Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы – мемлекет құндылығы, қоғам бірлігі

13 желтоқсан 2021, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Отбасы – мемлекет құндылығы, қоғам бірлігі
Әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі – отбасы. Мұндағы негізгі мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, әлеуметтік мемлекеттің негізі болар бала мен оның құқығын қорғау. Осыған орай біз отбасын сақтау және кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау жайында Нұр - Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қыдырбек Әлқожаевпен әңгімелескен едік.
– Қыдырбек Қорғанбекұлы, ұлт болашағы мен мемлекет тұғырында отбасы – ең басты құндылық. Бала­ның қалыптасуы да, ұрпақтың өсіп өркендеуі де отбасынан бастала­ды. Осы орайда өзіңіз кәмелетке толма­ған­дардың істері жөніндегі маман­дан­дырылған ауданаралық соты­ның төрағасы ретінде түрлі жағ­дай­лармен кездесіп жүрсіз. Отбасы құн­ды­лық­та­рын сақтап қалу жөнінде не айтар еді­ңіз?
– Бүгін жаһандық өзгерістер заманын­да отбасы құндылықтарын сақтап қалу, оның жастар санасындағы беделін арттыру, сол арқылы «жаңа әлеуметтік жаң­ғы­ру кезеңіне» бірлесе аяқ басу, бала тағ­ды­рына асқан жауапкершілікпен қарау – аса қажет қадамдардың бірі де бірегейі деп білемін. Халқымызда «Ата көрген, оқ жонар, Шеше көрген тон пішер», «Бала­пан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Қызым үйде, қылығы түзде», «Баланы ұл қылып тәрбиелесең ұл бо­лады, құл қылып тәрбиелесең құл бола­ды» деген өмірден түйген даналық өлшем­дері, тәжірибемен келген ордалы ой тұ­жы­рым­да­ры отбасынан басталатын тәлім мен тәрбиенің ақиқаттығын дәлелдейді. Міне, осы мәселені Нұр - Сұлтан қала­сы­ның Кәмелетке толмағандардың іс­те­рі жөніндегі мамандандырылған ауда­на­р­а­лық сотында да күн тәртібіне қойылуы әрі заң­дылық, әрі қажеттілік екенін дәлелдеп отыр. Сотқа жүгінетін ата - аналар да, жас­өс­пі­рімдер де сол бір отбасылық дәстүр­дің, рухани сабақтастықтың үзіле баста­ға­нын әрі сыртқы ықпалдың жастар санасында орнығып жатқанын көрсетуде.
– Жаңа ғасыр талабы тәрбиеде кеткен ағаттықтың салдарын саралауға емес, қоғамдық орта ықпалымен қа­лып­­тасатын адами қасиеттерді ұлық­тау­­ға, қылмыстық құқық бұзу­шы­лық­тың алдын алуға, ең бастысы, бала­ның қоғамдағы орнын түсіне отырып, кә­ме­лет­ке толмаған балалардың құқы­ғын қор­ғауға бағытталуға тиіс қой.
– Дұрыс айтасыз. Негізінен отбасының рөлі төмендеген кезде бала сыртқы орта­ның әсеріне бейім болады. Дала мен өзге орта ережелері басымдық алғанда ата - ананың тәлімі азайып, абырой - беделі кеми бастайтыны шындық. Біз жастармен жас­тар тілінде диалогқа шыға отырып, заман міндеттеген қарым - қатынас платформасын таңдауымыз керек. Бүгінгі әлеуметтік же­лілер, қоғамдық институттар мен орта­лық­тар тарих тағылымын, халық дәстүрін жастар санасына қолжетімді ерекше маз­мұнда трансляциялауға дайын болса ғана ұрпақтар арасында байланыс, яғни са­бақ­тастық орнауы мүмкін. Бұл ретте от­басылық құндылықтарды әр елдің біре­гей сипатымен тоғыстыратын тәрбие мек­те­бінің ұстанымдарына жүгінген дұрыс. Кеше ғана көпшілік назарына тарту етілген «Томирис» те, алдында ғана рухымызды көтерген «Жау жүрек мың бала» да, әртүрлі тұлғалардың өмір­баяндық деректеріне негізделген бейнетүсірілімдер де баланың санасына, ересектер қа­былдауына әсер етпей қоймайды. Өйткені бұл өнер туындылары адамзат баласына ең қымбат қазына - байлығын, жүрегінің түкпірінде жатқан бойтұмарын тарихпен байланыстыра, өнегеге толы эмоционалды реңкпен көрермен назарына ұсына біледі. Бала естігеніне емес, көргеніне, байқағанына көбірек сенеді, сон­дықтан қасында жүрген ата - анасы мен бауырлары – оның үлгі тұтар ірге­сі де, сенім артар тұғыры да. Біз отбасын сақтау, оның қоғамдық қызметін аса маңызды институт ретінде бағалау арқы­лы ғана мемлекеттің болашағына зор үміт­пен қарай аламыз. Бұл бағытта соттар әкім­шілік орындарымен, мектептермен, жоға­ры оқу орындарымен тығыз қарым - қаты­нас орнатуы керек. Сот қарауына түскен істер, шынайы өмір оқиғалары бала қауіпсіздігіне, оның құқықтық сауат­ты­лығына жұмыс істеген жағдайда ғана қыл­мыстық құқық бұзушылық санын азай­туға болар. Соттар психологтармен, поли­ция қызметкерлерімен, медиаторлар­мен бірлесе бала құқығына қатысты мүдде ортақ­тығын ұстанған кезде ғана мәселенің түп төр­кіні өз шешімін табады деген ойдамыз.
1 632
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шығарма: Отбасы бақыты
Шығарма: Отбасы бақыты
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына
Қазақстандағы Отбасы күніне орай өткізген «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық аясындағы «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбындағы ашық шараның бағдарламасы
Өнеге отбасынан
Өнеге отбасынан
ШҚО, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылы, Благодарное орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Саметекова Жанар Бейсенқызы
Отбасы және жастар
Отбасы және жастар
Сәтбаев қаласы, "№5 орта мектебі"КММ Медеубаева Айнур Култасовна
Отбасылық мерекелер
Отбасылық мерекелер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×