Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады

27 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ең алдымен, сіздерді келе жатырған Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – адамзат тарихында Отан қорғаудың өшпес өнегесін паш еткен ең елеулі оқиғалардың бірі. Біз ар мен намысты ту еткен батырлар рухы алдында тағзым етеміз. Қан майданда от кешкендерге алғысымызды білдіре отырып, басымызды иеміз. Сіздер ел басына күн туғанда жауынгерлік ерлік пен елдіктің өнегесін көрсеттіңіздер. Адам төзгісіз қиыншылықтарды жеңіп, халықтың адал ұлдары ерлігі жасымас жігердің, ұлы рухтың, Отанымыздың еркіндігі мен тәуелсіздігі жолындағы біздің халқымыздың рухани бірлігінің үлгісі болып қала береді. Ал, бүгінгі ұрпақтың парызы – Ұлы Жеңістің маңызы мен мәнін қастерлей білу. Батырлардың биік тұлғаларын уақыт өткен сайын асқақтатып олардың есімдерін жүректе сақтау. Оларға деген құрмет – тарихқа ата – бабаларға деген құрмет. Биыл елбасының тапсырмасымен мерекеге орай көптеген іс – шаралар ұйымдастырылып, ардагерлерімізге шынайы көңіл бөлінуде. Заман сынақтары мен қиыншылықтарына қарамастан, бұл бастамалар жалғасын табары сөзсіз. Отан үшін қасық қаны қалғанша от кешкендер үшін қандай құрмет пен қошемет болмасын көптік қылмайды.
Қол бастаған батыр едің
Жүректе оты жанған жігіт едің,
Атаның алып қалған үміт кегін;
Жөнелдің қарсы бастап қалың жауға,
Қазақтың қайсар ноян жігіттерін.

Еріндей ертегінің қайта туған,
Ашуың атқан толқын айбатыңнан.
Кегінен қалың қазақ қайнап жігер,
Тасыған қайратыңмен жауға атылған.

Бауыржан Момышұлы
Өмірдерек:
Туған жылы: 24. 12. 1910
Туған жері: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылы.
1928 жыл Шымкенттегі жеті жылдық интернаты;
1932 жыл Ленинград финанс академиясы жанындағы курс;
1950 жыл Жоғары әскери академияны бітірген.

• Кеңес Одағы батыры
• Даңқты жауынгер
• Ақын, жазушы
• Гвардия полковнигі
• Қазақстан Халық Қаһарманы
Соғысқа дейінгі қызметтері:
• Мектеп мұғалімі
• Ауатком хатшысы
• Милиция бастығы
• Қызыл әскер қатарында взвод, рота командирі.
• Полк штабы бастығының көмекшісі
• 1941 жылдан Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен 316 – атқыштар дивизиясының (8 – гвардия) жасақталуына белсене ат салысып, сол дивизия құрамында майданға аттанған. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан.

Панфилов атындағы 8 – гвардиялық дивизияның батальон полк командирі болып, 1944 – 1945 жылдары дивизияны басқарған. 1950 – 1956 жылдары әскери академияда сабақ беріп, тұрақты әскери қызмет атқарған.
1956 жылдан өмірінің соңына дейін шығармашылық қызмет атқарған.

Еңбектері;
«Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы кездесулер», «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса», «Ұшқан ұя», «Мен әлі сәбимін», «Адам қайраты», т. б.
2000 жыл – жазушы баспасынан екі томдық шығармалар жинағы.
1990 – 1991 жыл «Соғыс психологиясы», «Қанмен жазылған кітап» шығармалары жарық көрді.
Бауыржан туралы;

▪ Белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волокаламское шосе», қазақ тілінде «Арпалыс» аударған Қ. Сағындықов.
▪ Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романдилогиясы.
▪ Қазақфильм киностудиясы «Ел басына күн туса» көркем фильмі.
▪ Мәскеу академиялық драма театры. «Волокаламск тас жолы» спектаклі.
Марапаттаулары;
▪ «Қызыл ту»
▪ «Еңбек қызыл ту»
▪ «Халықтар достығы»
▪ Бірінші дәрежелі «Отан соғысы»
▪ Екінші рет «Қызыл жұлдыз»
▪ «Құрмет белгісі» ордендері
▪ Мемлекеттік сыйлық лауреаты
▪ Н. Назарбаев жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы.
Бауыржанның нақыл сөздерінен;
Ердің туы намыс
Сен жаудан қашсаң өмір сеннен қашады
Ерлік елдің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиеті
Именіп жүріп көрген игіліктен қарсыласып жүрген бейнет артық
Арпалысып жүріп алған абырой - өмірдің ең шырын қасиеті
Екі сырттан қанға батып таласса, қарақұсқа жем болады.
Қой бастаған арыстан тобынан арыстан бастаған қой тобы артық.
Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында.
Таяқтан тайсалмасаң
семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер.... т. б.

Менде адаммын жаралған сүйек еттен,
Мен де ар бар, ұят бар жан тебіренткен.
Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Арымды жаным үшін құрбан еткен.

Сыр айтам саған халқым ұға білсең,
Дайынмын өртпен суға маған сенсең.
Арыңды ақтілекпен ақтамасам,
Ризамын теріс қолмен бата берсең.
Мекемтас Мырзахметов,
Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Бауыржан Момышұлы мұрасы ХХІ ғасыр көгінде» орталығының бас ғылыми қызметкері, Бауыржантанушы ғалым.
Бауыржан Момышұлының шығармаларының отыз томдығын баспаға дайындап, жатырмыз. Оның он бес томы жарық көрді. Енді көптомдылыққа даңқты батырдың қандай туындылары енгені жөнінен хабардар болсақ.
Отыз томдығының ішінде өзінің танымал көркем шығармалары бар. Алты томға хаттары енді. Шығармалары өз өмірінен алынған, басынан өткен дүниелер Естеліктері, күнделіктері, жазған баяндамалары болсын, бәрін шежіре етіп жинаған. Шежіренің өзінен бір том пайда болды. Сонымен, қатар Баукең жақсы ақын. Өзін ақын санамаса да жарияланбаған бір томға жуық өлеңдерінің барлығын жинадық. Ойлары өте терең...

Жамбыл облысының Сарысу ауданында Тама деген рулы тайпа тұрады. 1928 жылы бар жоғы 18 жасында Баукең сол өлкеде көшпелі мектеп ұйымдастырған. Тамалар риза болып оған ат мінігізіп, шапан жауып қайтарған екен. Одан кейін көргенін білгенін бәрін Баукең қағазға түсіріп отырыпты. Қаламының ебі бар. Егер Баукең әскери адам болмағанда, үлкен жазушы болып кетер еді. Әскерге кеткені дұрыс та болған. Әйтпесе, 1937 жылдары қазақтың өзге зиялылары секілді атылып кетер еді. Баукең әскерде, соғыста жүрсе де жазуды тоқтатқан жоқ. Қазақ халқының кеңестік дәуірдегі өмір шындығының барлығын ұлттық көзімен, саналы адамның көзімен қағазға түсірген. Сондықтан да Баукең шығармалары жастарымызға патриоттық тәрбие беруде таптырмайтын құрал. Ұлттық идеологияны іздесеңіз Баукең шығармаларына үңіліңіз.

Баукең өзін «Мен нағыз жазушымын, ақынмын» деп еш уақытта айтпаған «Мен шындықты ғана жазатын адаммын. Кейіпкерлерімнің арасында бірде - бір ойдан шығарылған кейіпкер жоқ. Барлығы - өзім көзіммен көрген, араласқан адамдар дейтін. Баукең туындысын көркемдеп, ойдан кейіпкерлер шығарып әуре болмайтын. Ол кісінің портреттерінің өзі ғажап. Өзі тікелей көрген, араласқан адамдарының бейнесін сол қалпында қағазға түсіретін. Баукең өзін «әскери маманмын, әдебиетке соғыстан кейін келген адаммын. Жастай араласпадым, өте шебер жазушымын деп мақтанбаймын. Бірақ шындықты айтқан, дәл берген, бір жағы мемуарист, бір жағы деректі, нақтылы нәрселерді қағазға түсіріп отыратын жазушымын» дейтін.

Өзінің «Көктемдей құбылмалы мінезім бар» деп басталатын өлең жолдары бар. Тез ашуланып сабырға тез келетін. Әскери адам болғаннан кейін қатал болуы да заңды да. Бірақ жаны сондай жұмсақ еді. Баукеңнің өзінің, «маған құдай бәрін де берген. Атақты да, шатақты да берді. Бірақ отбасының жылылығын бермеді» деген сөзі бар. Жеңгелеріме риза болмағаны ғой. Яғни, Баукеңнің тілін таба алмаған.
Не керек маған
Махаббат?
Жоқ!
Жәрдем, сүйеу.
Жоқ!
Рахым, мейірім.
Жоқ!
Не керек?
Маған керек
Айтыс пен тартыс.
Айқас пен арпалыс қана емес,
Ойнас емес, ойлас.
Сиқыр емес, сырлас.
Құрдас емес, мұңдас.
Телі емес, тілектес.
Кем емес, тең.
Бірге қуанар, бірге қуарар,
Маған дос керек!!!
Елена деген қызы бар, филология ғылымдарының кандидаты. Мария Цветаеваның шығармашылығынан кандидаттық диссертация қорғаған. Қазір М. Цветаева мұражайында жетекші ғылыми қызметкер. Мәскеуде тұрады. Баукеңнің айтуы бойынша, Еленаның - анасы сығанның қызы. Мәскеудегі консерваторияны бітірген. Дипломдық жұмысын қорғау үшін, сахнада кереметтей ән салады. Сол уақытта қызға Бәукеңнің де көзі түседі. Қыз да батырды көреді. Кейіннен Елена дүниеге келеді. Еленаға тұрақты түрде жәрдем беріп отырды. Маған «салып жібер деп ақша беретін» кейіннен танысып - білісіп Бақытжанменнен де араласып кетті.

Халық білмейтін қырлары көп еді. Ол терең ойлайтын адам еді. Жазушылар одағының хатшыларының көбіне көңілі толмайтын. Бірде Сәбит, Бірде Ғабит, Енді бірде Ғабиден болды ғой. «Неге көңіліңіз толмады?» деп сұрасам, «Олар тоғышарлық идеядан ары көтеріле алмады. Әрқайсысы келеді, өзінің тобын жинап алады да, бір – күресіп жатады. ОЛ үшін күреспеу керек, ұлттың мақсаты үшін күресу керек.» Жазушылар одағының тізгінін ұстап, отырғаннан кейін бүкілхалықтық идеологиясын ұстап отырған жоқ па?! Топ жинап бір – бірімен күресіп жүретін ауылдың баяғы атқамінерлері сияқты...» дейтін ренжіп.

Достары санаулы болатын. Дмитрий Снегинмен қатты дос болды. Қысым көргенде қазақтар емес, сол Снегин қорғады. Мыңбай Кәрімовпен, Ілияс Омаровпен де жақсы жолдас еді. Қатты берілетін адамдары санаулы ғана болатын. Кез – келгеніне сын көзбен қарайтын. Мыңбай Кәрімов 1957 жылы қайтыс болып кетті. Сонда қатты көңіліне алды. Мыңбайдың өлімінің астарында жасырын бірдеңе бар сияқты. Ол кезде де қазақ санасы соғыстан кейін енді оянып келе жатқан. Ол ұшқын лаулап жанады ғой. Ол ұшқын лаулап жанады ғой. Соны КГБ байқады. Мыңбайды шәкірттерімен Мәскеуге шақыртты. Сол уақытта Баукеңнің баласы ауырып, бара алмай қалады да, жанындағылар ұшып кетеді. Жолда ұшақ жарылып, барлығы қайтыс болған. Комиссия тексерген кезде, адамдардың сүйегі де қалмапты. Егер ұшақтың өзі өртенсе, адамдар жерге құлап, сүйегі сау түседі екен. Ұйымдастырылған апат екені айтпаса белгілі. Себебі халықтың санасы оянбау керек болды. Кеңес үкіметі біздің ұлттық санамыздың оянбауын үнемі қадағалап отырды. Қазір біздің «космополит» болуымыз – осындай идеологияның нәтижесі. Баукеңнің достары нағыз халқын сүйген, соған басын тіккен адамдар еді.

Молданың баласы, дінге көзқарасы дұрыс. Құранды оқып, кәдімгідей ғылыми түрде талдаған еңбектері де бар. Тәурәт, Інжіл, Зәбур туралы «Онда құдайдың сөзі емес, әлемді билеушілердің, адамдардың сөзі де араласып кеткен. Құранда ондай жоқ» деп отыратын. Оны біз қазір біліп жатырмыз. Соғысқа бара жатырғанда немере ағасы «Қарағым саған ештеңе бере алмадым ғой» деп бір қағазға Құраннан кішкене сүре жазып береді. Соны партбилеттің артына жабыстырып, жаттап, тұмар етіп бүкіл соғыс бойы өзімен алып жүріпті.
Сүйікті ісі ою оятын. Ойған оюларының өзі бір кітап болады. Әр оюы бір – ұқсамайды. Немересі Ержан «Ою ойып бер» деп келген сайын қиып бере беріпті. Оны баласынан қолынан алып Зейнеп келін сақтай берген екен.

Қазіргі таңда, «Сауап» қоғамдық қорының қаржылай көмегімен «Бауыржан Момышұлы» атындағы нөмірленген Құрмет белгі 2007 жылдан бастап беріліп келеді. Біз Суворовтың, Ломоносовтың, Кутузовтың медальдарына, ордендеріне құрметпен қараймыз. Ал ол Қазақстанның патриотизмін дамытпайды. Өз батырларымызды өзіміз дәріптемесек, басқа кім дәріптейді? Баукеңнің 95 – 100 жылдықтарына орай «Батыр шапағаты» деген медальді беріп жүрміз.
Н. Назарбаев, М. Мырзахметов, Ә. Нұршайықов, Қ. Саудабаев, К. Серікбаев, Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков, Ш. Ниязбеков, Р. Бағланова, С. Үмбетов, Е. Сағындықов, М. Райымбекұлы сияқты тәуелсіз елімізге теңдессіз үлес қосқан ағаларымыздың барлығы да
Б. Момышұлы атындағы Құрмет белгісін алды.

Бауыржан Момышұлы атақ - даңқтан кемде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. «Қызыл ту», «Еңбек қызыл ту», «Халықтар достығы», Бірінші дәрежелі «Отан соғысы», екі рет «Қызыл жұлдыз», «Құрмет белгісі» сынды орден медальдармен марапатталса, халқының шын мәніндегі қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Осылайша қазақ халқы батыр ұлының асқақ рухын тағыда бір рет ұлықтады.
Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп
Алматы саябағындағы Бауыржан Момышұлының ескерткіші т. б.

Болмаса да оқыған тарихшы атым,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса
Айтылған аталардың аманатын.
Бұл жалған еш пендеге тұрақ болмас,
Әйтеуір кімде болса өлмей қалмас.
Есімі адамның еш өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе ұмыттырмас.

(Баяндама әдеби оқулықтар мен журналдардан жинақталды)
6 944
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеуді үйрету, батырларымызды еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті аудан тұрғындары! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесіне арналған салтанатты
Қырандар қанаттанған ұя - Гурьев жаяу әскер училищесі
Қырандар қанаттанған ұя - Гурьев жаяу әскер училищесі
Атырау қалалық Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектептің 10 сынып оқушысы Байтүгел Маншук Жетекші: Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектебінің жоғары санатты, тарих пәні мұғалімі Қуатова Жанат Қарақойшықызы
Ерлік - ел мұраты
Ерлік - ел мұраты
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ батырларының өміріне шолу жасау, олардың ерліктерін дәріптеу арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.
Сарғайса да тарихтың  ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Дузелбаева Гүлнара Жамалбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×