Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз тойы

05 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы.
(«Қош келдің, Наурыз!» Міржақып Дулатов, «Наурыз». Өтепберген Ақыпбекұлы).
Сабақтың мақсаты:
1. Өлең мен мәтін мазмұнын байланыстыра түсуге, ұлттық мерекеміз – Наурыз туралы түсініктерінің кеңеюіне мүмкіндік беру.
2. Әдеби - теориялық талдаулар, тіл дамыту, сөздік қорларын байыту, өздік және шығармашылық жұмыстар еркіндігіне мүмкіндік жасау.
3. Халқымыздың бойындағы ұлттық түр мен мазмұн байлығына үңілу арқылы жақсылық пен әдемілікті түсінуге ұмтылдыру.
Көрнекілігі: суреттер, қосымша материалдар, плакат, маркер, тақта.
Түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, сұрақ - жауап, көрнекілік, «түртіп алу» стратегиясы.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Ауылдарға бөлу:
Шаңырақ ауылы
Өнер ауылы
Көңілділер ауылы
2. Үй тапсырмасын пысықтау.
«Мен саған, сен маған»
3. Қызығушылықты ояту.
- Бүгінгі сабағымызды мынадай бір әңгімеден бастағым келіп тұр:
«Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттерге арнап соғымның соңғы етін уызға салып пісіріп, «ұйқыашар» деп аталатын ерекше дәм дайындайды. Ал жігіттер болса қыздардың қол ақысының қарымтасына айна, тарақ, иіссудан тұратын «селт еткізер», «дір еткізер» деп аталатын сыйлықтарын ұсынады. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иіссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі» - қалай ойлайсыңдар бұл қай мерекеде жасалатын жоралғы? Бұрын - соңды мұндай әдет - ғұрыпты естігендерің бар ма?
Кәрі қыстың зәрі сынып,
Басылғанда дауылы сәл.
Отырғызған нәлі шыбық,
Сенің атың – Наурызтал.

Өзгеруге өте бейім,
Ақ жұмыртқа – сары уыз хәл,
Бесіктегі бөпедейін.
Мәпелейін, Наурызтал,
Тамыр тартып әуелей бер,
Мәуелей бер, Наурызтал.

- Қалай ойлайсыңдар, неліктен сабақты осы бір өлең шумағынан бастағалы отырмыз?
Наурыз мерекесі туралы қысқаша мәлімет беріп, өздерінің білгендерін сұрау.
Қажет дерек
Видео ролик көрсету
«Наурыз – парсы тілінде «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн – біздің ата - бабаларымыз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеліп, бұдан былай күн түннен ұзара береді. Ұлыстың ұлы күні әрбір адам бұрынғы реніш, өкпе - наздары болса, бәрін кешіріп, бірін - бірі мейман етеді».
Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – наурызкөже. Наурызкөже жеті түрлі дәмнен жасалады. Оның мәні – жаңа жылда тойымшылдық, молшылық, мәнді де татымды өмір болсын деген ырымды тілекті паш ету.
- Наурыз айында Жер - Ана бусанып, көк шыға бастағанда наурызтал егіледі.
- Наурыз мерекесінде жасалатын тағы қандай салт - дәстүрлерді білесіңдер?
- Аталғаннан басқа тағы қандай қызықты жөн - жоралғылар бар екен?

4. Мағынаны тану.
«Қош келдің, Наурыз!» мәтінінің авторымен таныстыру. Мәтінмен танысу (1, 2 - абзацты оқу):
Іштей оқу.
Мәтіндегі мерекеге байланысты өздері үшін жаңалық болған деректерді «түртіп алу».
Мәтінді үш бөлікке бөліп ауылдарға тапсырма беру
1 - бөлім Шаңырақ ауылы
2 - бөлім Өнер ауылы
3 - бөлім Көңілділер ауылы
Ө. Ақыпбекұлының «наурыз» өлеңін іштей оқып, мазмұнын түсіну. Оқушылардың әсерлі, мәнерлі оқуын сұрау.
Әр ауылдарға тапсырма беру
- Өлеңді қандай дауыс ырғағымен, қандай интонациялық кідірістермен оқу керек деп ойлайсыңдар? Егер ақырын, бәсең дауыспен оқысаңдар, өлеңнің мазмұнындағы негізгі ой қалай сезілер еді?
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша өлеңдегі көктемгі табиғат өзгерісін, Наурыз мерекесінің ерекшелігін қандай сөз тіркестері арқылы бергеніне белгі қойып, дәптерге жазып алу. Осы сөздердің ішінен қалаған 2 - 3 сөзді пайдаланып, өзіңше Наурыз мерекесін сипаттап бір сөйлем жазу.
Әр ауылдар бір – біріне сұрақтар қою
- Балалар, адам өмірі неліктен табиғатқа бағынышты?
- Қазақ халқы бұрынғы заманда малсыз өмір сүре алмаған. Ал қазіргі заманда малсыз өмір сүруге болар ма еді?
- Наурызда неліктен «шаруаның бір малы екеу болады»?
- Балалар, бір мереке туралы өлең және мәтін оқыдық. Өлеңде оқиға бар ма? Дәлелдеу.
- Сонымен, Наурыз қандай мейрамға жатады:
Тест жұмысы
А) дін мейрамы
Ә) ұлт мейрамы
Б) мемлекет мейрамы
В) дүниежүзілік мейрам. Дәлелдеу.
- Балалар, «Наурыз мерекесі – еңбек мерекесі» деп аталуы неліктен? Сабақ басында оқылған Наурызтал туралы өлеңмен байланыстыру.

5. Ойтолғау.
- Балалар, бүгін сабақта не үйрендіңдер?
- Оқыған мәтін мен өлеңнің қайсысында мерекелік көңіл күй басым?
- М. Дулатовтың жазғанын мәтіннің қай түріне жатқызуға болады? (Қазақ тілімен байланыстыру).
1. Өнер ауылы – мерекелік өнер көрсету.
2. Шаңырақ ауылы – Наурызкөженің жасалуын түсіндіру (қолдарында плакат, маркер, т. б.)
3. Көңілділер ауылы – наурыз күнгі ойындардың тізбесін жасау, 1 - 2 түрін түсіндіру.
6. Сабақты бекіту.
- Мәтіннен қазақ халқының ертеректегі тіршілігі туралы не білдің?
- Күн мен түннің теңелуі дегенді қалай түсінесің?
- Наурыз кезіндегі дала бейнесін ақын немен салыстырады?
Эссе жазу

7. Үйге тапсырма.
Туған туыстарға мерекеге байланысты тілектер жазу.
Бағалау.
Ауыл басшылары ауыл адамдарының еңбектерін бағалау.
7 934
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Наурыз туралы өлеңдер (Қысқа мерзімді жоспарлар)
Наурыз туралы өлеңдер (Қысқа мерзімді жоспарлар)
Наурыз өлеңін оқып, ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×