Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қасиетті Рамазан айы

24 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қасиетті Рамазан айы
Мақсаты: Мұсылманның бес парызының бірі, оразаның қадір - қасиетін білдіру,
салауаттылық өмір салты жөніндегі түсініктерін кеңейту.

Барысы:
Кіріспе
Тәубешілік айы
Кешіріммен кеңшілік айы
Қайырымдылық пен жомарттық айы.
Құран оқу айы
Рамазан айының негізгі сауаптары.
Қорытынды:

Кіріспе
Әрбір мұсылман баласы өмір бойы жаратушы Аллаға құлшылық етіп, әу баста Алла белгілеп берген тура жолмен жүру керек. Ол ғана емес, қасиетті Құранда, пайғамбарымыз
Мұхаммедтің хадистерінде көрсетілген қағидаларды басшылыққа алып, міндетті бес парызды мүлтіксіз орындаса, екі дүниеде бірдей абыройға кенеледі. Алла тағала өзінің пенделері үшін құлшылық етудің ерекше кезеңдерін белгілеп берген. Осы кезеңде атқарған
Құлшылықтардың мән - мағынасын зор, айрықша сауапты болады. Соның бірі - қасиетті Рамазан айы. Бұл турасында Құранда айтылған:
« Рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын.» (Бақара сүресі)
Біздің баршамыз аман - есен осындай ұлық айдың жүзін көргеніміз үшін кеудеміз шаттыққа толып, жаратушы иемізге алғыс айтуымыз керек. Осы ұлық айдың жүзінде кеудемізді күнәқарлық пен пендешіліктің тұтқынынан босатып, Исламның нұрлы жарық жолына бағыттауымыз керек.
Тәубешілік айы. Қасиетті Рамазан айында әрбір күнакар пенде бұл өмірде жасаған неше қилы орынсыз әрекеттері үшін - әуел бастан жаратушы Иеміз тиым салған жолмен жүрмей, аяқтарын бұрыс басқан жаңылыстарына кешірім сұрап, тәубеге келуді есінен шығармағаны жөн. Өйткені сен жаратқан Иенің мейірім - шапағаты ерекше мол. Қандай күнәңді кешіремін, жеңілдік жасаймын десе де ықтияры өзінде.
Бірақ Алла қандай күнә жасасам да кешіре береді екен деп, әсте қамсыз қалуға болмайды. Шын ниетімен тәубешілікке келген әрбір мұсылман мынандай үш шартты сақтауы тиіс:
1. Тура жолдан шығуды тоқтату.
2. Істеген күнәларынан опық жеу.
3. Қайталамау.

Егер осы көрсетілген шарттардың біреуі бұзылса, сіздің тәубаңыздан түсетін пайда екіталай болуы мүмкін.
Пайғамбарымыздың айтқан Хадисі бар:
«Құдіретті күшті ұлық Алламыз құлдарының жаны алқымға келгенге дейінгі тәубасын қабылдайды.»
Қазақтың: «Садақаңды сауыңда бер» деген нақыл сөзінің мағынасы да осыған саяды.
Қасиетті Рамазан айы - тәубаға келудің ең қолайлы кезеңі екенін ұмытпайық.
Кешірім мен кеңшілік айы.
Өзі сияқты өзгеге әрдайым жақсылық жасау, қайырым көрсету - шын мұсылман адамға тән қасиет. Сондай - ақ біреу саған зайыр қиянат көрсетіп, көңіліңді қалдырса да, оған кешірім жасап, қиянат жасаушы Алла алдында жауап бермейді, жазаға тартылмайды деген қорытынды шықпайды.
Өзгелерге қайырым жасаушыға, кешірімшіл болғанға, құдайдың қаһарынан қорыққанға Алла тағала бұл дүниеде жаннаттан жайлы орын дайындап қоймақ. Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көретіні Құранда айтылады. Пайғамбарымыздың Хадисінде де:
«Егер кешірімшіл болсаң, Алла сенің мәртебеңді өсіреді»деген сөзі бар.
Өзіңе қиянат жасаған адамнан кек қайтаруға ұмтылу - мұсылманшылыққа жат мінез. Әсіресе Рамазан айында мұндай теріс мінезге жол жоқ.
Қайырымдылық пен жомарттық айы.
Ең қайырымды, ең мейірімді, ең жомарт Иеміз өзі жаратқан пенделерінің де қайырымды әрі жомарт болғанын қалайды. Қасиетті рамазан айында мұсылман баласы бір - бірімен қайырымдылық, жомарттық жөнінде жарысқа түссе жарасады. Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммедтің ерекше қайырымды, асқан жомарт адам болғандығы сунналарда жиі айтылады.
Ораза ұстаған мұсылмандарға құрмет көрсетіп, соларға қызмет істегендер - ораза істегендермен бірдей сауапқа батады. Мәселен ауыз ашарға шақыру, сәресі дайындап беру - осындай істерге жатады.
Рамазан айында мешіт айналасында, әйтпесе өзгеде де оңтайлы жерлерге( алаңдарға, асханаларға) мол дастарқан жайып, ауызы берік кісілерді кешкі асқа шақыру - көптеген мұсылман мемлекеттерінде кездесетін жақсы дәстүр.
Рамазан айының соңына таман зекет(Пітір, садақа) беру рәсімі басталатыны мәлім. Осы зекеттен дүние мен қаржыны, малды кедей - кембағалдарға, қаріп-қасірлерге бөліп берудің маңызы зор. Бұл әрі қайырымдылыққа, әрі жомарттыққа жатады.
Қасиетті рамазан айында әрбір мұсылман:
1 Аш - арық кедейді тойдырып тамақ беруге;
2 Жетім - жесірдің маңдайынан сипап, көз жасын құрғатуға;
3 Әлсіздің қолтығынан демеп жіберуге;
4 Қапалының жүзіне күлкі ұялатуға міндетті;
Қайырымдылықтың бұдан басқа да түрлері жеткілікті.
Құран айы.
Рамазан айында мұсылман баласы жаппай Құран оқумен айналысса болады. Өйткені;
«рамазан - адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын, жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай.»
Жәбірейіл періште осы рамазан айында күн сайын түн мезгілінде пайғамбарымыз Мұхаммедке Құран аяттарын алып келіп, үйретеді екен. Рамазан айы туғаннан жомарт, көңілді болып кетер еді.
Егер мұсылман күндіз ораза ұстап, түнде Құран оқумен айналысса, қиямет күні оны екі түрлі қорғаушы қамқорлыққа алады. Ораза мен Құран осындай пендеге кешірім жасалып тамұқтан құтылу үшін тілек тілейді. Әрі бұл тілекті Алла қабыл көреді.
Рамазан айының негізгі сауаптары
Бұлар бірнешеу;
1 Рамазан айында жұмақтың есіктері ашылып, тамұқтың есіктері жабылады.
2 Ораза ұстағандардың бұрынғы істеген күнәлары кешіріледі.
3 Осы айда болатын Қадір түнінде ғибадат етудің сауабы мың ай бойы құлшылық етуге барабар деп саналады.
14 658
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрбан айт – қасиетті мереке
Құрбан айт – қасиетті мереке
Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру.
Адам ата (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Адам ата (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Алла тағала күллі әлемді бір күнде жаратты. Адам баласы мен жан - жануарлар және бүкіл тіршілік өмір сүруі үшін бар қажетті нәрселерді пайда қылды.
Құран және ислам негіздері
Құран және ислам негіздері
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп МКМ Тарих пәнінің мұғалімі Казербаева Гульнар Кулжабаевна
Діни әңгімелер. Қасиетті құран кәрім жайында
Діни әңгімелер. Қасиетті құран кәрім жайында
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік аулы, №55 С. Қожанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кембілбекова Гулзина
Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім жайында
Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім жайында
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарасу ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абишева Айсулу Даирбековна
Тиін
Тиін
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 3-сынып оқушысы Кеңес Рамазан Болатұлы Ұстазы Темірбаева Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×