Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз- жыл басы!

23 ақпан 2013, Сенбі
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға Наурыз жал басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ата - ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтандыру. Қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме т. б.
Барысы: а) Ұйымдастыру
ә) Тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру.

І. Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп». Жалпы мұсылман жұртына ортақ ораза, құрбан айттарын есептемегенде, біздің қазақта жалғыз - ақ мейрам бар, ол - Наурыз. Қазақ халқы айранға бай болғанымен, мейрамға жарлы екндігі осыдан көрінеді.
Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Енді, міне осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін!

Ақбота: Қош келіпсіз, құрметті ата - аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!

Мунира: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.
Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата!(Қызыр ата бата береді).

Қызыр ата Қадыр: Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын.
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын!(әумин)

Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, біздің қазақ өнерлі халық, өз өнерін халыққа паш етуді жаны сүйген халық. Қазір қонақтарға, Қызыр атаға балалар өздерінің өнерлері мен білімдерін көрсетпек.
(Балалардың шағын сайысы)
Осы кезде «Тазша бала» дорбасының ішінен нөмірленген асықты оқушыларға үлестіріп береді. Содан соң осы асықтың нөмірін атап, сұрақтар қояды.
Қошақан тобы: № 1. Наурыз дегеніміз не?
№ 2. Наурыз туралы қандай мақал - мәтел білесіз?
№ 3. Наурыз турал ән немесе өлең айт.
№ 4. Жеті қазынаны ата.
№ 5. Наурыз көжеге нелер қосады?

Ботақан тобы: № 1. Шұбат дегеніміз не?
№ 2. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады?
№ 3. Қымыз дегеніміз не?
№ 4. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.
№ 5. Наурыз көже дегеніміз не?
Айдана, Мунира,
Ернұр, Расул, Аружан

Уа, халайық, құлақ сал!!!
Жақсылыққа қашанда,
Жан баласы тоймаған,
Жаңа жылдың басы деп,
Жылда бізбен тойлаған.
Шашу шашып көл - көсір,
Көжесі қазанда қайнаған.
Топтардың сұрақ - Ботақан тобы:№ 1. Шұбат дегеніміз не?
жауаптары: Қошақан тобы: № 1. Наурыз дегеніміз не?

Мұғалім: Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз жөже әкелді. Қош келдіңіз, әже!

Әже Амина: Наурыз құтты болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Топтардың сұрақ - Ботақан тобы:
№2. Төрт түлікке қандай жануарлар жатады?
жауаптары: Қошақан тобы:
№ 2. Наурыз туралы қандай мақал - мәтел білесіз?
Тоғжан, Ілияс «Танго» биі.
Ажар: Жоғарыға шықсын қонақтар.
Келіп тұрған алыстан.
Құттықтайды сіздерді,
Наурызда бізбен қауышқан.
Топтардың сұрақ - Ботақан тобы: № 3. Қымыз дегеніміз не?
жауаптары: Қошақан тобы: № 3. Наурыз турал ән немесе өлең айт.
Ақбота, Нұрай, «Айгөлек» әні
Ақниет.
Гүлжан: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Кезелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.

Топтардың сұрақ - Ботақан тобы: № 4. Наурыз туралы ән немесе өлең айт.
жауаптары: Қошақан тобы: № 4. Жеті қазынаны ата.

Расима «Испан» биі
Ақбота. «Ертегілер» әні
Топтардың сұрақ - Ботақан тобы:№ 5. Наурыз көже дегеніміз не?
жауаптары: Қошақан тобы: № 5. Наурыз көжеге нелер қосады?

Ильяс: Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман - есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!

Мұғалім сөзі: Осымен даярлық тобының «Наурыз жыл басы!»атты тәрбие сағаты аяқталды. көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын!
27 865
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім бере отырып, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жақсы екендігін ұғындыру; Наурыз мейрамын сипаттау арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Қош келдің көктем!
Қош келдің көктем!
Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Наурыз - жыл басы
Наурыз - жыл басы
ШҚО, Аягоз қаласы, "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ даярлық тобының тәрбиешісі Садвакасова Гульнур Турарбекқызы
22 наурыз мерекесіне арналған сценарий "Қош келдің, Наурыз!"
22 наурыз мерекесіне арналған сценарий "Қош келдің, Наурыз!"
Наурыз - жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×