Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана – өмір бастауы атты бастауыш сыныптарына арналған сыныптан тыс іс шара.

01 мам 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ана – өмір бастауы атты бастауыш сыныптарына арналған сыныптан тыс іс шара.
Мақсаты: Ана – өмірдің бастауы, өмірдің жалғасы деген ұғымды оқушыларға ұсына отырып, анаға деген махаббатын одан әрі қалыптастырып, ананы құрметтеуге, бағалауға тәрбиелеу.
Міндеті: Грамматикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ана тілін біліп, құрметтеуге баулу.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Интерактивті тақта, сайыс тапсырмалары.
Барысы.
І. Ұйымдастыру. (Аяулы анам атты өлеңі қосылып, слайдтан суреттер көрсетіледі).

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сыныптан тыс шараның тақырыбы – «Ана - өмірдің бастауы» деп аталады. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Өз баласын бағып - қағуда ана өзін - өзі ұмытып, барлық күш - жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Енді, оқушылар бүгінгі іс шараны бастайық. Кім ана жайында өлең біледі? Қанеки, ортаға шығып, ана туралы тақпақтар айтайық.

1 оқушы:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған!
Даланың әр күнін,
Жинадың сен маған!

2 оқушы:
Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол ғой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!

3 оқушы:
Өтеуге борышым,
Анашым жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.

ІІ. Сайыс сабақ.
Жарайсыңдар, оқушылар! Ана туралы көп тақпақ білетін екенсіңдер. Бүгінгі іс шараны сайыс түрінде өткізейік. Үш топқа бөлінейік, әр топтан бір оқушы келіп, мына дорбашадан топтың аты жазылған стикерді алып шығады. Ал қанеки, бірінші топтың атауы – Бәйтерек, екінші топтың атауы – Жұлдыз, үшінші – Қарлығаш. Енді бүгінгі әділқазылармен танысайық. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Кайкина Алтынай және Акауов Тоқтар. Осы әділқазылар оқушыларды бағалайтын болады. Ал енді сайысымызды бастайық.
1-тапсырма. Мына суретті сөзжұмбақты шешейік. Қай топ бірінші және дұрыс жауап берсе сол топ жеңімпаз атанады.

Ана – өмір бастауы атты бастауыш сыныптарына арналған сыныптан тыс іс шара. жүктеу
3 495
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана махаббатымен әлем тербелген...
Ана махаббатымен әлем тербелген...
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы
М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
М. Дулатов «Шешенің балаларын сүюі»
Міржақып Дулатұлының өмір мен шығармашылығымен таныстыру, берілген өлеңнің мазмұнына үңіле отырып, тақырыбын ашу. Проблемалы сұрақтар арқылы ойлау жүйесін дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін, оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыру.
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Ана жайлы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекесімен құттықтау. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, еңбектерін ақтауға, аналарға балалық сүйіспеншілікпен жауап беруге баулу. Ана еңбегін кадірлеуге,
Ару ана - асыл ана
Ару ана - асыл ана
№3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Г.И.Есенова
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!!!
"Мерекеңмен, аяулы арулар" (ашық тәрбие сағаты)
"Мерекеңмен, аяулы арулар" (ашық тәрбие сағаты)
БҚО, Тасқала ауданы, «Ақбөпе» балабақшасы, ІІ санатты топ тәрбиешісі Айшуакова Райса Адиловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×