Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақытты отбасы - ол…(дөңгелек үстел)

14 қыркүйек 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Бақытты отбасы - ол…»дөңгелек үстел
Мақсаты: Сынып оқушыларына отбасы тәрбиесінде ой салу, ата - ананың отбасы тәрбиесіндегі сауаттылығын көтеру және жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне жол бермеу.

Дөңгелек үстелге ата – аналар, сыныптың жалпы оқушылары қарастырылады.
Дөңгелек үстел 6 бөлімнен тұрады:
1. Ойға шабуыл
2. Бүгінгі менің ойым
3. Ата – анаға тест
4. Сүйіспеншілік сипаты
5. Қорытынды

Бірінші болып оқушылар, олардың артынан дөңгеленіп ата – аналар отырғызылуы керек. Дөңгелек үстелдің ортасына өсірілген гүл қойылады. Оқушылар ішке кіріп келе жатқанда олардың біріне көк жапырақ, біріне сары жапырақ беріледі. Әдемі ой салар әуен қойылып, сол әуенмен ата – ана да, оқушылар да орнына отырады.
Пайдаланған өсиет сөздер:
1. Баланың жақсысы – қызық, жаманы күйік (Абай)
2. Ата – бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі (Пушкин)
3. Кімде – кім ата – анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады (Мың бір хадистен)
Салынған талдың суреті пайдаланады.
Кіріспе.
Тренинг
Топқа бөліну./отбасы болу/ әуен арқылы/
Топ ережесін құру.
«Бір күнгі отбасылық өмір» қойылым
Жүргізуші: Қадірменді ата – ана, “Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін” деп әлпештеп отырған перзентінің мейірімсіз, қатыгез, жаман бала болғанын кім тілейді десіз? Бірақ бүгінгі күні ата – анасын құрметтейтін, олардың алдындағы перзентік парызын орындамайтын, өз айтқанымен жүргісі келетін балалардың бар екені шындық.
“Тәрбие – отбасынан басталады” дейтін болсақ, біздің отбасындағы тәрбиеміз, қарым - қатынас мәдениеті қандай? Бүгінгі балаларымыз “махаббат майданында” жүрген қыздар мен жігіттер. Біреуі – біреуді ұнатып қалып жатса, біреуі — біреуге ұнап жатады. Бір – біріне ұнаған жастың ендігі арманы біз мына өмірде бірге болсақ екен, өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көрсек екен деген ой туады, ал ол отбасын құру дейтін болсақ, сол отбасын құруға біздің жастарымыз дайын ба?
Ал ата – ана, ертеңгі үміт күткен балаларымызбен сыйластығымыз, отбасындағы түсініктігі қандай?
Бүгін сіздерді “Отбасы бақыты – ол…” деп аталатын дөңгелек үстелге пікірлесуге шақырамын.
Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай жалғастырайық (оқушыларға да, ата – аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі)
а) отбасы бақыты – ол….
ә) бақыт дегеніміз — …..
б) борыш дегеніміз -…….
в) отбасы бақыты үшін мен…….
г) келешектегі отбасымның бақыты үшін мен……
(осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс істеуіне жағдай туғызу керек)
Ата – ана, оқушы жауабынан соң қорытынды жасалып, “осы отбасы бақытын бұзатын қандай жағдайлар?” деген сұрақ тасталады.
Жүргізуші: 3 – бөлім “Бүгінгі менің ойым” деп аталады. Оқушыларға мынадай сұрақтар жазылған парақтар таратылады:
а) – ой, мама, қойызшы осы, сіз оны түсінбейсіз(осы сөздерді есту ата – анаға ауыр емес пе?)
ә) отбасы бақыты кімнің қолында(ананың, әкенің, балалардың)
б) мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе?
Ата – аналарға берілетін сұрақ:
 балаңыздың “ой, қойшы мама” деген сөздері сізге ауыр тие ме? Бұл сөздерді жиі естуге тура келе ме?(оқушылар, ата – аналар жауаптары тыңдалады)
Жүргізуші: Сенің кез – келген жақсы ісің үшін алған қуанатын да анаң, кез – келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін – бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қалып кетеді, осы ұмытпа. Оқушылар, сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналды, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын. Анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды (тақтада жазулы тұрған хадистен сөз оқылады)
1. Енді оқушыларға алфавит бойынша әріптерді қойғанда шығатын сөздердің бірнешеуі беріледі, ал ата – анаға тест беріледі. Сол тесттің сұрақтарына жауап беру арқылы ата – ана балл жинайды. Сол баллына қарап, бала тәрбиесіне байланысты бағыт – бағдар беріледі.
Оқушыларға берілген тапсырма:
Мына сандардың астында бір – бір әріп тұр, соны тауып сөйлетіп көр.

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Темірғалиева Назым Фатихқызы
Бақытты отбасы дөңгелек үстел. жүктеу
10 991
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Циклограмма (бір аптаға)
Циклограмма (бір аптаға)
Тәрбиешінің балалармен қарым - қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым - қатынас және көтеріңкі көңіл - күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату.
Жанұя бақыты
Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Менің отбасым, Эссе
Менің отбасым, Эссе
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар.
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Ата - аналарға тренинг: Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру. Ата – аналарға рухани – адамгершілік білім жайлы түсінік беру.
Тамырын жайып тереңге
Тамырын жайып тереңге
Отбасы құндылықтары, ата - баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы білімдерің кеңейту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×