Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


22 наурыз мерекесіне арналған сценарий "Қош келдің, Наурыз!"

28 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, Наурыз! (презентациясымен)
Мақсаттары: Оқушыларға Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т. б.

Барысы: а) Ұйымдастыру
ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.
І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру

Мұғалім: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күніне сәйкес келеді Наурыз кезінде наурыз көже дайындалады.
Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Жарапазан туралы түсінік. Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Ұлыс береке берсін, Пәле-жала жерге енсін Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларды қарсы алайық. Оларға риза болғандар құрт - ірімшік ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек орамал байлайтын болған. Айтамыз жарапазан отбасыңа, тілейміз денсаулықты бас - басыңа Тілесек денсаулықты бас - басыңа, амандық келер әр күн отбасыңа. (Сый-сияпат беріледі). Наурыздың 21 түні даланы Қыдыр ата аралайды екен. Сол себептен осы түн «Қыдыр түні»деп аталады Қыдыр түні ыдыс атаулыны ырысқа (бидай, күріш), аққа ( сүт, шұбат, қаймақ) кәусар бұлақ суына толтырған. Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата бере ді.

Жүргізуші: Бекзада 1. Қош келіпсіз, құрметті ата - аналар, Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған. Балғын шақты біз бақытты балалар! Күй:«Ата толғау» Н. Тілендиев. Жүргізуші: Айсәуле «Ұлыстың ұлы күнінде»
«Оң болсын, - деп, - ұлысың!»
Төс түйісіп көрісер.
Көжедегі ырысын
Көпшілікпен бөлісер.
Төс түйісу дегені -
Тату болсын ел іші.
Бөліп ішу көжені -
Тоқшылықтың белгісі.

1 - жүргізуші: Бекзада
Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түні теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
2 - жүргізуші: Айсәуле
Құрметті, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 - жүргізуші: Бекзада
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.

2 – жүргізуші: Айсәуле
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың Ару көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.
Көктем ару. Әзима
Армысыздар халайық,
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы,
Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын. (Ән. «Наурыз». Әні: М. Ілиясовтікі). Бекзада:

Көрініс. Күн мен Түн шығады ортаға.
Күн: Мөлдір Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Асылжан Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек бірақ. Бекзада: Ортада 2 «д»сынып оқушылары бүгінгі мерекеге арналған өлең шумақтарын оқиды.
1 - оқушы: Бекзат
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, Наурыз!

2 - оқушы: Асылжан
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.

3 - оқушы: Диана
Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!

4 - оқушы: Наурыз
Сағынтып келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанға елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
5 - оқушы: Мөлдір
Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз құтты болсын!.

НАУРЫЗ БЕЛГІЛЕРІ Гүлсәт
Наурыз айында мал төлдей бастайды. Оны ешкімге сыйға бермейді, сатпайды. «Наурыз төл» деп атайды.
Наурыз күні ұшып келетін көктем құсы – «Наурызкөк».
«Наурыз шешек» - өте бағалы өсімдік. «Қызыл кітапқа» енген.
Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп қуанған. «Наурызша» - деп атаған.
Бұл күні 7 түрлі дәмнен «Наурыз көже» пісіріледі
«Наурыз тілек.» Әр адам өзіне, от басына немесе жақын туыстары мен дос жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір бірінің үйіне кіріп дәм татады.
«Наурызнама»- шат шадыман ойын – сауық той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. «Наурыз бата.» - Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі - осы Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі.
Мұғалім:
Оқушы: Дамир
Сәнді көктем – Наурыз,
Наурыз тойы – жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын күн мен ай,
Құтты болсын Наурыз той!

Х. Наубетов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
47 605
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Жыл басы Наурыз
Жыл басы Наурыз
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүріне дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Қош келдің – Наурыз!
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×