Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері

25 маусым 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жиналыстың тақырыбы: Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері
Міндеті:
1. Ата - аналарды бала психикасының дамуына кері әсер ететін тәрбие түрлерімен таныстыру;
2. Ата - аналардың өз отбасындағы берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы ойландыру.
3. Ата - аналардың өздерін сыртынан байқай алуларын дамыту.
В. А. Сухомлинский: «Өз балаларыңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз – қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз»
«Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері»
Мақсаты: ата - аналарды бала тұлғасының қалыптасуындағы психологиялық - педагогикалық құзыреттіліктерді дамыту бойынша мәліметтендіру.

Бала – ол мәңгілік жол. Адамзат тұқымының құтқарылуы дәл балаға байланысты. Неліктен?
Себебі бала келешекте өмір сүру қажет.
Бала жаны – сарқылмас мол қазына.
Сіз өз балаңызды болашақта қалай көресіз? (мінез - құлықтың қандай ерекшеліктерді меңгеруі керек? Сіз қандай сапаларды қалайсыз?). (Желімқағазының көмегімен ата - аналар жүректерді үлкен ыдысқа салады).
- мейірімді, ақылды, күшті, әділ, салауатты, қамқоршыл.....
- байқап қараңыздаршы, бала жаны қандай әдемі, ашық!
- Біздің үлкен ыдысымыз сынып, жарылып қалмай, одан әрі қарай дамыту үшін сіздің балаңыз өмір сүретін отбасыңызда бала өзін тұлға ретінде сезіне алатын, өзінің маңыздылығын растай алатын орны болу керек. Отбасы алғашқы сүйіспеншілік, түсінушілік, сенім сабақтарын қалыптастырады.
Отбасы мәселесі барлық уақытта да адамзатты толғандырған. Әрбір отбасы өз баласын қалай тәрбиелеуді өзі шешеді. Бұл мәселе бойынша бірыңғай ой жоқ. Әрбір ересек адам бала өмірінде маңызды рөл атқарады. Балалық шақ - педагогикалық әсер етулерге бағынатын кезең. Балалық шақта тұлға гармониясының бағыттары, негіздері қалыптасады.
Ата - аналар үшін міндеттердің бірі олардың бала тәрбиесі бойынша міндеттері. Дәл осы ата - аналарға баланың болашақта қандай болатыны тәуелді; мейірімді немесе жауыз, бейімделгіш немесе төзімді, шыдамды. Отбасында осы айтылған қасиеттер қалыптасады, бұл қасиеттер балаға өмір бойы Тұлға болуына ықпал етеді
- Сіздер ата - аналар балаға махаббат, жылулық, қолдау, түсінушілік, қамқорлық, мақтау, мейірім мен күлкі сыйлай аласыздар.
Бізден бала күтетінді қалай дұрыс беру керек? Теріс тәрбиені дұрыс тәрбиеден қалай ажырату керек? Біз тәрбиелейміз, балаға пайдалы іс жасаймыз. Дегенмен.............
Бала тәрбиесінде біз сіздермен жиі қолданатын тәрбие стильдерін еске түсіріп өтейін:
1. Авторитарлық
2. Демократиялық.
3. Бетімен кетушілік.
4. Қамқоршылық.
5. Хаотикалық. Тәрбие стилінен басқа да тәрбие типтері мол, осы жерде мен бала психикасына кері жағымсыз әсер ететін типтерге тоқталғым келеді: Бас тартуға қажет тәрбие типтері: 1. « Отбасы кумирі»; 2. «Гиперопека», 3. «Гипоопёка» 4) «Ежовые рукавицы», 5) «Адамгершілік жауаптылықтың мөлшерден тыс болуы», 6) «В культе болезни.».

1. «Отбасы кумирі».
Ø Баланы сүйеміз.
Ø Баланың кез - келген тілегі – заң.
Ø Балаға таң қалады, әрбір минут сайын бала бойынан талант көреді.
Ø Барлық міндеттерден босатылған.
2. «Гиперопека».
Ø Бала өз ойын білдіре алмайды, ересектердің кеңесіне құлақ асады.
Ø Ата - аналар балалардың әрбір қадамын айтып отырады және барлық жерде бақылау жасайды.
Ø Баланың төбесін көкке шығарып, вундеркинд дайындайды.
Ø Бала шектен тыс жұмыс басты, ата - аналарының үмітін ақтағысы келеді.
Ø Еркінсіз өседі, қарым - қатынас жасауда қиыншылықтар пайда болады.

3. «Гипоопека».
Ø Бала өз бетімен.
Ø Өзін керексіз, артық сезінеді.
Ø Уақыт өте келе баланың бар екенін естеріне түсіріп, көңіл аудара бастайды.
Ø Өзі туралы өз ойлауға мәжбүр болады, қызғаншақ болады.

4. «Ежовые рукавицы».
Ø Балаға бұйрықпен сөйлейді.
Ø тек қана бағынушылық болады
Ø Бала мейірімділік пен жылулықты білмейді.
Ø Эмоциональды тұрғыда ашушаң, қарсы шығады.

5. «Адамгершілік жауаптылық жоғары»
Ø Баланың мойнына көп жүк артылады, оның жасына сай келмейтін.
Ø Балаға отбасындағы кіші балалар мен қарт адамдарға қамқорлық көрсету тапсырылады.
- Сіздер ойланып көріңіздер, осы тәрбие әдістерінің қайсысын іздеп қолданасыздар? Ойланып тез уақыт ішінде баламен қарым - қатынас жасау стиліңізге түзетулер енгізуге тырысыңыз. Қазір бала ылғалдылық пен жылуды қажет ететін кішкентай ғана тұқым болса, ертең ол Сізге оларды құртатын құрттары бар жемістер әкелуі мүмкін.
Құрметті ата - аналар! Балаңыз сізден нені қалайды?
Ø Орындалмайтын уәде бермеңіздер.
Ø Ол үшін оған дос таңдамаңыздар.
Ø Нотация оқымаңыздар.
Ø Көп ұрыспаңыздар.
Ø Сіздерден тек мені жақсы көрулеріңізді қалаймын!

Осы бала жаны өмір сүретін ересектер ортасы қандай болу керек?
Осы кезде Л. Н. Толстойдың « Ата - аналардың басты қателігі - олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай, балаларын тәрбиелеуге тырысатындығына» деген қанатты сөздері еске түседі.

- Дегенмен біз барлығымыз қателесіп жатамыз. Әрбір жанның бойында бізге жақсы болу үшін кедергі жасайтын жағымсыз қасиеттер бар.

- Сондықтан өзімізді сыртымыздан байқап көрелік.
Қорыта келгенде, «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ». « Адамның адамшылғы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік».
Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері. жүктеу
2 883
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2018 - 2019 оқу жылындағы қыркүйек айында өткізілген ата - аналар жиналысының хаттамасы
2018 - 2019 оқу жылындағы қыркүйек айында өткізілген ата - аналар жиналысының хаттамасы
Сынып арасында кестеге сәйкес ата - аналар жиналысын өткізу туралы
Отбасындағы тәрбие түрлері  және оның баланың дамуына тигізетін әсері
Отбасындағы тәрбие түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері
Отбасындағы тәрбие түрлері және оның баланың дамуына тигізетін әсері
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат, міндеттері және мәні
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат, міндеттері және мәні
Алматы қаласы, №1 қазақ мемлекеттік гуманитарлық колледждің педагогика пәнінің оқытушысы Бекұзақова Ақбота Құрманғазықызы
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×