Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз-құт береке мерекесі

05 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Наурыз - құт береке мерекесі»
Мақсаты: Наурыз мерекесі – шығыс халықтарының көпшілігінде көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі екенің түсіндіру. Күн мен түннің теңелген күні мейрамдалады. Наурыз көже ерекшелігі жеті тағамның ерекшеліктерін айтып түсіндіру.
Бастаушы: 1. Қош келіпсіз, құрметті ата - аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!

2. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би - биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Ән: «Наурыз - жыл басы»
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Оқушылар: Қарсы алайық Наурызды (музыка тоқтайды).
Наурыз - қыз: «Наурыз» қызбын.
Нөкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Шуағыңмен, тасып от.
Адамдарды бір - біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым,
Жыл иесі Жыланды.
«Наурыз - 2013» - жаңа жыл (жылан келеді).
жылан: Мен Жыланмын.
Жалғаймын Ұлу жылдың жора күнін.
Келдім мен ақ тілекті жалау етіп,
Даярлық сыныптың қонағымын.
Мен Ұлумын жақсы оқудың жалауымын,
Өнегелі тәртіптің алауымын,
Бұл сыныптың, намысының бастауымын,
Бұл мектептің алға сүйрер тарауымын.

Өлең өрлеп, жыр самғай
Үйлесті әсем сәніміз
Болады екен жыл сондай
Қандай болса Наурыз.
Жан қалмасын жай тұрған
Мәз болсын жас кәріміз
Күй шертілсін, ән айтып
Би билейік бәріміз.

Би «Айгөлек» /қыздар/

Бастаушы: Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. (шашу шашылады)
(Ән. «Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі).

Бастаушы: Уа, халайық, құлақ сал!!!
Жақсылыққа қашанда,
Жан баласы тоймаған,
Жаңа жылдың басы деп,
Жылда бізбен тойлаған.
Шашу шашып көл - көсір,
Көжесі қазанда қайнаған.
Әнге ырғағы жарасқан,
Асқар таудың шыңдары.
Ақ жаулықты аналар!
Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз, әже!

Әже: Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Оқушы: Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді
Оқушы: Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар,
Бар сұр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырзығы.
Оқушы: Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу - маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
Би: «Батырлар биі» ұлдар тобы.

Қыс өтіп, қар кет
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы..
Алдар - Көсе: Күн мен айға әлемнің
Берем ыстық сәлемін
Қарттарыма сүйініп,
Сәлем берем иіліп
Орындалды ойларың
Құтты болсын тойларың!
Ей балалар - 2 рет
Енді маған қараңдар
Наурызды тойлайық
Қызық ойын ойнайық.
Ойын «Ханталапай»

Алдар - Көсе: Айтыссыз мына өмірдің несі көктем.
Айтыс десе қазекемнің есі кеткен
Ақынның тауып айтқан өткір сөзі
Көкейін тыңдаушының тесіп өткен.
Ақыл. білім жастарда
Сөз беремін жастарға
Нұрдаулет, Еркеназ - өреннің
Тыңдайық айтыс - өнерін!
[center]Айтыс: /Тоғжан - Алихан/[center]
Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінде нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды. (сайыс түрінде өтеді).
Қошақан тобы: №1. Наурыз дегеніміз не?
№ 2. Наурыз туралы қандай мақал - мәтел білесің?
№3. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.
№4. Жеті қазынаны ата.
№5. Жеті ата дегеніміз қандай ұғым? Атауларын ата.
Ботақан тобы: №1. Үш тәттіні ата.
№2. Үш арсыз не?
№3. Шұбат дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
№4. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады? Аттарын ата.
№5. Наурыз көже дегеніміз не?
Ойын: «Теңге алу»
Күн ғой бүгін жарылған
Ақ түйенің қарыны
Ақ дастархан жайылған
Лаулар ошақ жалыны
Ұлыс күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
Жасай берсін жаңа күн
Туа берсін жаңа жыр
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын Жаңа жыл.
Құтты болсын Наурыз - той
Құтты болсын жаңа жыл!
Ән. «Қазақы дастарханы»
Бастаушы: Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман – есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!

Мерекенің соңында әже балаларға бата беріп, қонақтарды наурыз көжеге шақырады.
10 539
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Наурыз келді алақай, Жер көгереді балақай!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Наурыз мерекелері
Наурыз мерекелері
Ақтау қаласы №7 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қойшибаева Айжан Тұрғанбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×