Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аудандық Мұқағали оқулары

05 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Атырау облысы, Индер ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Досанова Гулзар

Аудандық Мұқағали оқулары
Жүргізуші: Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал қазақ!

Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі аудандық жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткелі отырған Мұқағали Мақатаев оқуларына қош келдіңіздер!

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім! – деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған, «поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне сапар шеккелі отырмыз.

Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшым едің
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.

Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды, - деген екен. Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де - өзіміз. Ендеше бүгінгі жыр додасы Мұқағали сынды өр ақынға арналмақ.

Бүгінгі аудандық Мұқағали оқуларының басты мақсаты мен міндеттері:
- Аудандық жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
- Аудандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума – талант, табиғи дарындарын анықтау.
- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету. Өз ой пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуін дамыту;
- Жас ақындарға әлеуметтік – рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру. Жас буынның тарихи танымдарын, өмірге көзқарасын қалыптастыру.

Мұқағали оқуларының шарттары:
1. «Менің пірім - Мұқағали» айдарында – оқушы Мұқағалидің бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс – тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс. (5-10 балл)
2. «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап... » айдарында оқушы өз төл туындысын оқиды. Оның көркемдігі, ойлылығы, оқу мәнеріне, жатқа оқуына назар аударылады. (5-10 балл)

3. «Жыр эстафетасы» айдарында үміткерлер «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек» поэмаларын жатқа оқиды. Оқушылар жеребе бойынша таңдауына түскен поэманы жатқа айту арқылы өзара сынға түседі.

4. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді бір шумақ өлең туғызу. Ол ұтымды, жұрт көңілінен шығардай болғаны абзал. (5-10 балл)

5. «Өлең мен өрілген ой» айдарында үміткер Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады, көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады. Мұнда оқушының шешендігі, ой жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі. (5-10 балл)

6. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» - сұрақ – жауап ойыны. Бұл «Ғасыр көшбасшысы» ойынындағы жорға ойыны секілді. Бір минутта он сұрақтың қаншасына жауап береді, оның нешеуі дұрыс екендігі ескеріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай.

Мұқағали оқуларына қатысушы түлектерді таныстырып өтейін. (Аты аталған қатысушы орнына тұрып сахнаға келуі керек.)
Құрметті Мұқағали оқуына қатысушы түлектер барлығыңызға сәттілік тілейміз. Үстелдегі нөмірді суырып реттеріңізді анықтап аламыз.

Бүгінгі жыр додасына әділдік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейін.
1. Даулетова Роза Қабышқызы - қазылар алқасының төрағасы, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.
2. Мусағалиева Арай – Бөдене мектебінің мұғалімі, мүшесі.
3. Шүйінішқалиева Ж - М.Сиранов атындағы орта мектептің мұғалімі, мүшесі.
4. Ибаттола Г - Аққала орта мектебінің мұғалімі, мүшесі.
5. Жәрдемова Ә - Қ.Абақанұлы атындағы орта мектептің мұғалімі, мүшесі.

Мен сенің үніңменен үндесемін,
Мен сенің тіліңменен тілдесемін.
Сауық құрып бойында бір көшенің
Болашағым, сен тұрсың, мен де өсімін, – деп болашағына сеніммен қараған еді ақиық ақын. Ендеше, байқаудың бірінші бөлімін «Менің пірім - Мұқағали» айдарын бастайық. Бұл бөлімде Мұқағали жырын жауқазын өрендер жатқа мәнерлеп оқып береді.

Әрі осы бөлімге «Өлеңмен өрілген ой» бөлімін жалғастырып кетеміз. Бұнда оқушы өзі оқыған өлеңді шартта берілгендей талдайды.

Дүниеден өтті қанша ұлылар,
Ұлылар да уақытпен құбылар
Сиқырыңды зерттеп бітпес біз үшін
Бір өзің бір құбылыссың сыры бар, - деп Қанипа ақын Мұқағали ақынды еске алған екен.
Ендігі кезек, «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап» бөлімі. Бұл бөлімде оқушы өзінің төл туындысын оқиды.

Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.
«Жыр эстафетасы» бөлімі үміткерлер алдарындағы үстелден екі қағаздың біреуін суырып, өзіңізге берілген поэманы жатқа айту керек.

Өлең деген тумайды жайшылықта
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа
Оқушылар берілген ұйқасқа өлең құрайды. Бұл кезде тағы да мына алдымдағы үстелден билет суырып орныңызға отырып жазып, әділ қазыларға бересіз.

«Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын күйзелістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған»- деп Тұманбай Молдағалиев баға берген.
Келесі бөлім «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» деп аталады. 1 минуттың ішінде Мұқағали өмірімен шығармашылығынан он сұрақ қойылып, жауап алынады.

Жыр додасы өз мәресіне жақындады әділ-қазылар әділ шешімін шығарғанша 5 минутқа үзіліс жариялаймыз.
Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Қорытынды:
Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.
... Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді – ай, - деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына. Облыстық Мұқағали оқуларына қатысушы түлекке аудан намысын абыроймен қорғап, жүлделі орынға жетуіне тілектеспіз.
Қош болыңыздар! Кездескенше күн нұрлы, болсын.
30 662
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тілімде менің сыры терең жаным бар...
Тілімде менің сыры терең жаным бар...
Жамбыл облысы, Шу қаласы, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ильясова Рахила Иманғалиқызы
Үш бақытым. М.Мақатаев
Үш бақытым. М.Мақатаев
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ақжар негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі Акимова Раиса Касимовна
Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев
Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы Марат Қаниев Амандықұлы
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі: Көкен Гүлжамал Өмірзаққызы
Сөнбес жұлдыздар
Сөнбес жұлдыздар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы»ММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Муханмедиева Шынар Муханмедиевна
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...»  (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...» (Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш)
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×