Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата - аналармен жұмыс. Тәрбие басы - тал бесік

12 желтоқсан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ата - аналармен жұмыс
ТӘРБИЕ БАСЫ - ТАЛ БЕСІК

Мақсаты: ата – аналары мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып
«Отбасы – Отанның бір бөлшегі» екенін ұғындыру; адам бойындағы, ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: плакат, суреттер, нақыл сөздер.
Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Алақан жылуы арқылы бір – біріне жылы лебіздер білдіру

Негізгі бөлім
Ата - аналармен үнемі байланыста болып, түрлі шараларға қатыстыру арқылы бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін сезіндіру баланың бос уақытын тиімді пайдалануына, бала тәрбиесіне педагог ата – ана ретінде қарауына көп әсері болады.
1. Баланы жауаптың астына алмай тыңдауға тырысу
2. Баланың дауыс ырғағымен екпініне бейімделу.
3. Баланы мазаландырған мәселелерді досындай отырып тыңдау
4. Жол сілтеу.
5. Бала өзі дұрыс шешім қабылдай алатынына сенім қалыптастыру
6. Үнемі баланың көңіл - күйін сұрап отыру
Ата - аналар өз ойларын білдіреді. Жағдаяттық сұрақтар беріледі.

1 - Бөлім.
1 - топ. Көктем мезгілі. Бала сабақ оқуын азайтып, ойынға көп көңіл бөлгендіктен сабақ үлгерімі төмендейді.
2 - топ. Күннің суықтығына байланысты балаңыз ауырып, көп сабақ жіберіп алды. Осының салдарынан ол сыныптас достарын көп уақыт көрмеді.
3 - топ. Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп, шықпай қойса, сіз не істейсіз?
Үш топ бойынша «Тәрбие басы – тал бесік» мақалының мазмұнын ашу. Өз ойларын ортаға салу.

2 - Бөлім: Мақаланың жалғасын табу.
Ата - аналарға
1. Атаға қарап…..
2. Анаға қарап…
3. Ананың көңілі баллада…
4. Жақсы сөз…
5. Ұяда не көрсең…
6. Мал баққандыкі,..

3 - Бөлім
Балалар іс қимыл көрсетеді, ал ата - аналар табуы керек.
1. Маған ілгегімді тігіп берші.
2. Мен сабақ оқуым керек, сондықтан үй жинаймын.
3. Менің көйлегім үтіктелмеген, соны үтіктеп берші.

4 - Бөлім
- Енді, балалар, ата - аналарымызға жылы сөздер айтайықшы.
Үш топ жарыс түрінде сөйлейді. Қазылар алқасы бағалайды.
- Ал енді, ата - аналар, біз осындай балаларымыздың бойларынан қандай қасиеттер көргіміз келеді? Соны жазайық.
Сызба ілінеді.
- Балалар, осындай қасиеттерді бойымыздан таба білу. үшін не істеуіміз керек?
Балалар: Сабақты жақсы оқып, үлкендерді тыңдауымыз қажет. Ата - анамызды әрдайым сабақ үлгерімімен, жақсы тәртібімізбен қуантамыз.
Күлдіргі жұмбақ
1. Кім барлық тілде сөйлейді?
Жауап: Жаңғырық
2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады?
Жауап: Мысық.
3. Дүниедегі ең шапшаң нәрсе?
Жауап: Ой - қиял.
4. Егер түнгі сағат 12 - де жаңбыр жауса, мұннан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып шуақ түсе ме?
Жауап: Жоқ, бұл түн мезгілі.
5. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?
Жауап: Аспан суреті судан көрінген кезде.
6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды?
Жауап: Іші толы бөшкеге.
Жалпы сұрақ
«Мақал - сөз атасы», мақал сайысына шақырамыз.
1. Қар жана ма?/Қалауын тапса қар жанар/.
2. Инемен құдық қазуға бола ма?/ Оқу инемен құдық қазғандай /.
3. Әппақ қарға бола ма?/ Қарға баласын «Аппағым» дейді/.
4. Қой мен қасқыр ойлана ма?/Қойдың ойлағаны – амандық, қасқырдың ойлағаны - арамдық /.
5. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?/ Көз қорқақ, қол батыр/.

6 - бөлім
Балаларға сурет бойынша жағдаяттық сұрақ қою.
Олар өз ойларын айтады. Құпия хаттарға жауап беру.
1 - хат. Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе - көз өтірік айтады. Менімен күнде ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

2 - хат. Құрметті достар!
Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жіргенде үй - ішін айтып, нәрселерін, қылығын айтып мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба?
3 - хат. Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап, тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Тапсырманы менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем «Сен сараңсың» дейді. Мен не істеуім керек?
Қазылар бағалайды.
Ата - аналарға, әр топқа тақырып беріледі. Өз ойларын айту.
1 - топ. «Бақытты жанұя. Ол қандай?»
2 - топ. «Жанұядағы жанжал. Оны шешу жолдары»
3 - топ. « Отбасы мейрамдары. Оны өткізу жолдары».
Мұғалім: Әрбір отбасына тек қана қуаныш тілеймін. Балаларыңыз күннің шуағындай болып тек қуанышқа бөлей берсін!
Сайыс соңында қазылар алқасы сөз салып қорытындылайды.

Жанұзақ ауылы, Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Басарова Сабижамал Рамазановна

Ата - аналармен жұмыс. Тәрбие басы - тал бесік. жүктеу
2 097
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата көрген оқ жонар
Ата көрген оқ жонар
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту.
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Ата – аналарға рухани – адамгершілік білім жайлы түсінік беру.
Ата - аналармен жұмыс. Тәрбие басы - тал бесік
Ата - аналармен жұмыс. Тәрбие басы - тал бесік
«Отбасы – Отанның бір бөлшегі» екенін ұғындыру; адам бойындағы, ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, бала тәрбиесінде ата – ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; оқушыларды ынтымақ пен
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
Мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасы жағдайында баланы ерте жастан дамыту
«Таным» білім беру саласы бойынша жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып балалардың бойындағы танымдық қабілеттерін дамыту
Жақсы бала, ата - ана қуанышы (ата аналар жиналысына)
Жақсы бала, ата - ана қуанышы (ата аналар жиналысына)
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×