Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аталы сөз - баталы сөз

04 қараша 2018, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Аталы сөз баталы сөз.
Мақсаты: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетіндігі, өзіндік ұлттық қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, үнтаспа, слайдтар, проектор.
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Аталы сөз – баталы сөз
3. Жақсы деген немене, жаман деген немене?
4. Қорытынды

I. Кіріспе.
«Сөз атасы – сәлем»
- Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар. «Аталы сөз – баталы сөз» атты кешімізге қош келдіңіздер. « Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» демекші бұл кеште ақылдың кені бабалар өсиетімен танысайык.
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танисың ба, сен мені
Мен қазақтың баласы!
1. Сәулелі сөз сөнеме?!
Орны бөлек батаның
Бізге тәлім, өнеге -
Ақ тілеуі батаның.
2. Атам менің әмәнда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Мақтанбайды жөн көрем.
3. Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
4. Қалдыратын ұятқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізетін мұратқа
Тек шындықты көздеймін.

II. Аталы сөз – баталы сөз.
Қатысушылар: атасы мен немересі.
Атасы: Балам, аталы сөз кімге керек?
Немересі: Аталы сөз ақындарға керек.
Атасы: Жоқ, балам, аталы сөз бәріне керек. Есіңде болсын, ақылдыға – аталы сөз дана болу үшін керек, жақсыға аталы сөз дала болу үшін керек. Берекелі сөз бесіктегі балаға да әсер етеді. Аталы сөз ақылдыдан шығады. Есікті ақырған дауысынан таниды, ақымақты айқайынан таниды. Ақымаққа ақыл айтсаң мазақ қылады, ақылдыны мазақ қылсаң жалтақ болады. Өнер талантты өсіреді, өсиетті сөзге күлмейді. Ата ақиқатты айтады, әке адалдықты айтады, ана жақсылықты айтады.
Музыкалық нөмір: Ән « Қазағымның дәстүрлері»

III. Ескірмейтін есті сөз.
Топқа бөліну.
1 топ «Әділет»
2 топ «Өсиет»
Жүргізуші:«Адамның, жердің, сөздің сәні не?» - деп сұрапты.
«Әділет» тобы: Адам сәні – өнер, білім, ақыл.
Жердің сәні – жеміс, өнім, дақыл.
«Өсиет» тобы: Сөздің сәні – өнегелі өткір ақылы,
Пікірдің сәні – ең пайдалы мақұлы, - депті.
Екі топ мүшелерімен «Мақал – мәтел» сайысы
Алыстан алты жасар бала келсе..............................................
Сыйлап берген су сатып...................................................................
............................................................ алтау ала болса аздырар.
.......................................................... көңілің ашылады.

IV. Жақсы деген немене, жаман деген немене?
«Әділет» тобы музыкалық нөмір
«Өсиет» тобы музыкалық нөмір

«Өсиет» тобы: Жақсы деген кісінің алты – арты бірдей жарық болар,
Жақсы деген кісінің бас – аяғы бірдей анық болар.
I топ. Жақсы бала құлақ сап, айтқаныңды ұғады,
Төсегінен тұра сап, таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол анық істемейді шалалық
Тап – таза боп жуынып, алады ол таранып.
II топ. Жаман бала құрысып, өз – өзінен тырысып,
Түске дейін жатады шешесімен ұрысып.
Екі топтың балалары айтысты бірігіп қорытындылайды.
Көрініс:«Бүлдірген мен күлдірген»
Бүлдірген: Әдеп дегеніміз әдеп, әдеп.
Күлдірген: Сен әдепті білсең, әуелі амандасып алу керек көрермендермен.
Бүлдірген: Өзің неге амандаспайсың ә?
Күлдірген: Әркім өзі үшін жауап беруі керек.
Жүргізуші: Әдепті болу – ата – ананың тілін алу, үлкенді құрметту, ізетті де инабатты, сыпайы сойлеп, сый – құрмет көрсету.
Күлдірген: Жақсыға әдеттелеу – әдептілікті қалыптастырады, жаманға әдеттелеу тәртіпсіздік болады.
Бүлдірген: Әдепті болу үшін не істеу керек?
Күлдірген: Жақсы сөйле, ізеттілік көрсет, әдепті бол. Әдепті болу әркімнің өз қолында.
Жүргізуші: әдептілік, әдемілік негізі «әдеп», «әдет» сөзін ажырата білуіміз керек.

Қорытынды.
Бүгінгі біздің сабағымызды қорытындылайтын уақыт келді. Жақсы болу біздің қолымыздан келеді. «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренейік».
«Ер батамен көгерер» дегендей бата беріледі.
Аталы сөз баталы сөз. жүктеу
9 772
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің ата — тегім
Менің ата — тегім
Ата тектері туралы мағлұматтарды бойына сіңіруіне, жеті атасы туралы ойларын ортаға салуға тәрбиелеу.
Даналығын халқымның мақтан етем
Даналығын халқымның мақтан етем
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы. Малик Армангуль
Атаның сөзі – ақылдың көзі
Атаның сөзі – ақылдың көзі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Каратаева Майя Исимкуловна
Сәулең болса кеудеңде, жақсы сөзге құлақ сал
Сәулең болса кеудеңде, жақсы сөзге құлақ сал
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалиева Раиса Мадиярқызы
Аталар мұрасы – халық қазынасы
Аталар мұрасы – халық қазынасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Қалиева Жадыра
Атаның сөзі - ақылдың көзі
Атаның сөзі - ақылдың көзі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі Төкенова Жайнагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×