Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бинго интеллектуалдық ойыны

20 ақпан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Бинго» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін - өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.
Типі: Ойын түрінде
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! « Бинго» ойынына қош келдіңіздер!
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасы мен таныс болайық.
1. Мектеп директоры..........
2. Мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:......
3. Мектеп директорының оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:.....
4. Математика пәнінің мұғалімі:......
5. Математика пәнінің мұғалімі.........
Бүгінгі кештің жоспарымен таныс болайық:
«Математикалық Бинго» интеллектуальдық ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.
1. Іріктеу кезеңі (менің қойған сұрақтарыма қолдарыңызды көтеру арқылы дұрыс жауап беріп, қатысушы оқушылар Бинго билеттерін сатып алу қажет.)

2. Логикалық сұрақтар (Бұл кезеңде интерактивті тақтадағы қобдишадан цифрланған жетондарды алу арқылы қойылатын 1 - ші блогтағы сұрақтың номерін анықтап береді, сол сұраққа дұрыс жауап берген ойыншымыз билеттегі цифрларды қоршайды, кім көп сұраққа жауап берсе сол осы турдың жеңімпазы.)
3. «Сандар әлемі» мақал – мәтелдер жарысы (Бұл кезеңде де интерактивті тақтадағы қобдишадан кездейсоқ номерленген жетондарды алу арқылы қойылатын 2 - ші блогтағы сұрақтың номерін анықтап береді)
4. «Жекпе – жек» (Бұл кезеңде де интерактивті тақтадағы қобдишадан кездейсоқ номерленген жетондарды алу арқылы қойылатын 3 - ші блогтағы сұрақтың номерін анықтап береді)
5. «Көрермендермен ойын» (Әділқазы мүшелері номерленген жетондарды қоржыннан алу арқылы көрермендердің қолындағы жетондармен сәкес адамды ортаға шақырамыз. Ол ойыншы кубикті лақтыру арқылы өзіне сұрақ таңдап алады егер сұраққа жауап берсе, сол сыйлықты иемденеді.
- Олай болса іріктеу кезеңімізді бастаймыз.

Іріктеу сұрақтары:
1. Шеңбер нүктесін центрімен қосатын кесінді? (Радиус)
2. Сәуленің ұшы бола ма? (ия)
3. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)
4. Тік бұрыштан кіші бұрыш? (Сүйір)
5. Қосудың теңдігі? (қосынды)
6. Ең кіші 3 таңбалы сан? (100)
7. Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)
8. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
9. Метрде қанша сантиметр бар? (100)
10. Ең кіші жай сан? (2)
11. Бір жылда неше тәулік бар? (365)
12. Кесінді тұйықталған ба? (ия)
13. Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы? (периметр)
14. Дөңгелектің ең үлкен қордасы? (диаметр)
15. Азайтудың теңдігі? (азайтынды)
16. Қай санды бөлуге болмайды? (0)
17. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
18. шеңберді сызатын құрал? (циркуль)
19. 1 кг да қанша грамм бар? (1000)
20. Ең кіші натурал сан? (1)

1 - тур: Логикалық сұрақтар:
1. Үш әкесі мен алты ұлы серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды, әр қайсысына алты алмадан тиді. Бұл қалай болғаны? (1 АТА, 2 ӘКЕ, 4 БАЛА)
2. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады? (1)
3. Саялымда бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (3)
4. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (ТІКБҰРЫШ)
5. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6)
6. Жаңа туған пілдің баласы 1 тоннаның 1/8 бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше кг тартады? (125 КГ)
7. «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 САҒАТ, 43 МИНУТ)
8. Автобустан түсу үшін не істеу керек (АВТОБУСҚА МІНУ КЕРЕК)
9. 2адам шахмат ойнап отыр екеуі 2сағат ойланды. Енді сұрақ 1ші адам қанша сағат ойланды? 2ші адам қанша сағат ойланды (2 - ДЕ 2 САҒАТ)
10. Сен қараңғы бөлмеге кірдің бірінші май шамды жағасың ба? керосин майды жағасын ба? (СІРІҢКЕ)
11. Көшеде екі папасы, екі баласы, бір атасы мен немерсі кетіп бара жатыр көшеде қанша адам кетіп бара жатыр??? (3 АДАМ)
12. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің баласы емес. Сонда кімі болғаны? (ӘКЕСІ МЕН ҚЫЗЫ)
13. Қай кезде біз 2 санына қарап, «он» деп айтамыз? (БІЗ САҒАТҚА ҚАРАҒАН КЕЗДЕ, НЕШЕДЕН БОЛМАСЫН ОН МИНУТ КЕТІП ТҰРҒАН ЖАҒДАЙДА.)
2 - тур «Сандар әлемі» мақал – мәтелдер жарысы
1. Білекті бірді жығар....... (Білімді 1000 жығар)
2. Жаздың бір күні..... (қыстың 1000 күні)
3. Дұшпаннан бір сақтан.... (жаман достан 1000 сақтан)
4. Білгенің бір тоғыз... (білмегенің 99 )
5. 30 тістен шыққан сөз.... (30 рулы елге тарар)
6. 40 кісі бір жақ.... (қыңыр кісі бір жақ)
7. Жеті жұрттың тілін біл.... (жеті түрлі білім біл)
8. Жеті рет өлшеп..... (бір рет кес)
9. 2 жақсы қас болмас..... (2 жаман дос болмас)
10. 7 атасын білмеген..... (жетесіз)
11. 5 бармақ жұмылса.... ( жұдырық болады)
12. Бір кісі қазған құдықтан.... (1000 кісі су ішеді)

Өткізген: Д. Калиакпарова
Бинго интеллектуалдық ойыны жүктеу
4 081
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі математик пәнінің мұғалімі: Смагулова Айгуль
Математикалық Бинго
Математикалық Бинго
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» МКҚК математика пәні оқытушысы Қалдаулетова Айгерим Максатовна
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×