Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатты аялайық, туған жерді бағалайық

17 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Табиғатты аялайық, туған жерді бағалайық
«Жасыл әлем» экологиялық үгіт бригадасы

( Сахна сыртынан дауыс: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Внимание! Внимание!
Achtung! Achtung!
Listen to me, listen to, me be attentive and listen to me!)
Көрініс. (Сахнаға суретші қыз мольбертке сурет салуға отырады. Қолында бояулары және қылқаламы бар. Қыз ән айтып отырады).
Ән. (Табиғат туралы)
Вот уже подряд два дня
Я сижу рисую.
Красок много у меня -
Выбирай любую
Я раскрашу целый свет
В самый свой любимый цвет
Зелененькое небо,
Зелененькое море,
Зелененькая травка
Зелененький верблюд.
Зелененькие птички
Зелененьким зверятам
Зелененькие песни
Зелененько поют.
Әкесі: Тоқта, тоқта, тоқта! Қайдағы жасыл түйе, қайдағы жасыл аңдар? Қызым - ау, сен не білмеуші ме ең түйенің өмірде қандай болатынын?
Қызы: Білгенде қандай!
Әкесі: Иә, түсіндім, түсіндім... Сенің бояуларың бітіп қалған ғой. Бұл қиын емес. Қазір бір қоңырау шалсам, бәрі о - кей болады.
Қызы: Жоқ, әке, ешқандай телефон шалудың қажеті жоқ. Мен барша адамзатқа хабарлағым келеді.

Ей, адамдар!
Күн мен гүлден жаралған,
От сезім мен мейірім содан таралған.
Тіршілік иесі – Жер - Анаға қараңдар!
Ей, адамзат,
Жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де
Мен мына орындықта сіздер табиғатты құртуларыңызды қашан қойғанша тұра беремін. Ал, жасыл түс - жақсылықтың нышаны. Ол дүние жүзін қорғауға шақырады.
Әкесі: бұл сөзің қызық екен, қызым.
Қызы: Жоқ, әке, мен қызық емеспін, маған табиғатта түк сиқырлы ештеңе қалған жоқ, сол үшін мен осы қадамға барамын.
Табиғат - ана байлықты
Құрметтеуді бастаңдар!
Шаханов атам қорға деп,
Жырлайды қоймай күн - түні.
«Табиғат»- деп Мелс атам
Қойған да болар күлкіні.
Жанымды менің қинайды
Түтінге қала батқаны,
Айналып барады қарғаға,
Сауысқанның аппағы.
Табиғаттың байлығын,
Тазалығын сақтайық.
Қолымыздан келгенше,
Іс жасайық, жатпайық!
Әкесі: Иә, үгіт бригаданы көмекке шақырмасам болмайды екен. Олар менің қызыма қандай ақыл - кеңес берер екен.
Үгіт бригада

МУЗЫКА
Біздің атымыз: «Жасыл әлем».
Біздің ұранымыз:
«Табиғатты сүю керек,
сүю үшін білу керек.
Қамқорлық жасау жолында,
Жан аямай күю керек.»
Ата - баба көзін көрген не қалды?
Санаға жетер есті, есті сөз қалды.
Ата - баба көзін көрген не қалды?
Маржандай ізгі атқарылған іс қалды.
Ата - баба көзін көрген не қалды?
Қасірет пен қайғыны көтере білген мына жер қалды.
Ата - баба көзін көрген не қалды?
Тоғайы сиреп, селдіреген шөп қалды.
Ата - баба көзін көрген не қалды?
Жортқан аң мен сиреп ұшқан құс қалды.
Ай, замандас!
Ата - баба берген екен бағаны,
Табиғатқа бағына көр бағалы.
Қат боп жүрме берекесін кетіріп,
Құсың кетіп, шөл алмасын жағаны.
Жортқан аң мен құсқа маза бер.
Оқып, біліп қажеттісін жаза бер.
Қамау салып жанына өлтіре көрме,
Аң - құстарға жақсылықты төге көр.
Үгіт бригада капитаны: Сонымен бізде не қалды?
Ауырған адамдар, балалар

Ән «Сәт трио»
Сахнаға дене мүшесі кем бала шығады, оның аузында қалам, ақсаңдап келіп, аузындағы қаламмен сурет салып отырады.
Осы оқушының жүрегіндегі толғауды жүргізуші көрінбей тұрып тебіреніп айтады:
Көз бен құлақ, аяқ қайда білмедім,
Денедегі мүшелердің қызметін көрмедім.
Бекер екен сұм жалғанда мынау бір,
Өмір сүріп адам болып жүргенім.
Асыр салып қатарыммен жүрмедім,
Қырдың қызыл гүлін тегі термедім.
Бұл өмірге пенде болып, келген соң,
Шіркін, дүние - ай!
Қызығын не ажыратып көрмедім.
(Ана шығып, баланың жанына келіп)
О, Құдайым! Кінәсі не мына отырған баланың?
Кім кетірді берекесін даланың?
Қайдан іздеп кем - кетігін табамын
Мына отырған, мына отырған наланың?
Жас нәресте не берсе де алады,
Көзі, аяғы, құлағы қайда?
Кімдер оны табады?
Өспей жатып тілсіз үнсіз отырған
О, дүниеге не көрдім деп, не сездім деп барады?!

( Баласының басын сипап, көзіне жас алып, көтеріп алып кетеді
Ән «Сәт трио»
Nature is beautiful
Nature is fun
Lave is or heat is
Nature is sumsing to lave
Nature is gost - giv to as
Nature!

Жүргізуші: (Қазақстан теле - агенттігімен байланысы) Алматы облысының экологиялық жағдайларын тыңдайық.
МУЗЫКА
Тілші: Қайырлы күн! Біз тікелей эфирдеміз. Ауданның экологиялық жағдайы туралы халықтың ойын сұрап көрейік.
Қарт тұрғын: Бұрын суымыз таза болған, онда жер асты суын ішкенбіз. Қазір өзеннің ішінен ішеміз. Солай арзан дейді, ал емделу қиынға түседі. Менде мысалы, ішек құртының он бес түрі бар екен. Биылдан бастап ауданға су құбырлары жүргізіле бастады. Мүмкін су тазаланатын шығар...
Тілші: Ауданның жасыл желегі жайлы қандай ой айтасыз?
Қарт тұрғын: Көлеңке аз, демалатын жер жоқ, көргілеріңіз келсе саябаққа барыңыздар.
Тілші: Неге мына ағашты кесіп жатырсыз?
Әкесі: Біз қайырымды іс жасап жатырмыз.
Тілші: Қандай қайырымды іс?
Әкесі: Бұл демалыс паркі, ал отыратын орын жоқ. Апа мен ата келсе, осы түбірлерде отырып дем алады.
Баласы: Сонда ата мен апа көп болады.
(Ортаға спорт киімін киген аудан экологы шығады.)
Эколог: Тағы мына адамдар ағашты кесіп тастапты. Бұл түбірге енді кемпір шалды қайдан алам? Қой бір шара қолданып, ауданымызды түрлендіруіміз керек. Осы аянышты жағдайдан шығу жолдарын қарау керек.
Тілші: Елімізде жасыл ел бағдарламасын іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр ғой. Аудан бұған қандай шара қолдануда? Бұл сұраққа қалай жауап бересіз?
Эколог: Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына орай, 20 мың түп қарағай, 25 мың түп терек отырғызуымыз керек. Аудан тұрғындары және мектеп оқушылары бірлесе отырып, жасыл желек отырғызуды бастады. Біз табиғатты қорғауымыз керек. Егер біз табиғатты ары қарай жойсақ, онда бүкіл адамзат жойылады.
Тілші: Осымен жаңалығымыз аяқталды. Қош, сау болыңыздар. Келесі кездескенше!
( Сахнада орындықтың үстінде суретші қыз глобусты ұстап тұрады.)
Қазақша, орысша, ағылшынша, немісше табиғат туралы қанатты сөздер айтылады.
Ежегодно мы садим деревья
Возле школы, вдоль улиц, дворов.
Сеем иву, растим ее сами
Возле речек, речушек, ручьев.
(Үгіт бригада мүшелері қызды қатарына алады,)
• Әлемнің әсемдігін көзіңмен көр жүрегіңмен сезін.
• Nature is beauty
Nature is moody
Nature is smart
Nature always has the greater part

• Табиғат сенің қорғаның, қорғаныңды қорғай біл
• Береги сохрани природу земли
• Let is care nature!
Let is love nature
Суретші қыз:
Обняла я глобус – шар земной.
И что - то сделалось со мной.
Я вдруг шепнула
« Не солгу, Тебя, родной мой, сберегу».
Попури.
Прости Земля!
We were very glad to meet you and to see that you understand the problem of ecology and try to help our land.

ӘН: Әрқашан күн сөнбесін
Мұрат емес озғаным озбағым,
Кімге керек озған соң тозған арын.
Айналайын адамдар аялаңдар,
Туған жердің ырысы мол табиғатын.
Ән: Атамекен
23 266
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарттарым аман – сау жүрші
Қарттарым аман – сау жүрші
Жұмақ жолы ата - ананың қасында, Қаяу түспей, бала көңіл жандарға. Аялайық, әлпештейік құрметтеп, Тірісінде бағалайық бағамдап.
Қызыл телпек ертегісі
Қызыл телпек ертегісі
Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы №1 «Қарлығаш» балабақшасының І санатты би жетекшісі Қ. Зайнова
Табиғатты аялайық!
Табиғатты аялайық!
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Абай атындағы орта мектебінің 4 «В» сынып оқушысы Русланқызы Назерке 10 жас. Қатысатын бәйгесі: сурет конкурсы. Тақырыбы: «Менің ауылым» Сынып жетекшісі: Нсанова Ақжамал Меллятқызы
Табиғатты аялау
Табиғатты аялау
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Наурызбаева Гульназ Чапетқызы
Табиғатты аялайық
Табиғатты аялайық
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Макенова Анар Қайратқызы
Табиғатты аялайық
Табиғатты аялайық
Курмалова Асель Агисовна Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Тақырыбы: Табиғатты аялайық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×