Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерлік - ел мұраты

21 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ерлік - ел мұраты
Сабақ мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ батырларының өміріне шолу жасау, олардың ерліктерін дәріптеу арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.
«Ерлік» туралы түсінік қалыптастыра отырып, оқушылардың өзінің көзқарасын, ойын жеткізу қабілетін арттыру, өзіне деген сенімін нығайту.
Тәрбие бағыты: әскери - патриоттық және азаматтық

Сабақ көрнекілігі:
Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов т. б. кітаптары, аңызға айналған батырлар портреті, сұрақ - тапсырмалар жазылған кеспелер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, психологиялық тренингке қатысты суреттер.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ой - пікір айту, іскерлік ойындар

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі «Ерлік - ел мұраты» атты
Ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бұл сабағымыз - мектебімізде
9. 04 - 9. 05 аралығындағы «Патриот» айлығының аясында өткізіліп отырған шара.
Тарихта «Ұлы Отан соғысы» аталған соғыс шын мәнінде аса үлкен, өте ауыр сын болды. Майдан даласында, тылдағы еңбекте қазақстандықтар отаншылдық пен ерліктің өшпес үлгісін көрсетті. Халқымыздың бұл ерлігі мәңгі жасап, ұрпаққа ұран, елге мұра болып қала бермек. Бүгінгі сабағымызда халқымыздың батырлары, олардың ерлік істері мен өнегелі өмірін өзімізге үлгі ете отырып, «ерлік» деген ұғымға байланысты ойларымызды ортаға салмақпыз.
Ендеше, сабағымыздың жүргізілуі 10 - класс оқушыларына тапсырылады.

Қарлығаш: Жасасын Жеңіс!
Еңбегі барлық солдаттың,
Балапан ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама әке ерліктер жасап майданда,
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
Отан басына қауіп төнген қаћарлы соғыс жылдары елін - жерін қорғауға аттанып, мұз жастанып, қар кешкен ерлер, олармен қатар сапқа тұрған қайсар қыздар ер жүректілігімен, батылдығымен келешек ұрпаққа өнеге болатындай із қалдырды.

Олардың өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілігіне бас иіп, өз ғұмырын жарық жұлдыздай жағып кеткен ерлігінің түп - тамырын танығандай тағзым етеміз.
Қымбат: Араға бірнеше күн салып адамзат өз тарихындағы қаћарлы соғыстағы Жеңістің 64 жылдық мерекесін тойламақ. Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Ұлы Отан соғысы ол Кеңес Одағы халықтарының трагедиялық беті ғана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің куәсі.

Қарлығаш: Ұлы Отан соғысы жайында айтқанда, сол соғыс қасіретінің салмағын
сезінгендей боламыз. Өршіл мінездерімен, патриоттық сезімге толы, туған жерге деген шексіз де адал сүйіспеншілікке бас иеміз. Бейбіт өмірдің қадірін түсініп, жер бетінде тыныштық сақталса екен деп тілейміз.

Қымбат: Иә, біз үшін, біздің нұрлы болашағымыз үшін қан кешкен асыл азаматтарды қалай дәріптесек те көптік етпейді. Сабағымыздың алғашқы бөлімі «Аты аңызға айналған батырлар» деп аталады. Аты аңызға айналған батырлардың өнегелі өмірін таныту үшін сөз кезегін оқушыларға берелік.
(Экраннан Б. Момышұлының, Қ. Қайсеновтың, Ә. Молдағұлованың, М. Мәметованың, М. Ғабдуллиннің, Р. Қошқарбаевтың портреттері көрсетіліп,
оқушылар олардың өмірін айтып таныстырады).

Қарлығаш: сабағымыздың келесі кезеңі «Білгенге маржан» деп аталады.
Бұнда екі орденнің тарихын таныстырмақпыз. Ардагер ата - әжелердің кеудесінде жарқыраған ордендер мен медальдардың өзіндік тарихы бар. Көпшілігі Ұлы Отан соғысы жылдарында өмірге келді. Ұлы Отан соғысының ең басты наградасы -
Ұлы Жеңіс ордені деп аталды. 1943 жылы өмірге келген Ұлы Жеңіс ордені күні бүгінге дейін әлемдегі ең қымбат орден саналады. Орден алтыннан әлдеқайда қымбат платина деген металдан жасалған. Беті асыл тастармен айшықталған.
Орден бетіндегі бір ғана гауһар тастың жалпы салмағы 1, 2 грамды құрайды.
Бұл орденмен Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, маршал Георгий Константинович Жуков марапатталды.

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы,
Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні
мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 989
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі үшін соғыс жайлы өткен тақырыптарды қайталау
Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы.
Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияның фашистік әскери жоспары, Ұлы Отан соғысының басталуы.
Ұлы отан соғысының басталуы және КСРО – ға қарсы Германияның фашистік әскери жоспары туралы мәлімет беру. 2. Ерлік батырлық, деген сөздерінің мәнін түсінуге үйрету.
Ерлік ел мұраты
Ерлік ел мұраты
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул
Ұлы жеңіс - жасасын!
Ұлы жеңіс - жасасын!
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
Қос жұлдыз
Қос жұлдыз
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Новомарковка ауылы, бастауыш сынып мұғалімі Динара Қайырбекқызы
Ерлік мәңгі есте
Ерлік мәңгі есте
Айналамен танысу. Сабақтың тақырыбы: Ерлік мәңгі есте
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×