отырып, мектеп директоры Мәмбетов Әлішер ағайға сөз кезегін береміз.
( Хор :)
Залға бірін-бірі итеріп, қалжыңдасып Қожанасыр мен Алдар көсе шығады.
Қожанасыр: Ассалаумағалейкум, халайық! Алдар көсені көрмедіңдер ме? Мені алдап кетті. Қайда жүр екен, ә? Қазір кездессін бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.
Алдар көсе: Ей, Қожеке не болды, сонша айқайлап. Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.
Қожанасыр: Әкел шапанымды, Бер деймін шапанымды.
Жүргізуші: Қойыңыздар ағалар не болды сіздерге! Бүгін мейрам, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні адамдар ренжіспейді. Ренжіскен адамдар төс қағысып татуласады.
Алдар: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық, ренжімеңіз.
Қожанасыр:Татулассақ татуласайық. Тойға құтты болсын айтайық.
Арайы бар даланың,
Амансың ба, жаңа күн.
Сәлем, халқым, тірегім
Сендермен бірге жүрегім,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!

Алдар: Сәлем Наурыз күніміз
Мейман парқын біліңіз
Қыруар істі бастаймыз,
Қуанышты үніміз!
Қайтқан емес толайым,
Алдарыңа кеп тұрмын,
Айналайын, ағайын.
Жүргізуші: Ендеше әнші аталар
Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әселхан мен Гүлдананың орындауында «Тойға шашу» қабыл алыңыздар.
(кішкентай қыз ортаға шығып)
Шашу шашу шашайық
Ән думанға басайық
Наурыз келді далама
Жаңа жыл келді аулыма. (Шашу шашылады)

Гүлназ: Шашу шаштық болсын деп аман халқым,
Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.
Шашуды тер, мол болсын деп несібелі
Келер жылға жетсек деп аман-есен.

«Қазақ биі» бір топ бишілер

Жүргізуші: Ұлттық дәстүріміз бойынша қалада болсын, далада болсын әр ұйым, өз наурыз салтанатын көрсетіп, ойын сауықтарын жасайды. Бұл мұсылман қауымына аса маңызды қуанышты мереке. Көркем безендірілген қазақы үйлер, сәулетті ұлттық дәстүрлер көріністері, қызықты ойындар көрсетеді.

Жүргізуші: «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін», - деп сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалатын ғұрып, әрі ырым. Тұсау кесер көрінісін тамашалаңыздар.
(Тұсау кесерден кейін тамақ тарту рәсімі)
Жүргізуші: Жиналған мынау халыққа,
Жыр маржаннан шашайық.
Батасын алып қарттардың,
Наурыз көже беру рәсімін жасайық.

Жүргізуші: Наурызым міне келді жайраңдаған,
Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған
Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,
Көктемнің бұл күніне қайран қалам.
Ақбаланың орындауында «Гүлсің -ау»әні

Жүргізуші: Гүл жайнаған көктемде,
Гүлдеп сыйлық көп менде.
Әне Ардақ келеді,
Қазір билеп береді. «Ұйғыр биі»
Жүргізуші: Өзі Наурыз айы той береке, аңызға, қызық думан мерекеге толы –олй болса жігіттеріміздің әзіл –сықақ әңгімелерін тамашалайық.

Жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!
Әлияның орындауында «Достарым» әні

Жүргізуші: Жылдың басы –Наурыз,
Жырдың басы – Наурыз.
Наурызға жыр арнап,
Әндетерміз әлі біз.
Наурыз әні Қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні, жаңа жылда наурыздың 21 нен 22- сіне қараған түні даланы Қызыр баба арлайды екен. Қызыр баба үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге шырақ жағылып қойылады.

(7 шырақ жағып 7 қыз шығады музыкамен, сахнаны айналады)
(Ортаға Қызыр ата келеді)
Қызыр ата: Ал балапандарым. Жарайсыңдар, «Атаның сөзі –ақылдың көзі» дегендей ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы.Көсегелерің көгерсін, ырысымыз көп болсын деп Наурыз тойына бата берейін.
(Бата беріледі)

Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз Аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық!
Жасай берсін жаңа күн!
Туа берсін жаңа нұр!
Дүр сілкінсін дала бір.
Құтты болсын Наурыз тойы,
Құтты болсын жаңа жыл!
(бірге) Көріскенше күн жарық болсын!
12 007
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!
Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт - дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, сахналау өнеріне
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Наурыз думан
Наурыз думан
Денешынықтыру мұғалімі Жақсыбаев Нұржан
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Қош келдің, Наурыз,көктемім!
Наурыз тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты өзін қатыстыра отырып түсіндіру.
Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!
Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!
О, жараңдар, жараңдар Бәрін мұнда қараңдар Наурыз тойы басталды Текке қарап тұрмаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×