Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал – сөздің мәйегі

23 қыркүйек 2018, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Мақал – сөздің мәйегі»
Мақсаты: білімділік: Халық ауыз әдебиетін пайдаланып, оны орынды қолана білуге, шаршы топ алдына сөз жүйесін таба білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Халық ауыз әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым - қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу;
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау.
Түрі: Интеллектуалды сайыс сабағы
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер оқулығы т. б.

Барысы:
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды анықтатын, білімге қызығушылығын арттыратын «Мақал - сөздің»сайысымызға қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген - дей отырып бүгінгі сайысымызды бастаймыз! Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып өтейін.
І топ. Білгір
ІІ топ. Алғыр
ІІІ топ. Тапқыр
Бүгінгі сайысымыз 5 - турдан тұрады.
1. Таныстыру
2. «Мықты болсаң тауып көр»
3. «Ойлан тап»
4. «Жеті жұрттың тілін біл»
5. «Жалғасын тап»
Енді бірінші тур бойынша әр топ өздерін таныстырулары керек. Таныстыруларының ішінде мақал - мәтелдер болуы шарт.

І тур. Таныстыру.
Бірінші тур бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.

ІІ тур «Мықты болсаң тауып көр».
Шарты: тақтада сөздер берілген сол сөздерді қатыстырып мақал - мәтелдер құрайсыздар. Қолдарыңыздағы таяқшаны бірінші көтерген топ қана жауап береді.
Тірек сөздер:
1. Қой, қойшы, қозы.
2. Арпа, бидай
3. Бірлік, тірлік
4. Жер
5. Ит
6. Еріншек
7. Білім
8. Отан
9. Әке - шеше
10. Жылқы
11. Тіл
12. Өтірік
13. Гүл
14. Нан
15. Еңбек
ІІ тур бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.
Мақал - мәтелдер - ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал - сөздің атасы»демекші сайысымызды жалғастырамыз. ІІІ турымыздың шарты. қойылған сұрақтарға мақал - мәтелдермен жауап берулеріңіз керек.

ІІІ тур «Ойлан тап».
1. Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы - жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3. Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4. Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті, баланың тілі тәтті)
5. Қар жана ма?
(Қалауын тапса, қар жанады)
6. Оттан да не ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
7. Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
8. Кімнен кім жаман?
(Олақтан салақ жаман)
9. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай, жинау қиын)
10. Білгенің қанша, білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)
11. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ, қол батыр)
12. Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс күймейсің)
13. Көрдім, көрмедім деген неше сөз?
(Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)
14. Етікті қонышынан басуға бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышынан бас)
ІІІ тур бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.

ІҮ тур. «Жеті жұрттың тілін біл»
«Ақыл - ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті»деген екен Ғ. Мүсірепов. Тіл - ұлттың жаны, халықтың үні. Сондықтан да қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу қажет. Қазақтан шыққан өткір ойлы, жан - жақты ғұлама ғалым, тарихшы, әдебиетші, саяхатшы Ш. Уәлиханов 8 тілде еркін сөйлеген. Біздің дарынды жастарымыз да үш тілді еркін меңгерген. ІІІ турымыздың шарты: Мақал - мәтелдердің бір сөзі түсіп қалған сол сөзді тауып, орыс тіліне, ағылшын тіліне аударасыздар. Шарты түсінікті болса сайысымызды бастаймыз.
1. Мектеп кеме, білім ………..(теңіз, море, sea)
2. Қорада малың болсын, кеше……….(талың, дерево, tree)
3. Адам көркі шүберек, ағаш көркі………….(жапырақ, лист, foliage)
4. Құлан құдыққа құласа, құлағында…………ойнайды.(құрбақа, жаба, frog)
5. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш…….. болмас.(орман, лес, forest)
6. Бабалар еккен шынарды,…………. саялар(балалары, дети, children)
7. Қыз өссе елдің көркі, ………. өссе жердің көркі.(гүл, цветок, flower)
8. Біреуге мал қайғы, біреуге……… қайғы.(жан, душа, soul)
9. Мақтаның анасы жер, атасы -………..(су, вода, water)

Ү тур. «Жалғасын тап» Шарты: Мақал - мәтелдердің жалғасын табу керек.
1. Өз үйім... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы,...
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады,...
Өнер жастан шығады.
4. Отан... (оттан да ыстық)
5. Ғылым теңіз,.... (білім кеме)
6. Оқу инемен.... (құдық қазғандай)
7. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде........................

Қорытынды:
Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.
Мақал – сөздің мәйегі. жүктеу
8 684
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер – халық даналығы
Мақал – мәтелдер жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, мақал – мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал – мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
1001 мақал, 101 жұмбақ жарысы
1001 мақал, 101 жұмбақ жарысы
Оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту;
Мақал - сөздің мәйегі
Мақал - сөздің мәйегі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, № 11 Балабақша тәрбиешісі Дайрабаева Гулшат Әмірханқызы
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі ММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Накеева Акмарал
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ сайысы
Халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×