Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызыл телпек ертегісі

27 тамыз 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қатысушы кейіпкерлер:
1. Қызыл телпек
2. Анасы
3. Әжесі
4. Қасқыр
5. Қоян
6. Кірпі
7. Аңшылар
Қолданылатын декорациялар: Үйдің ішкі бейнесі, орман ағаштары, томар.

І көрініс.
(Үйдің ішкі бейнесі. Туған күн дастарханы.)
Көңілді әуенмен анасы кішкентай қызды жетектей ортаға шығады.
Қыз жайнап тұрған дастарханды көргенде көзі жайнап қуанып кетеді.
Анасы:
- Қызым, сүйкімді қызым менің, бүгін сенің туған күнің!
Қызы:
- Рахмет, анашым.- деп анасын құшақтай алады.
Анасы:
- Қызым, сенің туған күніңе әжеңді, достарыңды шақырып қойдым.
Қызы:
- Алақай, Әжемде келе ме,- деп жүгіре басып есік жаққа қарайды.
- Әжем, неге кешігіп жатыр екен.
Анасы:
- Қазір келіп те қалар. Әжең алыста орманның ар жағында тұрады ғой.
Осы мезетте есік соғылады. Кішкентай қыз қуана:
- Алақай, әжем келді, әжем келді,- деп тұра жүгіреді. Сахна сыртынан әжесін ерте шығады.
- Әже, қош келдіңіз!
Анасы:
- Төрлетіңіз, әже, - деп қолындағы себетін алып, орындық ұсынады.
Әжесі орындыққа отырып, тізесіне басын қойып еркелей отырған немересін басынан сипай:
- Сүйкімді, ақылды немерем менің. Мен сенің туған күніңе сыйлық ала келдім жанындағы себеттен қызыл телпекті алады. Мінекей, ала ғой, - деп қызыл телпекті немересіне ұсынады. Немересі қуана орынан тұрып, айнаның алдына келеді де, телпекті басына киеді:
- Ой, қандай әдемі телпек.
Анасы:
- Өзіңе құйып қойғандай екен. Қатты жарасып қалды. Енді сені «қызыл телпек» деп атайтын болдық, күнім.
Немересі әжесін құшақтай:
- Рахмет, әжетай! Сыйлығың маған қатты ұнады.
Осы кезде сырт есік қағылады да, ішке бір топ достары қолдарында гүлдерімен, шар, ойыншықтарымен кіріп келеді.
Бәрі
Туған күніңмен! деп шуласа қызды құшақтай алады.
Шиырма жабылады.

ІІ көрініс.
(Алаңда бір топ қыздар ойын ойнап жүреді. Бірі секіргішпен ойнаса, бірі жерге сурет салып, бірі бір - бірін қуалай ойнап жүреді.)
Қыздар:
- Қызыл телпек, Қызыл телпек, кел ойнайық!
Сахнаға қызыл телпек шығып бәрі ойын ойнап жатады. Бір мезгілде анасы қызына:
– Қызым, бері келші - деп қызын шақырады, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, хал жағдайын біліп қайтшы, – дейді.
Қызыл телпек:
– Жарайды, анашым, апарып берейін, – деп бәліш пен май салынған себетті алады.
- Қыздар, мен әжеме кетіп барамын, сау болыңдар!
Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады.
Шиырма жабылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 705
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Адасқан Қызыл телпек қыз»
«Адасқан Қызыл телпек қыз»
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төріме менің еніпті.
Қызыл телпек ертегісі
Қызыл телпек ертегісі
Eртеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты.
Аяулы анашым
Аяулы анашым
Қош келдіңіздер аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, қыздар! Сіздерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз! Өсіріп отырған балаларыңыздың қызығын көріңіздер! Сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты балалардың шағын ән сазды
Алтын бақ ертегісі
Алтын бақ ертегісі
Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау селосы №1 «Қарлығаш» балабақшасының І санатты би жетекшісі Қ. Зайнова
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы № 9 орта мектеп мұғалімі: Махметова Ұлжан
Ертегілер әлеміне саяхат
Ертегілер әлеміне саяхат
Тәрбиеші: Тулегенова Толқынай Купжасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×