Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған. Ынтымағы жарасқан туған өлкем

14 наурыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағаты.

Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым - қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Көрнекілігі: 1. Достық тақырыбына арналған топтардың арасында қабырға
газеттері.
2. Ұлттар достығын бейнелейтін суреттер.
3. Шара өтетін жерлерге кептерлер, күннің, гүлдің, шарлардың
көмегімен безендіру.
4. Видео слайд

Әнұран

Жүргізуші: Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!
(1 мамырға арналған видео - көрініс)
Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, студенттер, бүгінгі шараға қатысушылар! 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» - атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 - дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату - тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат - мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт - дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай - ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі шараның да мақсаты халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым - қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек. «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмас» - деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қосты.

Жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

Мырзабеков Шерханның орындауында монолог.
«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні - түні дамыл көрмей «Отан, Отан, Отан...» деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаныма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын деп» - деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны – ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен! Міне, тыңдарман қауым сөзімнің соңын мына бір өлең жолымен қорытындылаймын.
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!

Жүргізуші: Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 - мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын

Жүргізуші: Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын.

Жүргізуші: Қазір республикамыздың мектептері 9 тілде: қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде оқылады. 22 ұлттық - мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектебі бар.

Жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

Би«Неміс биі»

Жүргізуші: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні.
Міне, осыған сәйкес «Тапқыр достар» ойынын ұйымдастырмақшымыз. Студенттер 3 топқа бөлінеді. Ол ойынның шарты ортадан 3 оқушы шығады. Жүргізуші ынтымақ, бірлік, достық жөнінде мақал - мәтелдердің басы айтылады, жалғасын жаңағы 3 оқушы айтады, осылай ұпай санымен есептеліп жеңімпаз анықталады.
Ырыс алды – (ынтымақ)
Бірлік болмай – (тірлік болмас)
(Ынтымақтың түбі) – игілік
Бірлік, ынтымақ - (байлық, бақ)
Тірлік, тірлік түбі - (бірлік)
(Татулықта) табыс мол
Бірлік болмай (Тіршілік болмайды)
Дос басыңа қарайды (Дұшпан аяғыңа қарайды)
Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан (көзіңе мақтар)
Ағаш тамырымен мықты, Адам (дос – жарымен мықты)
Дос – егіз, (дұшпан - сегіз)
Досыңды мақтағаның - (өзіңді жақтағаның)
Досы жоқ адам – (Тұзы жоқ тағам)
Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды)
Теңге тиыннан, (Ынтымақ – ұйымнан).

Жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ – шуақты мамырым - ай.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған «Отан!» - деп сыбырлаған
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол да оның шырылдаған.
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған. Ынтымағы жарасқан туған өлкем жүктеу
5 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
1 - Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, басқа ұлттармен қарым - қатынасын нығайту. Ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Ынтымақ мерекесі
Ынтымақ мерекесі
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту. Тәрбиеші: Ахметкалиева М. Б.
Ортақ біздің жеріміз
Ортақ біздің жеріміз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы, №5 "Айгөлек" балабақша МКҚК тәрбиешісі Бисенова Жансая Ғлажадинқызы
1 Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған. Достық - біздің тірегіміз
1 Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған. Достық - біздің тірегіміз
Атырау қаласы Жұмыскер кенті № 35 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәжбентаева Зульфия Сайлаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×