Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз

03 наурыз 2022, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сценарий утренника (8 марта)
Көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз

Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Сәлеметсіздер ме қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, әріптестер! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын деп
Жигиттер ортаға шығып, реп айтады, билейді.
Алтынбай Әділет Бүгін кімнің туған күні,
Кімге бүгін сый құрмет.
Кімдер үшін құлпырады,
Қыр гүлдері керемет.
Санжар Кім үшін, кім үшін,
Дәл ойланып табыңыз.
Гүлдер де, құрмет те,
Аналар сіздерге.
Асфандияр: Достар, біздің қыздар қайда? Оларсыз мерекені қалай бастаймыз? Әлде сендер оларды ренжіттіңдер ме? Мойындаңдар, қыздарды ренжіттіңдер ме? (жоооқ ) Шаштарынан тартып, мазақ қылдыңдар ма? ( жоооқ ). Жақсы, оларды іздеп көрейік.
Барлығы бірге: Дұрыс айтасың, барлығымыз бірге іздейік. Жан – жаққа қоңырау шалайық.
Ильяс: Алло, бұл дүкен бе? Сіздерге балабақшадан қыздар келмеді ме? Жоқ? Кешіріңіз!
Асфандияр: Алло, бұл сұлулық салоны ма? Сіздерге балабақшадан қыздар бармады ма? Барды? Шаштарын сәндеді ме? Олар қайда кеткенін білесіздер ме? Ательеге? Ательеге кетіпті.
Ақбердинов Ә.: Алло, кешіріңіз, сіздерге балабақшадан қыздар келді ме? Келді? Көйлектерін алып кетті ме? Қайда кеткенін білесіз бе? Балабақшаға? Ой, рақмет сізге!
Ернұр: Достар! Біздің қыздар келе жатқан сияқты. Оларды үлкен қошеметпен жақсылап қарсы алайық!
(Балалар бөлініп екі жақта тұрады. Қыздар жартылай шеңберге келіп, арасына тұрады. Арасынан балалар шығып тақпақтарын айтады).
Иманәлі: Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
Балнұр: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Жамал: Сегодня с праздником весны
Спешим мы вас поздравить!
Ах, да! Забыли поцелуй
«Воздушный» вам отправить!
(«воздушный поцелуй»)

Хор «Мамин праздник»
Балаларды орындарына орналастыру.
Жүргізуші: Тыңдайықшы. Бір көңілді әуен естіледі. Бұл кім болды екен? Қонақтардың барлығы кеп болған сияқты еді ғой?
Әуенмен залға Микки маус кіреді.
Микки: Қыздар сәлем, ұлдар привет! Қайырлы күн ата – аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, қымбатты Микки! Сен қайдан келіп қалдың? Келгенің жақсы болды, қуанып қалдық.
Микки: Мен де өте қуаныштымын. Балалар басымыз қосылып қалған екен, ендеш бірге отырып мультфилм көрейік.
Жүргізуші: Тоқта, қайдағы мультфильм? Бүгін бізде мереке – 8 наурыз! Қарашы, қанша қонақтар жиналып отыр. Біздің балалар аналар мен әжелерге арнап мерекелікномерлері бар еді.
Микки: Біз бәрібір теледидар көретін боламыз. Мен арамыздағы ең тартымды, сүйкімді Микки болғандықтан, осы мерекенің тележүргізушісі болайын. Ал сіздің балаларыңыз әртістер болсын.
Жүргізуші: Мынауың жақсы ой екен. Балалар, мерекелік телебағдарламаға қатысуға келісесіңдер ме? Ендеше, Микки, сен тележүргізушінің орнына отыра ғой.
Микки өз теледидар алдына орналасады.
Микки: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер, аналар мен әжелер, тателер мен қарындастар! Бүгін, мерекелік күнге орай «Бегім Ана» балабақшасының «Балапан» телеарнасы қыздар мерекесіне арналған бағдарламасын ұсынады. Әлі оянбаған көрермендерімізді бізбен бірге билеуге шақырамыз!
Көңілді би. Барлық балалардың орындауында.
Микки: Жарайсыңдар балалар! Мерекелік бағдарламамызды жалғастырамыз.
Өлең сөздің - патшасы, сөз сарасы
Қиынынанн қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп
Теп - тегіс жұмыр болсын айналасы - деп кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.
Қабыл алыңыздар!
Тамерлан: Бала, бала, баладеп
Меніөсіргенанашым
Гүлгетолсынқұшағың
Бақытты бол анашым

Малика: Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Владик: В этот день 8 марта
Поздравляем милых дам.
Мы вас любим, обожаем
И желаем счастья вам!
Балауса: Много радости, здоровья,
Быть красивыми всегда,
Чтоб счастливая улыбка
Не сходила бы с лица!

Көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз. жүктеу
5 470
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
Айналайын анашым
Айналайын анашым
Ана дейміз біріміз де аңқылдап, Ана дейді жас сәбиде жарқылдап, Ана деген бәйтерегі өмірдің, Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Анам - менің жүрегім!
Анам - менің жүрегім!
Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелеріңізбен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті әжелер.
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Шуақты көктем келді гүлін алып Көктемнің мерекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар Ана деп бас иеді күллі халық.
8 – Наурыз Аналар мерекесі (8 наурыз мерекесіне сценарий)
8 – Наурыз Аналар мерекесі (8 наурыз мерекесіне сценарий)
8 – Наурыз Аналар мерекесі ( екі бала бастайды) 1 – бала: Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп Ән маржанын ашайық.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×